БІЗГЕ КЕРЕГІ – ҰЛТШЫЛДЫҚ БОЛАР

  • 28.05.2019
  • 819 рет оқылды
  • Пікір жоқ

«Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған Сәбетқазы Ақатайдың «Ұлтсыздық, ұлтшылдық һәм ұлтжандылық» атты мақаласына орай, Досмұхамет Кішібеков жазған сын мақаланы оқыған соң («Қазақ әдебиеті», 15 мамыр 1998 ж.), осы тақырыпқа таласы бар адам болуым себепті менің де өз ойымды ортаға салғым келіп отыр.
Сонымен, бізге керегі ұлтшылдық па, әлде ұлтжандылық па? Сәбетқазы Ақатай ұлтшылдықты сананың жоғары деңгейіне, ұлтжандылықты төменгі деңгейіне жат-қызады. Досмұхамет Кішібеков: «Азаттық үшін, тәуелсіздік үшін күресте, баска елдің өктемдігіне қарсылық көрсетуде ұлтшылдық ауадай қажет, елді біріктіретін ұран іспетті. Бірақ оны ұдайы қолдана берсек, санның сапамен қатынас мөлшері бұзылады» дейді. Автор осы ойын сабақтай келіп: «Ұлтшыл емес, ұлтжанды болу керек» деген байлам жасайды.
Біздің пайымдауымызша, ұлтшылдық – о баста ұлтпен бірге жаралған ұғым. Ол – ұлттың бойындағы сана-сезімнің жиынтығы. Ал, ұлтжандылық – ұлтшылдықтың бойынан жырып алынып, қолдан жасалған жасанды ұғым.
Коммунистік партия кезінде ұлтшыл-дықтан асқан айып, күнә жоқ еді ғой. Сон-дықтан, біз одан өлердей қорқатынбыз, ат-тонымызды ала қашатынбыз. Ұлты-мыздың ең карапайым белгілерінің өзін «ұлтшылдықпен ешқандай қатысы жоқ» деп, Мәскеудің алдында ақталып, әлекке түсіп жататынбыз. Ал, енді, демократияның заманы туып, өз ұлтын сүю, құрметтеу айып пен күнә болудан қалып, әспеттеле бастаған кезде, бұрын ұлтшылдыққа жатқызып қаралған нәрселеріміз енді, құндылыққа айналып жатқан тұста, «біз ұлтшылмыз» деудің орнына, «біз ұлтжандымыз» деген жаңа ұғымды ойдан шығардық.
Амалдап күн кешкен кезімізде алға шыққан «ұлтжандылық» та бүгін «ұлтшылдықтың» баламасы ретінде, онымен тең дәрежеде қолданылса, оның ешбір ағаттығы бола қоймайды. Мәселе оған біздің қандай мағына беруімізге байланысты.

Айтан НҮСІПХАНҰЛЫ,
«Қайғыңды, қайран қазақ арқаладым…», 1998 ж.

Алдыңғы «
Келесі »