Қызылқұм шөлі

  • 28.05.2019
  • 181 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қызылқұм шөлі – Әмудария мен Сырдария аралығындағы қыл-танақсыз құмның төсі. Құмды алқап, соғымға оранған дала, құмның екінші тынысы секілді сөздермен сипаттауға болатын бұл жерді бар сырын ішіне бүгіп, тымырайған Қызылқұм ретінде танимыз. Енді, Қызылқұмның сусыма құмы мен құладүз даласында жатқан сырын анықтайық. Бұл өлкеде сіз қырқалы-ұялы құмтөбелерді, бозғылт қоңыр, құмдақты қызғылт және сұр, сортаң топырақты, көктемде ғана гүлдеп, жаздың басында құмның қатты аптабы мен ыстық желінен құрғап, кеуіп қалатын өсімдіктерді, ұшы-қиыры жоқ құмайт далада бүкіл қой-ешкі, жылқы-түйесі құм арасындағы жайылым-жайылымда екенін көресіз. Көктемде құм төбелері арасында шағын көлшіктер мен уақытша ағатын шағын өзендер, жылғалар пайда болады. Егер жазғы уақытта шөлді алқапты бірқалыпты және мұңлы деп сипаттауға болса, көктем кезінде бұл өңірдің бейнесі өзгеріп салады, себебі, бай өсінді аз уақытқа болсын қызыл құмдарды сан алуан түске бояйды.
– Осындай өлкеде ұлтымыздың мақтанышына айналған Ұлы Отан соғысындағы батырларымыз дүниеге келген. Абылай Әлімбетов Батыр атағына Брянск, Украина жерлерінде өткен ұрыстарда көзсіз ерлік көрсеткені үшін ұсынылған. Тоғанбай Қауынбаев қатардағы жауынгер. Днепрден өту кезінде асқан ерлік жасап, көзге түскен.
– Соғыс демекші… Орта Азияның қақ ортасында көсіліп жатқан Қызылқұмда төл тарихымыздың қатпарынан сыр суыртатын жәді-герлер табылды. Тарихшылар есептеуінше, бұл дүниелердің мерзімі XVIII ғасырдың басына сәйкес келеді. Ол мезгіл – «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама» атанған уақыт. Жоңғар шапқыншылығының сал-дарынан қазақ халқының қы-рылып, жұт пен ашаршылықтың құрбанына айналып кете барған кезі. Бұл заттар аяусыз қақтығыстар шалғайда жатқан Қызылқұмда да жалғасын тапқанының дәлелі. Ендігі жерде шөл далаға қа-зақ батырларының қандай мақсатта барғанын тарихшылар анықтауды мұрат тұтып отыр. Тымырайған Қызылқұмның не бүккені бар? Бұл сұрақтардың барлығы да жауабын күтеді.
– Осындай қиын-қыстау, аш-тық заманында қазақ халқының қырылып, жұт пен ашаршылықтың құрбанына айналмаудың жолын іздеген бір аңшы арқар аулап, бүкіл ауылды аман сақтап қалған кездер де болған. Өр мінезді, таудың рухы болып табылатын ай мүйізді арқарымыз туралы сөз қозғамай тұрып, алдымен, адам мен арқарға байланысты «Егемен Қазақстан» ұсынған аңызды еске салайық. Ақтабан шұбырынды заманында қазақтар қалмақтан жеңіліп жер ауып бара жатады. Еңбектеген баласынан қартайған кемпір-шалына дейін басы ауған жаққа босқан, байтал түгіл бас қайғы дейтін шақ еді бұл заман. Зұлматтың зардабын шегіп, ішерге ауқаты жоқ, «Елім-ай» деп зар жылаған, емшектегі баласы бар келіншек жүдеп-жадап, нәрестесін көтеріп жүруге де әл-дәрмені қалмаған соң күйеуі: – «Бала белде, қатын жолда» дейді қазақ, қайтесің, қалдыр баланы, ілес көшке, бір жотаның басына тастап кет, әйтпесе көштің соңында қаласың, – деп келіншекті өз баласын амалсыз қалдырып кетуге мәжбүрлейді. Әйел бауыр етін қимай тұрса да тастың басында жылап-сықтап, жөргекке ораулы сәбиін жатқызып кетеді. Бірақ, біраз ұзаған соң, жүрегі езіліп баласын ойлайды. Не болды екен деген оймен күйеуінің барма дегеніне қарамастан, тастап кеткен жеріне қайта оралады. Жақындаған кезде бір жануар баланың қасынан ұзай береді. Сөйтсе, арқардың аналығы аш баланы емізіп, сүтке тойдырып кетіп барады екен. Әйел қуанғанынан баласын қолына алып, көшті қуып жетіпті. Сол аман қалған баланың есімі Мотыш екен. Ол адам әулие, өте ақылды, абыройлы ел атасы болған. Ұлы Абай еліндегі тобықты тайпасының үлкен бабасы атанып, белінен Мотыш деген рулы қауым тараған. Бұл аңыз қазақ арасындағы арқардың қадір-қасиетін айғақтай түссе керек. Бүгіндері осы арқардың негізгі түрлері тек Қазақстанда ғана сақталып қалған. Солардың бірі Қызылқұм арқары. Арқар қазақ табиғатына, қазақы болмысқа бір табан жақын жануар. Соған қарамастан, бұл жануар жоққа таяу, Қызыл кітапқа енген. Қызылқұм арқары қорғауға алынып, «Жойылып кету қаупі бар жабайы жануарлар мен өсімдіктерді сату туралы ха-лықаралық конвенциясына» және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Малмен көзін ашып өскен қазақ баласына жалпы тіршілік иесіне, табиғат төліне қатыгездік, қиянат жасау – мүлдем жат нәрсе. Сондықтан да Қызылқұмның ар-қарын сақтай алмауымыз бізге ұят нәрсе. Осы пайымым сіздерге құмның бар байлығы мен сұлулығын құлақпен емес, көңілмен сезіндірді деген үміттемін.

Мөлдір Нұрболатқызы

Алдыңғы «
Келесі »