«МАҚСАТЫМЫЗ – АЗАМАТТАР СЕНІМІН АҚТАУ»

  • 19.03.2019
  • 163 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Ұлы Абай айтқандай, уақыт дұрыс жолға жетелеп ерінбей еңбек етіп келе жатқан Берік Біләлов – жеті қырлы, бір сырлы, үлгілі басшы, еңбекте талантты, шешімде әділетті, қоршаған ортасында кішіпейіл, өткір пікірлі, өз айтқанын мүлтіксіз орындай білетін, есімі өзіне де, сөзіне де сай адамгершілігі мол абзал азамат. Бұл тұрғыдан алғанда, құқық қорғау саласындағы реформаларды жедел жүргізіп, Елбасының тапсырмаларын мүлтіксіз орындау үшін, осындай көпке үлгілі құқық саласының бірінші басшылары көптеп болғаны абзал. Солтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловпен кездескенде, біздер қойған сауалдарға құқықтық саланың, қоғамдық тәртіптің кез келген мәселесінің сала-саласымен, қалай өрбіп орындалып жатқанын жоғары кәсіби білгірлік тұрғысында жауап бергені осының айқын дәлелі.

– Берік Сұлтанғазыұлы, Сол-түстік Қазақстан облысында ІІД қызметкерлерінің сыбайлас жем-қорлықпен қарсы күресу мәселесі бойынша қандай іс-шаралар атқарылып жатыр?
– Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі біздің қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мұны Елбасының осыған ерекше көңіл бөлуінің өзінен көруге болады. Профилактика мақсатында тұрақты түрде тәрбиелік сипаттағы іс-шаралар жүргізіледі, ондағы басты мақсат мемлекет жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру болып табылады. Жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, ҚР ІІМ-інен келген шолулар, ақпараттық хаттар, сонымен қатар республика бойынша ІІО қызметкерлерінің арасында болған төтенше жағдайлар туралы ақпарат жеткізіліп отырады. Өз қатарымыздағы қылмыспен күресте басқа құқық қорғау органдарымен өзара қарым-қатынасқа ерекше назар бөлінеді.
Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу бойынша ҰҚКД, Сыбайлас жемқорлық қызметінің сәйкес бөліністері және Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп 2019 жылға арналған өзара іс-қимыл жасаудың бірлескен жоспарына қол қойылды. Өзіміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында ішкі талдау жасап отырамыз: оның қорытындысы бойынша соңғы екі жылда жол-патрульдік қызметі батальоны бөліністері қызметкерлеріне толық ротация жүргізілді. Қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында ашық сот отырыстарын өткізу жалғасуда. Былтырғы жылы жеке құрамның қатысуымен 7 ашық сот отырысы өткізілді. ІІО қызметкері жасаған сыбайлас жемқорлықтың бірде-бір фактісі назардан тыс қалған емес. Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған қызметкерлерді полициядан шығарамыз, оның тікелей басшылары атқарып отырған лауазымдарынан босатылады. Бұл тәртіп толық күшіне еңген.
Жұмыстың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында жұртшылық және БАҚ өкілдерін міндетті түрде шақырумен кеңейтілген Тәртіптік комиссия өткізіліп тұрады. Комиссияның қорытындысы бұқаралық ақпараттық құралдарында жарияланады. Сыбайлас жемқорлық профилактикасы үшін қызметтің көптеген салаларында жаңа технологияларды пайдалануға тырысамыз. Қылмыстық істерді электронды форматта жүргізу тәжірибесін барынша сенімді жүзеге асырудамыз. Бүгінгі таңда СҚО электронды жиынтықпен тергеушілер мен анықтаушылардың 73 жұмыс орны жабдықталған, жыл басынан 165 қылмыстық іс өндірісі аяқталды. Электронды формат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және тергеу уақытын қысқартады. Ведомстволық, прокурорлық және сот бақылауы енді жалпы жүйеде қашықтықтан жүзеге асырылады. Соттардың күдіктілерді қамауға алу санкциялары оnline режимінде, оларды тергеу изоляторынан сот ғимаратына әкелусіз жүргізіледі. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі – мәліметтер базасы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл база арқылы әкімшілік хаттамалар «планшетпен» толтырылады. Әрі айыппұлдарды бірден төлеу мүмкіндігі бар. Бұзушылық тіркелген сәттен бастап, оны өндіріп алуға дейінгі жұмыстардың барлығы автоматтандырылған және айқын. Цифрлық форматта жұмыс істеу үшін облыс полицейлерінің қолдарында 88 планшет бар. Патрульдік полиция бөліністерінің қызметкерлері тасымалды бейне тіркегіштермен жабдықталған. Олар полицейлер мен қатар азаматтардың да іс-әрекеттерін тіркейді және құқық бұзушылықты ресімдеу кезінде дәлел келтіру базасы ретінде қызмет атқарады. Осы атқарылып жатқан барлық жұмыстар қызметті ғана жаңғыртып қоймай, полицейлердің санасында жаңғыртуға көмегін тигізеді.
– Құқық қорғау, тәртіп сақшылары жалпы азаматтардың сенімін ақтау жолында қандай жұмыстар атқаруда?
– Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру аясында Полиция департаменті азаматтардың сенімін арттыру, полиция жұмысының ашықтығын және айқындылығын қамтамасыз ету бойынша кең ауқымды шаралар жүргізуде. Бірінші кезекте халықпен тығыз байланыс орнату көзделген. Тұрғындардың өз аузынан жұмысқа берген бағаларын тыңдау және барлығы үшін қолжетімді болу – басшының ең басты міндеттерінің бірі. Азаматтардың сенім деңгейі полиция қызметін бағалаудың негізгі өлшемі болып табылады.
СҚО Ішкі саясат басқармасы жүргізген әлеуметтанулық зерттеулерге сәйкес, 2018 жылы азаматтардың сенім деңгейі 74,3%-ды құрады (2017 жылы – 57%). Десе де, барлығымыз жақсы білеміз, ешбір сан, ешқандай да статистикалық мәліметтер адамдардың сенімін ашып көрсете алмайды. 2018 жылдың ішінде өзім шалғайдағы ауылдарға барып, тұрғындармен кездестім. Барлығы 30 кездесу өткіздім. Оларға 5 мыңнан астам адам қатысты. Кездесулер аясында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарына жауап бердім. Жалпы менің қабылдауларыма 97 адам қатысты. Осыдан бөлек, Полиция департаментінде 48 қабылдау өткізіп, оларға 263 адам келді. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында 3 қабылдау өткіздім. Мұнда 10 адамды жеке сұрақтарымен қабылдадым.Барлық өтініштер мен сұрақтарды құзыретіміз шеңберінде қарау бойынша шаралар қабылданды.
Полиция департаментінің жедел-қызметтік жұмысының нәтижелері бойынша облыс тұрғындарының алдында есеп беремін. Бұған бейне-селекторлық режимде аудан тұр-ғындары қосылады. Сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, Департамент жанындағы Консультативтік-кеңесші органның төрағасы мен мүшелері, БАҚ өкілдері қатысады. Дәл осылай облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының алдында департаменттің жыл бойы атқарған жұмыстары туралы, облыс полициясының бөліністерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге бөлінген бюджеттік қаражатты жұмсау бойынша есеп беремін. Жұмысымыздың ашықтығын барынша қамтамасыз ету үшін Департаментте өткізілетін барлық іс-шараларға жұртшылық, үкіметтік емес ұйымдардың, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылады. Барлық іс-шаралар БАҚ-та барынша жария етіледі. Жұртшылық өкілдерін құқықтық тәртіпті сақтауға тарту дәстүрге айналды. Пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен, күзет ұйымдарының, ломбардтар, такси парктерінің жетекші-лерімен, кәсіпкерлермен, білім беру, денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен кездесулер өткізіледі. Полиция департаментінде және барлық аудандық бөліністерде ашық есік күнін өткіземіз. Азаматтарға жайлы болу үшін Петропавл қаласының Полиция басқармасы мен барлық аудандық бөліністерде ашықтық қағидалары мен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында халыққа қызмет көрсетудің заманауи талаптарына сай және мүмкіндігі шектеулі жандарға да қызмет көрсетуге ыңғайлы фронт-офистер ашылды. Ашықтықты қамтамасыз ету аясындағы жұмыстардың нәтижесінде журналистер, депутаттар, «НұрОтан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының өкілдері Полиция департаментін ашық ведомство, ең үздік ведомство деп жариялады. Бұл бағыттағы жұмыстар келешекте де жалғасатын болады. Жылдың басынан қаланың 7 ықшам ауданында азаматтарды қабылдауды жүргізіп отырмын. Жұмысшы кентінде және Береке шағын ауданында екі кездесу өтті. Екеуі де Инстаграм әлеуметтік желісінде тікелей эфир режимінде өткізілді. Азаматтардың өз ауыздарынан олардың шешілмеген мәселелерін тыңдаймыз. Әрқайсысына заң шеңберінде көмек көрсетіледі.
– Полиция қызметкерлеріне тұрғын үй бөлу мәселесі қандай дәрежеде орындалуда?
– Жуырда Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев БАҚ алдында сөз сөйлеп, жеке құрамның басындағы баспана мәселесі туралы айтып өткен еді. Өңірімізде бұл мәселені оңтайлы шешу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, министр оң мысал ретінде біздің облысымызды атап өтті. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде 700-ден астам қызметкер баспанаға мұқтаж. 190 адам пәтерлер мен үйлерді жалға алып тұрып жатыр. Жалпы, тұрғын үйге мұқтаждардың 529-ы – саптық бөліністердің қызметкерлері.«Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес полиция қызметкерлеріне бірқатар әлеуметтік төлемдер қарастырылған.
Кезекті еңбек демалысына шыққан кезде 100 пайыз еңбекақысының сақталуымен 2 айлық ақы мөлшерінде сауығуға арналған бір жолғы жәрдемақы төленеді. Тегін медициналық қызмет көрсету қарастырылған. Департамент басшылығы қызметкерлеріміздің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына көп көңіл бөледі. Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасына Департаменттің бас-тамасымен және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен қатысып жатырмыз, полиция қызметкерлері үшін 75 пәтерлік тұрғын үй бөлінді. Аталған тұрғын үйден «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» ипотекалық несие беруі арқылы жеңілдікпен пәтер сатып алу мүмкін болады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» шоттарын толықтыруда көмек көрсету мақсатында банктағы ағымдағы шоттарына сыйақы аударумен қызметкерлерді көтермелеу қолға алынуда.
2018 жылы Департаментіміздің 50-ден астам полицейі «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша пәтерлер алды. Ведомстволық жатақхана салынып, бүгінде мұнда 60-тан астам қызметкер мен олардың отбасы мүшелері тұрып жатыр. Өздерінің жеке баспаналары жоқ қызметкерлер үшін жатақханада жайлы тұрмыстық жағдай жасалған. Баспана мәселесі, отбасылық-тұрмыстық проблемалары және басқа да сұрақтары шешілген қызметкер өз қызметін адал әрі мінсіз атқарады деп ойлаймын. Бұл жұмыстар үнемі бақылауымызда.
– Еліміздің солтүстігінде орналасқан көне шаһар – Петропавл қаласында былтырғы жылдың аяғында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен ХV өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Сондай-ақ, СҚО-да Қазақстан мен Ресей тәртіп сақшылары қылмыспен күресу мәселелерінде шекаралас ынтымақтастықты талқылағанын білеміз. Осы мәселе төңірегінде айтып өтсеңіз?
– Шекаралық ынтымақтастық аясында Солтүстік Қазақстан облысының және Ресей Федерациясының үш шекаралас облысы – Қорған, Омбы, Түмен облыстарының полицейлері қатысқан Петропавл қаласының бірлескен Үйлестіру тобының отырысы өтті. Сонымен қатар, отырысқа Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы полиция генерал-майоры Игорь Лепеха, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин, еліміздің озық ғылыми қайраткерлері Марат Қоғамов, Айдарқан Сқақов, облыс құқық қорғау органдарының басшылары мен жұртшылық қатысты. Жұмыс кездесуі аясында ресейлік полицейлер Солтүстік Қазақстан облысында полиция департаменті бөліністерін: Петропавл қалалық полиция бөлімінің жедел басқару орталығын; Департаменттің мұражайы мен мұрағатын; Петропавл қалалық полиция бөлімінің фронт-офисін және полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының Көші-қон қызметтері орталығын, учаскелік полиция пункттерін аралады. Заманауи Оқушылар сарайының күмбезі астында екі ел полицейлері әңгімелесуінің басты тақырыбы қылмыскерлерді іздестіру бойынша бірлесе жедел іс-қимыл жасасу, көлік құралдарына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл және криминалистикалық бөліністердің өзара іс-қимыл жасасу мәселесі болды.
Отырысты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов ашты. Өңір басшысы Ресейден келген қонақтарды құттықтап, кездесудің жуырда Петропавлда мемлекет басшыларының қатысуымен өткен шекаралық форуммен тұспа-тұс келгенін атап кетті. Екі ел полицейлерінің тығыз қарым-қатынасы болашақта өз тиімділігін беретіндігін, ең бастысы қазірдің өзінде жекелеген азаматтардың көршілес мемлекетке қашып, заң алдында жауаптан жалтару ниетін басатындығын атап өтті. Қылмысқа қарсы күрес саласында серіктестік қатынастарды нығайту бойынша белсенді жұмыс жасағаны үшін Құмар Ақсақалов шекаралас РФ ІІМБ бастықтары полиция генерал-майоры Олег Ильиныхқа, Юрий Алтынов пен Леонид Коломиецке құрмет грамоталарын табыс етті. Іс-шара қонақтары алғыс хаттар алды. Сондай-ақ, осы жиында атап өткенімдей, жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Ресей ІІО бастамасы бойынша іздеуде жүрген 24 қылмыскер ұсталған. Өз кезегінде Солтүстік Қазақстан облысы үшін Ресей аумағында 13 қылмыскер ұсталған.
Отырыс барысында әріптестер 2019 жылға арналған қылмысқа қарсы іс-қимыл, қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі СҚО Полиция департаменті мен РФ Қорған, Омбы және Түмен облыстарының ІІМБ іс-қимыл жасасу жоспарларына қол қойылды. Екі ел полициясының эксперттік-криминалистикалық бөліністері басшылары сөз сөйлегеннен кейін оң тәжірибе өзара алмасу мақсатында, бірлескен оқыту семинарларын өткізу жөнінде шешімі қабылданды.
Іс-шара соңында ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы, белгілі заңгер-ғалым Марат Қоғамов СҚО ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшелеріне Ішкі істер министрінің атынан алғыс хаттар мен грамоталарды табыстады. Марат Қоғамовтың пікірінше, СҚО ПД жұмыс дәрежесі жоғары бағаланып, ал, қоғамдық кеңес мүшелерінің солтүстік Қазақстандық полицияның қызметін жетілдіру ісіндегі елеулі еңбегі өте атап өтілді.

– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбатты жүргізген
Азамат ОМАРОВ,
журналист

Алдыңғы «
Келесі »