Month: маусым 2019

ТҮРКІЛІК ОРТАҚ ТАРИХТЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҚЫРЛАРЫ

  • 24.06.2019
  • 0
Ханкелді Әбжанов, ҚазҰАУ «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, ҰҒА академигі Азия мен Еуропа құрлықтарын мекендеген халықтар арасында өзіндік мәдениетімен, тарихымен, әлемдік өркениеттегі қайталанбас қолтаңбасымен жаһанға мәлім қауымдастықты түркі этностары құрап отыр. Түркілік алты тәуелсіз мемлекетте, Ресей мен Қытайды қоса алғандағы ондаған елдерде түрлі тағдырмен өмір сүріп жатқан бұлардың саны бүгінде 200 миллионнан асып жығылады. […]

МӘҢГІ ЕЛДІҢ ҰЛТТЫҚ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ

  • 24.06.2019
  • 0
Жанұзақ ӘКІМ, ғалым, Еуропа Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Біздің дәуірімізге дейінгі VIII ғасырда Күлтегін мен Тоныкөктің кезінде пайда болып, он үш ғасыр бойы мүлдем ұмыт қалған «Мәңгі Ел» идеясын іске асыру Ұлы түрк қағанаттарының мұрагері Тәуелсіз Қазақстан мен Түрік республикаларының міндеті. Тұрар Рысқұловтың, «Орта Азия республикалары Қытай мен Ресейге көрші орналасқандықтан, олар тәуелсіздіктерін өзара мықты […]

ӘЛЕМ ҒАЛЫМДАРЫ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТЕГІ МЕН ТУҒАН ЖЫЛЫ ЖӘНЕ МЕКЕНІ ЖАЙЛЫ

  • 24.06.2019
  • 0
Әбсаттар қажы Дербісәлі, ҚР ҰҒА-ның корреспондент- мүшесі, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор 1975 жылы Алматыда тұңғыш рет қазақ жерінің кемеңгер перзенті, отырарлық ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның айтулы мерзімдер календарына кіргізіліп, үлкен салтанатпен аталып өтті. Оның алдында Қазақ ССР Ғылым академиясы Философия және право институты […]

СЫРТҚЫ БАРЛАУ ТАРИХЫ

  • 24.06.2019
  • 0
МИРМАНОВТЫҢ  МАҢЫЗДЫ  МИССИЯСЫ Талай мәрте шетелге арнайы тапсыр-малармен шығып, елге абыроймен оралған көптеген барлаушыларымыздың ерліктері ұзақ жылдар бойы айтылмай келді. Ондай құпия құжаттардың кейбіреулері ғана араға ондаған жылдар салып ашылуы мүмкін, ал, дені жабық күйінде қалады. Қазақ барлаушыларының бірі Әбдіғапар Досекейұлы Мирмановтың өмір жолы осындай құпия қалтарыстарға толы. Сыртқы барлау қызметінің отставкадағы полковнигі Әбдіғапар Мирманов […]

ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

  • 24.06.2019
  • 0
Данияр Қырықбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы – еліміздегі саяси интег-рацияның нышаны. Орталық Конституциялық нормалар мен нарықтық қоғам талаптарына сай, азаматтарға қолайлы негізде 2007 жылы өз жұмысын бастады. Халықтың құжат мәселесін реттеуде орталықтардың ашылуы – үлкен құбылыс болды. Бұрын бір анықтама алу үшін бітпейтін кезек […]

ҚАНАҒАТШЫЛДЫҚ – КІСІЛІК ҚАСИЕТ

  • 24.06.2019
  • 0
Үмбетқан Сәрсембин, философия ғылымдарының кандидаты Адамның кісілік болмысына тән қасиеттердің бірі қанағатшылдық. Адам бойынан табылатын бұл қасиет неден білінеді? Жеке адамды зиялылықтың биігіне жетелейтін осы бір қасиеттің негізінде тәрбие, түсінік, өмірге биік зердемен қараудағы деңгей, имандылық (шынайы діни сауаттылық) сынды асыл қасиеттер (ақыл үлгілері) тұрады. Яғни, ұлттық мүдде ісіне келгенде, қоғамына қызмет етуде айналасына парасатты […]

ЫСТЫҚМҰРТ (ІСТІКМҰРТ) ТАРИХЫ: АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ

  • 24.06.2019
  • 0
Қырықбай Алдабергенов, тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы   Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жуырда маған Екібастұз қаласынан Совет Келдібаев деген кісі хабарласты. Мен онымен былтыр күзде Баянауыл басына Шоң би бабамыздың белгі тасын қою кезінде танысқан болатынмын. «Қырықбай інім, біздер Алқұлға ата-бабаларымызға құлпытас қояйын деп едік. Соған «Жас Алаш» газетінің тілшісі Сайлау Байбосынға бір шумақ өлең […]

АТАЖҰРТТЫ АҢСАҒАН АЗАМАТ

  • 24.06.2019
  • 0
Қазбай Құдайбергенов , Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, Қ.Мұхамеджанов кітапханасының ғылыми кеңесшісі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы: – «Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар» – деген жолдар мені Мұстафа Өзтүрік жайлы мақала жазуға итермеледі. Оның үстіне Мұстафаның өз […]
Бет 1 ден 3123 »