Day: наурыз 20, 2019

ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗҒА БОЙЛАҒАНДА

  • 20.03.2019
  • Пікір жоқ
«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» Әлихан Бөкейханов Кез келген ұлт, халық, ел, мемлекет өркениет биігіне ұмтылған сайын өзінің төл болмысын зерделеп, сақтап, өрісін кеңейтіп отырудың қажеттілігі арта түспек. Өйткені, өркениеттің өз табиғаты, өз заңдылығы, ұрпаққа қоятын талабы бар. Ұрпақтың өркениеттің заңдылықтарын біліп, одан сүрінбей өтуде мемлекет пен ұлттың болашағына ықпал етіп отыратын […]

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДАҒЫ БАСШЫЛЫҚ

  • 20.03.2019
  • Пікір жоқ
Нұрлыбек Даумов, педагогика ғылымдарының кандидаты, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия директоры Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасында еліміздің білім беру сапасын түбегейлі өзгертуге нақты қадамдар жасалған. Бұл сәт сайын өзгеріп, дамып отыратын қоғам өмірі талаптарынан туындап отыр. Мысалы, Президент Н.А.Назарбаевтың биылғы Жолдауында алдағы уақытта жасалатын жұмыстардың мақсатына нақты міндеттер […]

ТЕРЕҢӨЗЕК СЫРЫ ТЕРЕҢДЕ

  • 20.03.2019
  • Пікір жоқ
Тынышбек Дайрабай, зерттеуші, этнограф, Қазақстан Жазушылар, Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Сырдария ауданы десек, негізінен бұрынғы Тереңөзек ауданы ойға оралады. Өйткені, Тереңөзек ауданы 1926 жылы Қараөзек мал шаруашылығы ауданы негізінде құрылған еді. Сол тұста Қараөзек болысына 34 ауыл қараған. 1926 жылдың 15-17 ақпаны аралығында Қараөзек болысының съезі болған. Болыстықта 268 ер бала, 13 қыз, […]

ТІЛДІ СТАНДАРТТАУ – ИНДУСТРИЯЛЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

  • 20.03.2019
  • Пікір жоқ
Қанағат Жүкешев, зерттеуші Норма болмаған жерден ауытқу басталады. Ағылшын мақалы Тек ауызекі тілде жазу тіл білмегендікті айғақтайды. А.Пушкин Қазақ тілінің ұзаққа созылған, шешуі қиын түйіндерінің объективті себептеріне қарағанда субъективті себептерінің кері ықпалы басым болды. Құбылысты теориялық-тұжырымдамалық келіспен зерттеудің болмауынан, осы уақытқа дейін тіл көші қонысын таба алмай, қатардағы мұғалімнен Президентке дейінгі күллі қазақтың бас сақинасына […]

ТОБЫРЛЫҚ САНАДАН ҰЛТТЫҚ САНАҒА ДЕЙІН…

  • 20.03.2019
  • Пікір жоқ
(діни-пәлсапалық эссе) Абай Мауқараұлы, жазушы-журналист Сана деңгейлері Адам санасының деңгейін саралағандағы Құранның ғажаптығына таңқаласың. Бұл да, Құранның Жалғыз Жаратушыдан жіберілгенін дәлелдейтін бір айғақ. Өйткені, адамдардың өз санасын өзі саралаған өлшемдері үнемі өзгеріп, ескіріп жатады: Ертедегі мифтік өлшемдерде адам санасын құдайлардың санасы мен құлдық санаға ғана бөліп қараған, мұны қазір мойындайтындар жоқтың қасы. Ал, «Тарихи материализм […]

СЫРТҚЫ БАРЛАУ ТАРИХЫ

  • 20.03.2019
  • 16
КЕҢЕСТІК БАРЛАУ Қайыржан ТӨРЕЖАН, журналист Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында іргетасы енді қаланып, басқару жүйесі жаңадан қалыптасып жатқан Кеңес үкіметінің саяси басшылығы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде, шет елдерден құпия мәліметтер жинайтын, сыртқы саясатқа ықпал ететін жоғарғы деңгейдегі барлау қызметін құру туралы шешім қабылдады. «Тек салмақты, дұрыс жолға қойылған барлау қызметі ғана бізді су қараңғыда ағат […]

ПУШКИНДІ ҚЫЗЫҚТЫРҒАН ҚАЗАҚТАР

  • 20.03.2019
  • Пікір жоқ
Серікқали ХАСАН, «Ақиқат» журналының бөлім редакторы Бұл кезде аттылы арба атаман үйінің төбесі қыш кірпіштермен көмкерілген кең қақпасынан әрі қарай шығып та үлгерген еді. Ал, ордалық өнерпаздар болса, өздерінің тағы талайғы көп қызықтарын бұған айтып жеткізіп үлгермегендіктеріне іштей қатты өкінгендей болып, бір бозарып, бір сазарып, соңынан сәл қашықтап, қалып бара жатты… Бірақ, бұның дәл осы […]

«Қилы заман» кітабына кірмей қалған оқиғалар

  • 20.03.2019
  • Пікір жоқ
Жексен Алпартегі, журналист Атақты жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» кітабының бас қаһарманы Ұзақ батыр жайлы әңгімені бала кезде естіп өстік. Ол кезде жазушының кітабы қолымызға тимеген. «Ұзақ батыр былай депті, батыр айтыпты, батырдың шешімі солай болыпты» деген қызықты деректерді көнекөз қариялар айтып отыратын. Сол әңгімелерге біздер жете мән бермеппіз. Себебі, Кеңес заманында «байдың, батырдың тұқымы, […]
Бет 1 ден 212 »