Month: қыркүйек 2018

БЕСІК – ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ ҰЯСЫ немесе оның қадіріне қалай жетіп жүрміз?

  • 25.09.2018
  • 0
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дүние жаратылысына тереңірек үңілсеңіз, адам мен тал арасындағы байланыстың әлімсақтан жалғасып келе жатқанын пайымдар едіңіз. Есіңізге салайық, Адам Ата мен Хауа Анамыз Жұмақ ішіне жіберілгенде баудың ішінде жүрмейтін бе еді. Сонда, оларға Хақ Тағала «барлық жемістен жеулеріңе рұқсат, бірақ, мынаусына тиіспеңдер» деп ескерту жасамай ма? Демек, Алла адам мен […]

КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛДІ ҚҰЛАН ӨҢІРІ

  • 25.09.2018
  • 0
Түгін тартсаң майы шығатын, төскейі төрт түлік малға, етегі егінге толы қасиетті Құлан өңірі еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келе жатқан Жамбыл облысындағы іргелі аудандардың бірі. «Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас» дегендей, осы аймақтан әр жылдары 22 Еңбек Ерінің шыққандығын, әлемдік олимпиада ойындарының 8 жүлдесін жеңіп алуын мақтанышпен айтсақ […]

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТАРИХ

  • 25.09.2018
  • 0
Ханкелді Әбжанов, ҚазҰАУ «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, ҰҒА академигі Биыл ұлы ақын Мағжан Жұма­баевтың туғанына 125 жыл толды. Бұл тойды АҚШ пен Франциядағы, Түркия мен Ресейдегі, Өзбекстан мен Қырғызстандағы, Түркменстан мен Молдовадағы зиялы қауым түрлі ша­ралармен атап өтуде. Өлеңдері ағылшын, әзербайжан, алтай, өзбек, моңғол, башқұрт, қырғыз, түрік тіл­дерінде жарияланып, ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде таныстырылды. […]

ТЕКТІЛІК – АТА ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІ

  • 25.09.2018
  • 0
немесе бабаларымыздың тектілік тағылымы бүгінгі ұрпаққа қандай міндеттерді жүктейді? Үмбетқан СӘРСЕМБИН, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының кандидаты Тарих ұрпаққа ерлікті үйретіп қана қоймай, оның бағасын да беріп отырады. Тарихтағы бабаларымыздың ерлікті қару ретінде пайдаланып, тектілігімен тәуелсіздіктің идеясын қалыптастыруындағы тағылымын тарих бетінде қалған өсиетінен білеміз. Күлтегін жырында айтылған «Биікте […]

ТІЛ ДАҒДАРЫСЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ЕКІДАЙЛЫҚ немесе «мәмбет» пен «мәңгүрттің» сыры

  • 25.09.2018
  • 0
Қанағат Жүкешев, тәуелсіз зерттеуші Қазақ тілі дағдарысының тым ұзаққа созылып отырғаны белгілі. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері мемлекеттік тілді дамытуға көп қаражат бөлінді. Оны экономикалық айналысқа енгізуді көздеген бағдарламалар қабылданды. Бұл мәселе ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік конференцияларда талқыланды. Солай болса да мемлекеттік тілдің қазіргі күйі көптің көңілінен шыға алмай отыр. Дағдарыс қаншалықты терең болғанымен, одан сытылып шы­ғудың […]

ҰЛТ ТҰҒЫРЫ – ТІЛІНДЕ

  • 25.09.2018
  • 0
Шерәлі Біләл, физика-математика ғылымдарының кандидаты, филология ғылымының докторы, профессор Ұлттық тілбілімнің  келешегі туралы Ұлттық тілбілім ілімінің келешегі оны латынға көшіруден бастау алады немесе ұлттық тілбілім ғылымының негізі латынға көшу арқылы қалып­тастатын болады. Яғни, тілбілім ілімі (лингвистика, языкознание) ұлт тілін­де, қазақша сөйлеп, шынайы ғылыми ахуал қалыптасатын болады. Олай болмаған күнде, латынға көшу ешбір қисынға келмейтін берекесіз тірлік […]

ЖАЛҒЫЗДЫҚ ФЕНОМЕНІ

  • 25.09.2018
  • 0
Осы бір жұмбақ әрі көпқырлы құбылыс (грекше phainomenon – «құбылыс», болған, бар нәрсе, яғни, айрықша, сирек оқиға немесе ерекше қасиеттерге ие адам) бұрыннан бар болғанмен, оған деген көзқарас әртүрлі. Біреулер оны теріс құбылыс, жамандық деп біржақты қабылдауға бейім, ал, екіншілері жалғыздық адам үшін қалыпты жағдай, оның пайдасы көп дейді. Дегенмен, қазақ жалғыздықты жек көреді, себебі, «Жалғыздық […]

МҰЗЖҮРЕКТЕР МЕН МҰҢЛЫҚТАР

  • 25.09.2018
  • 0
немесе қоғам мінсіз болсын десең қызыңа қара «Ананың өз сәбиінен бас тартуы – жай әлеуметтік құбылыс емес, әлемдік апат. Қоғамдық мінез-құлықтың бұрмалануы – бір елдің проблемасы емес, адамзаттың проблемасы» дейді Жапония ғалымдары. Ал, бізде өз сәбиінен бас тартқан былай тұрсын, өз қағынан өзі жерініп, әжетханаларға, қоқыс жәшіктеріне шаранасын шырылдатып тастап кеткен оқиғаларды күнделікті көре-көре оған […]
Бет 1 ден 3123 »