Month: тамыз 2018

ИННОВАЦИЯЛАРДА АДАМИ ФАКТОР МАҢЫЗДЫ

  • 28.08.2018
  • 0
Адам қоғам мүшесі ретінде икемді, жұмылғыш, өзгерістерге қабілетті болуы керек. Бұл оның білім деңгейімен, біліктілігімен, қайта оқуға қабілетімен, шығармашылдығымен өлшенеді. Осындай мәдениет «білікті адамды» алып келеді. Адамдар жаңа идеяларға зерек болған сайын, өмірдің барлық саласында жаңалықтарды іске асыруға даяр тұрады. Яғни,  қазіргі заманғы «инновациялық адам» дегеніміз – білікті, жігерлі, іскер, тапқыр, ұжыммен жұмыс істеуге бейім […]

Ақшидегі «жасыл» технология жемісі

  • 28.08.2018
  • 0
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында «Өңірлерде су инфрақұрылымын тиімді басқару» атты пилоттық жобаның ресми ашылу және таныстырылу рәсімі өтті. Бұл жоба Еуропалық Одақ, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, Еуропалық экономикалық комиссия сияқты халықаралық беделді ұйымдардың «Қазақстанның жасыл экономика моделіне өтуін қолдау» атты біріккен жобасы аясында жүзеге асырылды. Ауылдық елді-мекендерде дренажды суларды жинап, оларды экономикалық тұрғыда тиімді пайдалануға мүмкіндік […]

Дала шонжарлары болыстық мансапқа неге ұмтылды?

  • 28.08.2018
  • 0
Біріншіден, өкімет болыс басқару­шысына жақсы жалақы төледі. Екіншіден, бүкіл болыстықтан жиналатын салық алдымен болыс басқарушысының қолына түсті. Ол түскен қаражаттың белгілі бір бөлігін жасырып қалуға мүмкіндігі болды. Оның үстіне 1867 ж. Ереженің 112 параграфына сәйкес болыс басқарушысына өз қарауындағы тұрғындарға белгілі бір айыбы үшін 3 сомға дейін айыппұл салуға құқысы болды. «Кеңсесі» қоржынында жүретін болыс […]

ЕЛБАСЫ МАНИФЕСІ

  • 28.08.2018
  • 0
Зарема ШАУКЕНОВА Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, социология ғылымының докторы, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Тәуелсіздік қарсаңында Қазақстан Республикасының ядролық арсеналы әлемде 4-ші орында болатын. Бізде құрлықаралық баллистикалық ракеталар мен ауыр бомбалаушыларға арналған 1216 оқтұмсық болды. Ядролық стратегиялық күштер кешені ең заманауи жаппай қырып жоятын қару-жарақтан тұратын. Қазақстанда баллистикалық ракеталарды сынақтан өткізетін маңызды нысан, […]

Конституциялық мәдениет Ата заңға құрметтен басталады

  • 28.08.2018
  • 0
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, айрықша маңызды нормативтік-құқықтық құжат.  Конституцияның жоғары заңдық күші бар, басқа заңнаманың барлығы Негізгі заңды басшылыққа алады.  Қазақстан Республикасының тарихында бірнеше Конституция  қабылданғаны белгілі. Қолданыстағы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған басты заңымыз бүгінгі күні Қазақстан Президентінің архивінде көздің қарашығындай сақтаулы. Заманауи қоғамдағы өмірді қамтамасыз етуші негізгі заңның біздің мемлекеттігіміздің дамуындағы маңызы […]

ТҮРКІСТАН ТАРИХЫМЕН ДЕ, ТАБИҒАТЫМЕН ДЕ ТАМСАНДЫРАДЫ

  • 28.08.2018
  • 1
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Түркістан халықаралық дәрежедегі тарихи-мәдени ескерткіштерге бай, тамсандырар табиғаты мол өңірлердің бірі. Облыста 1278 тарихи және мәдени нысандар, 4 ерекше қорғалатын табиғи қорық бар. Заманауи демалыс орындары әр шатқалда бар десек, қателеспейміз. Күні кеше ғана Түркістан есімін иеленген өңір туризм саласын өркен­детуге сұранып-ақ тұр. Мұнда жұрт­шылық, әсіресе, киелі орындарға зиярат […]

АЛАШ ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ немесе неге монархия құлар қарсаңындағы 6 миллион қазақ сілкіністерге толы 16 жылда үш есеге жуық кеміді

  • 28.08.2018
  • 0
Ғалымдардың айтуынша, егер де ХХ ғасыр басындағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін зардаптары болмаса, бүгінгі таңда қазақ ұлтының саны кем дегенде 45 миллион болуға тиіс екен. Сол бір тар жол, тайғақ кешу жылдары халқымыз тең жартысынан айырылды. Бұл «қазақтың әр екіншісі аштан өлді немесе саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды» дегенді білдіреді. 1928 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы малдың […]

БОЛАШАҚ ЕНШІСІНДЕГІ БАЛАЛАР МУЗЕЙІ

  • 28.08.2018
  • 0
Нұрия Сәрсенова, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Өткеннің даналығы – қазіргінің баға жетпес байлығы», – деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.На­зарбаев айтқандай, өткенімізді біл­мей болашағымызға бағдар жасау мүмкін емес. Музей – көнеден қалған жәдігерлерімізді бүгінгі ұрпаққа өнеге етіп, тарихымызды танытатын мә­дениет ошағы. Соңғы жылдары музей ісінде жаңа инновацияны дамыту және ақпараттандыру ісі көрмелерді, мәдени іс-шараларды насихаттауда, […]
Бет 1 ден 3123 »