Day: ақпан 16, 2018

КІТАПХАНА – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ОШАҒЫ

  • 16.02.2018
  • Пікір жоқ
Ғазиза Құдайберген, Алматы қаласы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында:«Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу», – деп мақсат қойды. Әлемнің ең дамыған отыз елінің санатына қосылу шартының бірі – «Жаһандағы заманауи мәдениет» жобасын» іске […]

АЛАШ АРДАҚТЫСЫНЫҢ ҰРПАҒЫ

  • 16.02.2018
  • Пікір жоқ
(Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова жайлы бірер сыр) Бақтияр СМАНОВ, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, профессор «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дейді атам қазақ. Бұған қоса жақсы адамның артында қалған жал­ғыз ілік ұрпақтың өзін де халқымыз «Тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғы» немесе «Асылдың сынығы, бастаудың тұнығы» деп дәріптеп жататыны және бар. Мұны […]

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӘЗІРЕТ МЕШІТІН СУРЕТТЕУ

  • 16.02.2018
  • Пікір жоқ
Мир-Салих БЕКЧУРИН, ресейлік лингвист-ғалым, аудармашы, публицист (1820-1903 ж.) Ұзақ, жылдар бойы жабулы көмбе сынды болып, көпшілігіміз, шын мәнін біле, түсіне бермеген тарихи оқиғалар, ғасырдан ғасырға жетерлік етіп салынған ұлы архитектуралық құрылыстар көненің уезипасы, сондықтан уақыт сарғайтып, архив шаңы тұтқан әрбір тың дерек, құжат біз үшін алтынға айырбастамас асыл қазына. Рухани жаңғырудың бір арқауы – Атамекен. […]

Осы жұрт Жағда Бабалықовты біле ме екен?

  • 16.02.2018
  • Пікір жоқ
Дәулетхан Әлімғазы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Кеңестік тоталитарлық заманды айт­па­ғанда, Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл­дық тарихында «Тұлғатану» атты тарих ғылымының бір саласының дұрыс қалыптаса алмай, кімді дара тұлға – ұлттың бет-бейнесі ретінде дәріптеу керек деген мәселеде қазақбайшылықтан, рушылдық пен жершілдіктен аса алмай келе жатқанымыз бүгіннің ащы шындығы болып […]

МҰХАМЕДЖАН – ҚАРАМОЛДА АТЫЛДЫ МА?

  • 16.02.2018
  • Пікір жоқ
Қазбай Құдайбергенов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, Қалтай Мұхмеджанов кітапханасының ғылыми Кеңесшісі Қазақтың «Тектіден текті туа­ды, тек­тілік тұқым қуады» – деген мақалы бекер айтылмаған. Оны биыл тірі болғанда 90 жасқа толатын қазақтың Қалтайы (Қалиолла) Мұ­хамеджановтың бабаларының өмір жолы арқылы дәлелдеуге болады. Қалтайдың төртінші атасы Қыз бен жігіт айтысының жұмбақ аралас келетін көне түрінің […]

КӨЗБОЯУЫ ЖОҚ КӨРІНІСТЕР

  • 16.02.2018
  • Пікір жоқ
Қуандық ТҮМЕНБАЙ, жазушы Апырмай, өмір шіркіннің бір күнде өзгеріп шыға келгенін қарашы. Құдағи да бұрынғыдай емес, әрең көз салып тұр. Бұрын мұндай емес еді, тіпті, баласының еркін тақырыпқа жазған шығармасын біздің әйелге қаратып алып, асты-үстіңе түсетін. Заман өзгеріп, құда жеке кәсіпкершілік ашып, астына мәшине мініп, үйіне қарауыл ұстағалы бәрі теріс қарап кетті. Сәлемі де сидаң. […]

ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ТӘУБЕСІЗДІК

  • 16.02.2018
  • Пікір жоқ
Бекен Нұрахметов, Қазақстан Журналистер одағы С.Бердіқұлов атындағы сыйлығының лауреаты Көп нәрсе ойламаған жерден болады деген рас-ау. Өз басым бұл тақырып төңірегінде қалам тербеймін деп мүлде ойламаппын. Себебі, еліміздің тәуелсіздігі туралы жеткілікті түрде айтылған да, жазылған да сияқты көрінетін. Шынымды айтсам, кейде тәуелсіздік мәселесі көп қозғала бастаған кезде жаза-жаза жауырыны шығып, таптаурын болған тақырып сияқты қабылдайтынмын.Сөйтсем, […]

ИНДОССАНТ

  • 16.02.2018
  • Пікір жоқ
Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық Ақпараттар академиясының академигі, Мәдениет қайраткері 2016 жылы Өзбекстанда билік ауысты. Тәуелсіздігін жариялағаннан бері мемлекет билігінің штурвалын ширек ғасырдан астам ұстап келген Ислам Каримов өмірден өткелі бұл биліктің тұңғыш ауысуы. Өзбекстан Конституциясының 96-бабына сай, Сенат төрағасы Ниғматулла Юлдашев уақытша президенттің міндетін атқаруы тиіс болса да, ол өз еркімен «тақ […]
Бет 1 ден 212 »