Day: қазан 12, 2017

«АЛМАТЫ БОРАЛДАЙ САҚ ҚОРҒАНДАРЫ» – ҰЛЫ ДАЛА МӘДЕНИЕТІНІҢ БАСТАУЫ

  • 12.10.2017
  • Пікір жоқ
Гизатулла Халидуллин – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық уни­вер­ситеті Алматы қаласының тарихы бүкіл әлем тарихымен тығыз байланысты болғандықтан, мәдениет және сәулеттік стиль қала бірлестігі қала өмірінің қайталанбас жеке дара бейнесін жасақтауға әсер етуде. Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі, қазіргі таңда ол – Орта Азиядағы ірі мегаполистердің бірі, еліміздің қаржы-экономикалық және мәдени […]

Қайырым мен мейірім

  • 12.10.2017
  • Пікір жоқ
Мырзакелді  КЕМЕЛ – экономика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ-ситетінің профессоры. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Отырарлық ғұлама, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл Фараби 948 жылы Египетте жазған «Қайырымды қала тұрғындарының көз­қарастары туралы» трактатында қала тұрғындарының бақытты өмір сүруіне жағдай жасаған жоғарғы билік өнеріне көңіл бөлген. Онда әл-Фараби қайы­рымды қала тұрғындарының жақсы және игілікті […]

Ұлағатты ұстаз, қайраткер ғалым (академик  С. Сартаев  туралы  ой)

  • 12.10.2017
  • Пікір жоқ
Ақмарал Сманова – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  заң факультетінің мемлекет  және құқық теориясы мен тарихы,  конституциялық және әкімшілік  құқық кафедрасы доценті, заң ғылымдарының кандидаты Данышпан Абай: Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз. Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз. Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз, – деп бекер айтпағаны анық […]

АРҒЫ ТҮРКТЕКТІ ТҮЗІЛІМ: БОЛМЫСТЫҚ ТАРИХЫ, ӨМІРЛІК КЕҢІСТІГІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ

  • 12.10.2017
  • Пікір жоқ
Оразбек Нұсқабаев, профессор Кешегі тоталитарлық жүйеде қалыптасқан ресми тарих түбі түрктекті халықтардың жаратылысын қазіргі жыл санаудың VІ ғасырынан әрі асырмайтын. Сол кезеңде сірестіріле таспаланып қалған жазбаларға қарағанда, түрктекті халықтар қазіргі ж. с. VІ ғасырында Алтай таулары аумағында пайда болған. – Оған дейін олар қайда болды? – Қай тектен өсіп-өніп, өрбіді? Бұл сұрақтарға, сондай-ақ, түсініп білуге […]

Сыршыл сыншы (Зейнолла Серікқалиұлының рухына)

  • 12.10.2017
  • Пікір жоқ
Мінуар Әкімханов, ақын Жастайыңнан жақсы көрген бір адамыңнан ойда жоқта көз жазып қалсаң, оның жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, кескін-келбеті есіңнен екі елі шықпайды екен. Мен үшін дәл сондай ардақты адамның бірі – қазақтың белгілі қаламгері, әдебиет сыншысы Зейнолла Серікқалиұлы еді. Осы арада сәл шегініс жасап, әңгімені әріден бастасам деймін. Әдебиетке әркім әртүрлі жолмен келеді. Таразылап, тануымша […]

«Отбасы» ұғымының лингвомәдениеттанудағы мәні

  • 12.10.2017
  • Пікір жоқ
Бағила Мәжит, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс магистранты Біз лингвомәдениеттану туралы айт­қанда, оны – тіл мен мәдениеттің бай­ланысын зерттейтін ғылым саласына жатқызамыз. Бұл мәселеге қатысты пікірлер ежелден-ақ өріс алып, дамып отырған. Мәселен, әлемге әйгілі философтар – Платон, И.Гердер, Э.Канттардың еңбектерінде лингвомәдениеттануға жан-жақты тоқ­талып, әңгімені тереңнен қозғаған. Сол сияқты […]

Алаш руханияты және Абдолла Байтасұлы

  • 12.10.2017
  • Пікір жоқ
Гүлсезім Теміртас, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ХХ ғасыр қазақтың тарихында ең күрделі, қайшылығы да, тағылымы да мол кезең. Бұл кезеңде қазақ халқы жаппай сауаттылыққа жетті, ғылым-білім саласында табыстарға ие болып, дүниежүзілік мәдениеттің биік деңгейіне қол жеткізді, ұлт зиялылары қалыптасты. Бұны ғасыр жемісі деп баға­лаған дұрыс. Сонымен бірге, қазақ халқы кеңес үкіметінің отаршылдық саясатының ық­палында болып, ашаршылық, […]