Day: тамыз 21, 2017

АДАСҚАН ӘДЕБИЕТШІЛЕР (Кербабаұлы Берді мен Бұрынұлы Қаражанның мойындау хатына орай)

  • 21.08.2017
  • Пікір жоқ
Өткен мамыр айының орталарында шықкан Ашхабат газеттерінен, солардың ішінде «Туркменская правданың» 34.05.17 санынан түркістандық әдебиетшілер Кербабаұлы Берді мен Бұрынұлы Қаражанның «мойындау хаттарын» оқыдық. Өздерін еркін, демократиялы ойлардың отаны ретінде көрсеткісі келетін кеңестік Ресейде, «Партияның бас жолынан» бір елі жаза басқан жандар большевиктердің кәріне ұшырап отыратынын, ал одан құтылу үшін әлгі «пүшаймандар» өздерінің кешегі жақын достарын, […]

Рухани жаңғыру– басымдық негізі

  • 21.08.2017
  • Пікір жоқ
Бақтияр Сманов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі ХХІ ғасыр аса өзгермелі, шапшаң дамушы ғасырға айналып отыр. Әлеуметтік жаһандану үрдісі адамзатты қай бағытқа алып бара жатқаны барша жұртқа белгісіз. Әйтеуір, батыс мәдениеті мен өркениеті басымдық таныта бастағаны анық ақиқат. Оның үстіне ғаламда жаңа күш алған төртінші өнеркәсіптік революция ғылым мен техниканы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жедел дамытуды талап […]

ҰЛТ ЗИЯЛЫСЫ КІМ? болмаса Әбу Насыр әл-Фарабидің ізгілікті қоғам жөніндегі идеялары

  • 21.08.2017
  • Пікір жоқ
Үмбетхан Сәрсембин, философия ғылымдарының кандидаты Мемлекетті күшейтіп, тәуелсіздікті қорғайтын қоғам қандай болуы қажет? Бұған қатысты адамзат тарихында Платон, Аристотель, әл-Фараби сынды ірі ойшылдар жауап берген. Кемеңгер тұлғалардың ізгілікті қоғам құру жөніндегі идеялары қашанда өркениетті мемлекеттің үлгісі, өлшемі болып табылады.

ТОЙ, ТОЙ… – ТОЙҒАН ҚАЗАҚ КӨРГЕМ ЖОҚ

  • 21.08.2017
  • 3
Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ, философ Кәсіпкердің мұңы: кәсіпсіз халық тойшыл келеді… Алматыда «Бизнес-бастау» атты кәсіпкерлік ашып, қазақ жастарына кәсіпкерлікті насихаттап, оқытып жүретін, елі мен жерінің патриоты Ахметбек Нұрсила деген азамат тұрады. Осы Ахметбек екеуміз аракідік хат алысып тұрушы едік. Сондай бір әңгіме барысында Ахметбек маған қазақ жастарының «кәсіпкерлікке келуі» өте қиын екендігін айтты: – Біздің жастардың бойында […]

«Той той болмады…»

  • 21.08.2017
  • 3
Өмірзақ Ақжігіт, журналист Қазір – жарқыраған жаз, той-томалақтың нағыз қызған кезі. Рас, темірдей тәртібі бар кеңес өкіметі құлағалы, тойханалар пайда болғалы тойшыл қазаққа күнде той. Баяғыда өзбектер аптаның ортасында қалай той өткізеді деп таң қалушы едік, қазір сол кеп өзіміздің басымызға келді. Себебі, той өткізу үшін тойхана керек, ал, қанша жерден «бүгін тойханалардың дәурені жүріп […]

Қалың қалай, ҚАЗАҚ?

  • 21.08.2017
  • 3
Айнұр Төлеу, журналист Біздің еліміздің болмысын үш тұғырлы тіл ұстап тұрған шығар, ал, ұлттың болмысын тілмен діл һәм дін ұстап тұрады. Ауызға орап айтып өткенімізбен, «діл деген не?» деген сұраққа келгенде нақтылық таппай алақтап, айран-асыр болып қалатын кездеріміз аз емес. Мәдениеттанушылар діл дегенді «менталитет», – деп қарастырып жүр екен. Несі бар, қосылуға болады. Егер, діл […]

КІТАП ОҚУДАН ТЫЙЫЛСАҚ, ОЙ ОЙЛАУДАН ДА ТЫЙЫЛАМЫЗ

  • 21.08.2017
  • 4
Молдағали МАТҚАН, публицист-жазушы Кітап оқудан қалған ұлттың, әсіресе оның ұрпақтары орны толмас ауыр рухани жұтқа ұшырамай, азғындыққа құламай қоймайды. Демек, надан, кеще, мәңгүрт… ел, ұлттың болашағы оңбайды. Өйткені, егерде, біз кітап оқудан тыйылсақ, онда ой ойлаудан да, айналамыздағы құбылысты талдау, барлау қабілеттен де, адамгершілік қа­сиеттен де, тіпті, құнды ұтқырлық атаулының бәрінен де айрыламыз. Сонда, төрт […]

«Бесеудің соты»: отыз жыл өткен соң

  • 21.08.2017
  • 3
Болат ШАРАХЫМБАЙ, журналист Бастау сөз:Кімде кім өткенін ұмытса, сөз жоқ, ол қайталанады. Ұмытқанды тағы бір еске салмақ үшін… Кімде кім өткеннен сабақ алмаса, дәл сондай талайлы тағдырды тағы бір бастан өткізу нәсіп етіледі. Кейінгіге сабақ болмақ үшін… Бұл – қоғамның даму диалектикасының заңдылығы. Өткен ғасырдың 20-30 және 50-60 жылдары аралығында КСРО-ның түкпір-түкпірінде белең алған «қоғамдық […]
Бет 1 ден 3123 »