Бір тақырыптың – екі қыры

Ұлттық идея және БАҚ

Досан Баймолда, Философия докторы PhD , Абай атындағы ҚазҰПУ-нің журналистика кафедрасының меңгерушісі

Ұлттық идеяның қажеттігін, онсыз ұлт нағыз ұлт болып қалыптаса алмайтынын кезінде Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай сынды Алаш көсемдері айтып, оны ту етіп көтерген болатын. Кешегі келмеске кеткен Кеңес империясының қабырғасы сөгіліп, Қазақ елі дербес ел ретінде тәуелсіздігін әлемге алғаш жариялаған күннен бастап, ұлттық идея мәселесі тағы көтеріле бастады.