Бөлім мұрағаты

Бұл Ер Төстік емес

  • 15.08.2014
  • 1
Мырзан КЕНЖЕБАЙ, журналист Құдай қазаққа жер байлығын да, тіл байлығын да, қисапсыз рухани байлықты да аямай-ақ берген. Әттең, біз бүгінде соның бәрін, ата-анадан қалған сол қисапсыз қазынаны оңды-солды шашып, менен кейінгілер не болса о болсын, өзім жастық шағымды шайқап қалайын деп шалқақтап жүрген 21 жастағы желөкпе жігіт сияқтымыз. Онымызға анаған да, мынаған да еліктеп қырық […]

  • 15.07.2014
  • Пікір жоқ
Жанғали Жүзбай, күйші ӨНЕРПАЗ – ӘРТІС ЕМЕС ЕДІ – Тарихтан білетініміз, бұрынғы қазақ қоғамында күйші дегеніміз – батыр, сері, ақын сияқты сыйлы адам болған. Қазіргі қоғамда күйшінің орны қандай? – Дәстүрлі музыкадағы қазіргі жағдайды бір ғана сөзбен сипаттауға болады. Тоқырау. Өйткені, қоғамның сұранысы тек қана жеңіл музыкаға толық ауған. Зұлыстардың (негрлерді айтып отырмын) және латын­америкалықтардың […]

ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ АЛАҢДАТАРЛЫҚ

  • 28.05.2014
  • Пікір жоқ
Қожа Мұхтар Бахадырұлы,  тарих ғылымдарының докторы,  Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызметкері Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Қазақстан мен Орта Азия тарихы мен сәулет өнерінің ең таңдаулы жәдігерлерінің бірі. Күллі Орталық Азия көлемінде  ауқымы мен көркемдік деңгейі тұрғысынан алып қарағанда  оған тең келетін бірде-бір  сәулет ескерткіші жоқ. Ясауи кесенесі «ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне» […]

Қытайдағы аралас неке және оның қазаққа әсері

  • 23.12.2013
  • Пікір жоқ
Бейсен Ахмет, журналист «Қытайлармен аз ұлттардың некелену үрдісі барған сайын өсіп келеді» «Қытайда қытаймен некеленген басқа ұлттар 8 миллион 952 мың 100 адам болған» деп жазыпты қытайдағы қазақ сайтында. Енді, мақалаға көз жүгіртейік. (http://www.senkazakh.com/bbs/forum.php?mod=viewthread&tid=133079&extra=&page=1 )

Байқоңыр бағымыз ба, сорымыз ба?

  • 16.09.2013
  • 3
Алмагүл ҚҰРМАНБАЕВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жалпы, жағрапиялық анықтамаларға сүйенсек, «Байқоңыр» – Қарағанды облы­сының территориясында орналасқан Cовет Одағының ең ірі космодромдарының бірі. Байқоңырда кең көлемді космостық зерттеулер жүргізу үшін бірқатар есептеу пункт­тері, ұшыру комплекстері, техникалық құры­лыстар салынды. Бай­қоңырдан Жердің ең тұңғыш жасанды спутнигі ұшырылды. Одан космосқа жер жүзінде бірінші болып Ю.А. Гагарин, тұңғыш космонавт-әйел В.В.Терешкова […]

РУХАНИЯТ ШЫРАҚШЫЛАРЫ НЕГЕ ШЫРЫЛДАЙДЫ?

  • 08.08.2013
  • Пікір жоқ
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Ұлылардың отаны – Отырар топырағына табаным тиген сайын көне кенттің орнына бір аялдамай өте алмаймын. Көз алдыма бабалардың жан алысып, жан беріскен алапат шайқастары келеді. Қобыз сарыны құлағыма талып естіледі. Көнеден жеткен сол саз көкірегімде күмбірлеп, жүрегімді жұлмалайды. Әр төбенің, әр жусанның түбіне жоғалтқанымды тап қазір табатындай […]

Құлдық синдромының қуаты

  • 26.04.2013
  • Пікір жоқ
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА, «Батыс Алаш» қоғамдық бірлестігінің төрағасы …Әлағаң (Әлихан Бөкейхан) алапат алып екен ғой, арыстандай айбаты – мұзтауларды мылжалардай жойқын! Бір-ақ рет туатын толағай тұлға! Қазақтың таңдаулысының тағдырына жалқы рет жазылған жарқыл! Ол:  Қазағым, елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауға малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып!… – дейді. Сол Әлекеңді «әурелеген» қазақтағы келеңсіздік ахуал […]

Құлдық психологиядан қайтсек арыламыз?

  • 01.04.2013
  • Пікір жоқ
Сайлау Байбосын, журналист  Әңгiмемiздiң тақырыбы тағы да – Қазақ! Бұл өзi қабырғасын қақырата сөгiп, терiсiнен таспа тiлiп жатсаң да, қыңқ демейтiн, қазақтың өзi секiлдi көндiмбай тақырып. Көндiмбай дейтiнiмiз, бұл тақырыпқа жазған «гөй-гөйiңдi» ешкiм онша назарға ала бермейдi. Әсiресе, бiздiң солтүстiк өңiрдiң қазақтары! Ит терiсiн басына қаптап, қара есекке терiс мiнгiзiп жатсаң да елең етпейдi. Себебi, оқымайды. […]
Бет 3 ден 4«1234 »