Бөлім мұрағаты

Жер-су аттарына мән беріп жүрміз бе?

  • 23.06.2014
  • 10
Жер-су атауларының қойылуында ұлттық таным мен салт-дәстүрдің және елдегі саяси жағдайдың ықпалы  мол болатыны белгілі. Сондықтан болар, географиялық атаулардың (топо­нимдердің) шығу төркіні, олардың аталу себептері адамзат баласын ерте заманнан-ақ қызықтырып келеді. Бұл орайда қазақ даласының жер-су аттарының шығу тарихын зерттеу арқылы сол замандағы ұлтымыздың таным-түсінігін анықтай аламыз. Мысалы, ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығы мен XVIII ғасырдағы […]

«Ұлттық тарихты зерттеу методологиясы мен ғылыми ұстанымын жаңғырту жолдары»

  • 09.04.2014
  • Пікір жоқ
Жания  Әбдібек, журналист Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына жариялаған Жолдауы  аясында, Мемлекет тарихы институты «Ұлттық тарихты зерттеу методологиясы мен ғылыми ұстанымын жаңғырту жолдары» тақырыбында «Келелі кеңес» өткізді. Кеңеске еліміздің беделді тарихшы-ғалымдары, ЖОО мен  ғылыми-зерттеу институтының жетекшілері  қатысты.

ОТАРЛАНУДЫҢ ТАҚСІРЕТІ (Алтай өңірі деректерінен)

  • 09.04.2014
  • 1
Ғани Қарасаев, тарих ғылымдарының докторы,  Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті «Қазақстан тарихы  және құқық кафедрасының меңгерушісі «Дүниенің бар  байлығы – сәбидің бір тамшы көз жасына татымайды»                                                       […]

ҚАЗАҚ ОТБАСЫ: КЕШЕ, БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ

  • 06.03.2014
  • 2
Жания  Әбдібек, журналист Отбасы  қоғамдық институт, мемлекет ішіндегі «мемлекет», бала тәрбиесінің  бастау-бұлағы, адам  капиталының құрушы  факторы екені анық. «Ұл өсіре отырып, жердің, елдің иесін, қыз өсіріп, ұлтты тәрбиелейтін» дана  халқымызды отбасы мәселесін әрқашан бірінші орынға қойған. Алайда, бүгінгі таңда  қазақ  қоғамында отбасы  мәдениеті, тәлім-тәрбиесі құлдырауға  ұшырап бара  жатқан секілді. Бұл проблема біздің ұжымды  да  бей-жай қалдырмады.Осы […]

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІН ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРА АЛМАДЫҚ

  • 06.03.2014
  • Пікір жоқ
Мекемтас Мырзахметұлы, жазушы, филология ғылымдарының докторы,  профессор Отбасы тәрбиесі ғасырлар бойы өзінің қалыптасқан қалпымен қазақ тарихының өн бойында XIX ғасырға дейін Абай заманына қаймағы бұзылмай жетті. Қазақ болмысының, күнделікті тұрмысының өзегі ауыл – бір шалдың кіндігінен таралған балалардан тұратын. Бір ауылда үш-төрт баладан, оннан астам баладан аспайтын шағын ауыл өзінің атажұрты қыстауында, жазда жайлауында мал жайлататын. […]

Бедел – ұлттық және отбасы тәрбиесінің өзегі

  • 06.03.2014
  • Пікір жоқ
Әбдірашит Бәкірұлы, саясаттанушы Қазақ халқы тәуелсiздiк алумен бiрге ұлттық тәрбиеде ұлттық және әлемдiк педагогика жетiстiктерiн ұштастыра қолдану мүмкiндiгiне ие болды (Ұлттық тәрбие бұрын да болды, бiрақ, өзге идеологиялық сарында). Сондықтан, ұлттық педагогика жүйесiне классикалық педагогикада сынақтан өткен, бүкiладамзаттық құны бар қағидалар мен ережелердi сыналап енгiзу – қазіргі заманның басты мiндеттерінің бірі саналады. Өйткені, біз замана […]

Түтінің түзу шықсыншы

  • 06.03.2014
  • Пікір жоқ
Айман СЕЙІЛБЕКҚЫЗЫ, журналист Ұлы болсын, қызы болсын, қай-қайсының да мына жалған дүниеде өмірлік серігін жолықтырып, отбасын құрып, ұрпақ сүюді армандамайтыны жоқ. Осындай асқақ арманға қолдары жеткенде бір-біріне жат, бір-бірімен мінездері сәйкес келмейтін (?), тіптен бөлек жандар болып шыға келетіндері бар. Сөйтіп, бұдан артық бір шаңырақ астында тұра алмайтындарын айтып, екі бөлек кетіп жатады. Ортадағы кінәсіз бала […]

Дін және дәстүр

  • 21.02.2014
  • Пікір жоқ
Жания  Әбдібек, журналист Құран Кәрімде: «О, Халық! Не нәрсені де талқыла, сонда сен шындыққа жете­сің» деп көрсетеді де,  көзқарастар қайшы­лығынан ақиқатқа қол жеткізу болатынын меңзейді. Ендеше, қазіргі кең етек  алған дін мен дәстүр қарым-қатынасының қандай болуы керектігі мәселесі уақыт тудырған проблемалардың бірі. Оған қоса ендігі бір тұстардағы айтылып жүрген тәңіршілдік ұстанымын алға тартсақ, онда мәселе […]
Бет 10 ден 15« Басы...«89101112 » ...Соңы »