Қазақстаным – қарашаңырағым

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»

Үстіміздегі жылдың 24 сәуір күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ҮЛГІ

Ораз ҚАУҒАБАЙ,
«Ақиқат» журналының бөлім редакторы

Кеңес дәуірінде ерекше тойланатын 1-Мамыр мерекесі былтыр қайта жаңғырып, халық алаңдарға шеруге шығып, еңбектегі табыстары мен жетістіктерін көрсететін плакаттар көтеріп, ұран сөздерін айтып, мерекеде бір шат-шадман болған еді. Астанада, Алматыда және барлық облыс орталықтарында шеруге шыққан халықтың көңіл-күйлері жоғары болды. Былтырғы мереке биыл тағы қайталанып, енді тұрақты түрде жалғасатын болады. Өйткені бұл мереке Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Міне, осы мерекенің қайта жаңғыруына байланысты Қазақстан Халық Ассамблеясының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Ұйғыр авази» газетінің бас редакторы Юлдаш Азаматовқа журнал тілшісі жолығып, жаңғырған мереке туралы және Халықтар достығы туралы айтып беруін өтінген еді.