Болашақтың іргесін бірге қалаймыз

Мемлекеттік және қоғамдық басқару саласының түйткілді мәселелері

Мырзагелді КЕМЕЛ,
экономика ғылымдарының докторы, профессор

Біздің еліміздегі жоғарғы оқу орында­рындағы мемлекеттік басқару саласына мамандар дайындау қандай күйде екеніне назар салып қарасақ, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының магистратурасында соңғы он-он екі жылдың көлемінде 900-дей мемлекеттік басқару магистрі даярланыпты. Ал, елдегі тек мемлекеттік қызметшілердің саны бұдан жүз есе көп екенін еске алсақ, онда арнайы дайындалған маманданған кадрлар саны теңіздегі тамшыдай ғана екені түсінікті. Бакалаврлар даярлау ісін алып қарасақ, деректерге қарағанда біздегі 59 жоғарғы оқу орнында «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша жоғарғы білімді мамандар дайындалады екен. Сол мамандардың қалай оқытылып жатқанын Астана және Алматы қалаларында орналасқан іргелі оқу орындарында бақылап көргенде, оқыту үдерісіндегі жағдай көңіл көншітерліктей емес екеніне көз жеткіздім. Олардың бар­лығына қатысты мынадай бірыңғай кем­шіліктер байқалады:
– Білім және ғылым министрлігіне қарас­ты бір де бір жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік басқару мамандығы бойынша кадр даярлайтын (бакалавр және магистр) арнайы факультеттер мен кафедралар жоқ, олар негізінен «Экономика» немесе «Менеджмент» кафедраларына бекітілген.

Арман! Еңбек! Сенім!

16-17 қараша күндері Астана қаласындағы «Са­ры­арқа» велотрек спорт ке­ше­нінде «Нұр Отан» халық­тық-демократиялық партия­сы «Жас Отан» жастар қа­на­тының ІІ съезі өтті. Съезде Қазақстан Рес­пуб­лика­сы­ның Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. «Арман! Еңбек! Сенім!» ұраны бойынша өткен жиынға об­лыстық, қалалық, аудандық бастауыш ұйымдарынан сай­­ланған 1200-ге жуық делегат, Парламент депутаттары, Президент Әкімші­лі­гі­нің жауапты қызметкерлері, Үкімет мүшелері қатысты.

Армысыңдар, отандастар, бар­шаларыңды «Жас Отанның» ІІ съе­зінің ашылуымен құттық­тай­мын! Жаңа ғана мінбеге шыққан жастар жалынды сөз бен жасампаз істің иесі екендіктерін та­ныт­ты. Сіздер күллі Қазақстан жас­та­рының атынан көшелі ой мен өрелі пікір айттыңыздар. Сіздер­дің тың бастамаларыңызды мен әрқашан қолдаймын.
Қазақстан – қай мағынада алғанда да жас мемлекет. Ел аза­мат­тарының 5 миллионға жуығы 14 пен 29-дың аралығындағы жастар. Тәуелсіздіктің алғашқы күн­де­рінен бастап жастар мәселесі менің де, мемлекеттің де ең басты назарында болды. Бұл салада «Болашақ», «Жасыл ел», «Жастар – Отанға», «Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жас мамандар қоры» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзе­ге асырылып отыр.

ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету контекстіндегі тіл мәселесі

Динара Ақболат,
ғылым кандидаты

Жанар Алдубашева,
докторант

Эльнура Асылтаева,
докторант

Қазіргі заман жағдайында мемлекеттіліктің келе­шегі тікелей мемлекеттің ұлттық құндылық жүйесін қорғау және оны дамыту қабілетіне тәуелді. Ұлттық құндылықтарды қорғау елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басты шарттардың бірі болып табылады. Сол сияқты, өзін өзі тануды мемлекетпен жоғалту мен тұтас құндылық базаның жоқтығы ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төнуді білдіреді. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды фактор мемлекеттік тіл болып табылады. Яғни, Мемлекеттік тілдің дамуы Қазақстан азаматтарын біріктіріп, ел ішінде әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлесін қосады.

Еліміздің өркендеп, көркеюі

Ермек Нұрмағанбет,
оқытушы

Қазақстан Республикасының Прези­денті Нұр­сұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бір­лескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаң­ғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Биылғы Жолдауында Елбасы өз дәс­түрін бұзған жоқ. Қиыншылықтардың бо­латынын ашық айтты. Әлемдік қаржы дағ­дарысының Қазақстанды айналып өт­­пей­­тінін, оның алдын алу қажеттігін баса көрсетті. Жолдауда бірде-бір сала қамтыл­май қалған жоқ. Бүгіннен бастап, елімізде он басым бағыттар бойынша жұмыс қолға алы­натынын, олардың ішінде еңбекке жарамды адамдардың кәсіби деңгейлерін қайтара қарап, керек болса, қайтара оқыту қажеттігін, аймақтарда шешімін таппай, тоқырап қалған салаларды қайтара қозға­лысқа келтіру, әсіресе, білім беру мен денсаулық сақтау мәселелерін күн тәр­тібінен түсірмеуді шегелеп айтты.