Қазақ елі – мәңгілік!

Отан – ең биік, қасиетті құрылым

Әр адамның туған, өскен жері бар. Ол оның  Отаны. Дүниеде туған жерден, өскен ортадан ыстық еш нәрсе жоқ. Адам қай жерде жүрмесін сол туған жерін, өскен ортасын сағынады, аңсайды. Бұл үлкен психологиялық, әрі физиологиялық қасиет. Оның себебі тереңде. Адамның Отанға деген құштарлығы күш береді, ешқашан өшпейді. Адам елінен ұзақ жерде жүріп, дүние салса және сол жерде жерленсе, туған жерінен қабырына бір уыс топырақ апарып салатын кәде де содан. Туған жері кірмеген мемлекет екінші Отан атанса да, туған Отаным  дей ала ма?

Тарихты сақтап қалу – ұлтты сақтап қалудың жалғыз жолы

Марат ТӘЖИН,
Мемлекеттік хатшы

5 маусымда Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының Ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Отан тарихын оқытудың өзекті мәселелері талқыланды. Алқалы жиынға Президент Әкімшілігінің өкілдері мен тарихшылар, ғалымдар мен жазушылар және журналистер қатысты. Бас қосу барысында баяндама жасаған Мемлекеттік хатшы қадау-қадау ой айтып, пайымды пікір білдірді.
Бүгінгі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет. Біз мемлекет құрудың жаңа белесіне шықтық. Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қоғам дамуының жаңа белесіндегі басты сұрақтарға, атап айтқанда, біз қайда барамыз және 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап береді.

Қазақтың бес парызы

Дос Көшім,
«Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының төрағасы

Қазақ тілін дамыту саясаты одан жерінуге, тіпті, қазақтардың өздерінің бойды аулағырақ ұстауына ықпал етпеуі керек. Керісінше, тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Бұл үшін тіл саясатын сауатты және дәйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.
Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз.
Сондықтан, оған бей-жай қарамайық.
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз.
(Қазақстан Республикасының Президенті –
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауынан)

– Өз Отанымызды «Қазақ мемлекеті» деп атау – барлық қазақтың арманы. Тіпті ежелгі арманы. Бірақ, ол қазіргі жағдайда тектен-тек орындала қалмасы хақ. Демек бізге Президент айтқандай, ең бастысы – қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Егер де, қоғамда осындай жағдай қалыптасса, өзге ұлт өкілдері де амалсыз қазақ тілін мойындап, тілді білуге икемделе түспек. Бұл бір. Екінші бір мәселе – тілге деген сұранысты арттыру, қажеттілік жасау. Ол мемлекет тарапынан жүргізу керек. Бұл жерде өзге ұлт өкілдерін кемсітуге жол берілмегені дұрыс. Мәдениетті түрде, барлық құқықтарды сақтай отырып, өзге ұлт өкілдерін тілді үйренуге, құрметтеуге тарту. Үшінші мәселе, ол – мемлекеттік тіл туралы жаңа заң қабылдау. Қазіргі қолданыстағы Тіл туралы заң, бүгінгі күннің талаптарын орындауға қауқары кем. Егер де, «Қазақ мемлекеті» деп атайтын күнге жетеміз десек, осы үш саланы қатар алып жүрген дұрыс қой деп ойлаймын. Сонда ғана біз ата-баба арман-мақсатын орындадық деп айта аламыз.

Қазіргі қазақ

Ақсұңқар АҚЫНБАБА,
ақын

Қазіргі қазақтың атауы –жаңа қазақ. Жаңа қазақты құрайтын ұғымдарымыз қандай, сонда? Оны былай деп санамалауға болады: «қазіргі қазақ мәдениеті», «қазіргі қазақ экономикасы», «қазіргі қазақ тарихы», «қазіргі қазақ ғылымы», «қазіргі қазақ терминологиясы», «қазіргі саясат», «қазіргі билік», «қазіргі қазақ тілі», «қазіргі қазақ журналистикасы», «қазіргі тәрбие», «қазіргі жастар» тағысын тағы – бәрі қосылып қа­зір­гі қазақты, яғни, жаңа қазақтың бітім-болмысын құрамақ. Енді, осының бәрін бүгінгі мен кешегі қазақтың мүддесімен тоғыстырып, бола­ша­ғын саралап, сараптап, уақытылы зерттеп-зерделеп, қоғамдық санақ (статистика) жүргізіп отыр­ған арнайы сараптама орындары бар ма? Әрі бұл керек пе? Әрине, ең басты қажеттілік. Негізі, қазіргі кезеңде осының бәрін қо­ғамдық санаға жеткізіп отыруға тиісті ағар­тушылық рөл БАҚ- тың мойнында еді. Бірақ, біз не­ге екенін қайдам, қазіргі қазақтың жалпы әлеуметтік көрсеткішін тек уәкілетті орындар мен ғылымға жүктеп қойғанбыз. Шындығында, ең бір жыпырлаған қате­лік­тер табылатын бір сала болса, ол дәл сол санақ (статистика) саласы болып шыға­­тын­­дығына сөз жоқ. Бірақ, ол басқа әңгіме, біз­­дің айтпағымыз, қазіргі қазаққа қатысты өз санағымыз тұрғысында…

Асқар Жұмаділдаев: Технократтық ұлт деген – ең алдымен, білімді ұлт

– Компьютерлік технологиялар заманында қазақ қандай ұлт болу керек?
– Қазақ ақылды ұлт болу керек. Басты істететін. Қолды емес, аяқты емес, қарынды емес, басты істететін халық болуға тиіспіз. «Ақымақ бас аяққа дамыл бермейді» дейді. Жалпы, қазақтың артықшылығы көп, бірақ, сол артықшылықтары кемшілікке ұшыратып жатады. Мысалы, ағайынгершілік, сөзді құрметтеу, үлкенді сыйлау, туысқанына көмектесу бәрі дұрыс. Бірақ, көп жағдайда бұл жемқорлыққа әкеп тірейді. Өз туысқанына, жерлесіне ғана көмектесу сияқты рушылдыққа ұласады. Біреу атқа мінсе, он туысқаны атқа мінеді. Мұндай әдеттен арылу керек.
– Бір сұхбатыңызда бұл туралы қазақ техно­краттық ұлтқа айналуы тиіс деген екенсіз. Онда проблеманың тілі – технология, арбасы – тіл дейсіз. Мұндай елге айналуымыз үшін, неден бастауымыз қажет?

Ұлы дала тарихы мен ұлы қоныс аударулар

Бекжан Бейсенбай,
отырартанушы

Ұлы Даланы бағындырмақ болып, алғашқы жорыққа шыққан парсы патшалығының негізін қалаған Кир патша болатын. Ол бұған дейін Алдыңғы Азияда билік құрған барлық империяларды, Ассирияның, Урартудың, Мидияның, Лидияның, Вавилонның, т.б Алдыңғы және Кіші Азия мемлекетінің жерлерін алып, бұған дейін тарихта болып көрмеген үлкен империя құрды.
Геродот былай дейді: «Вавилонды бағындырысымен Кир массагеттерді өзіне қаратуды ойластырды. Массагеттер өте көп, әрі жауынгер ел екен. Олар тура күн шығыстағы Аракс (Сырдария) өзенінің арғы бетінде, исседондарға қапталдаса мекен етеді…

Ұлы дала тарихы мен ұлы қоныс аударулар

Бекжан Бейсенбай,
отырартанушы

«Жоғарыда зеңгір көк, төменде қара жер жаралғанда, олардың екеуінің арасын­да адам баласы жаралған. Адам баласына менің ата-бабаларым үстемдік құрған дүниенің төрт бұрышы оларға дүшпан болған. Әскер құрып, жорыққа аттанып, олар дүниенің төрт бұрышын түгел бағындырған. Олар кемеңгер де ержүрек қағандар болған. Олардың қызметіндегілер де білгір, ержүрек болса, балалары да халықпен ынтымақты болған. Олар мемлекетті ұзақ басқарып тұрғандығы да содан».
Дана Тоныкөктің ескерткішінен. 716 жыл.

Көшпелілердің негізгі мекені солтүстікте Сібірдің қалың ормандарынан оңтүстікте биік тау жоталарына дейін, шығысында Хинган тау шоқыларынан батысында Орал тауы, Жайық,Сырдарья өзенімен шектеседі. Бұл әрине ылғи да осылай болмаған.Көшпелілер иелігінің Солтүстік батысы Дунайдан да ары асып,Оңтүстік батыста Амударья өзенінен әрі өтіп, мемлекет құрған кездері, оңтүстікте қазіргі Қытай жерлеріне дейін қоныстанған кездері болған. Ал, негізгі шекара Орал, Жайық, Сырдарья шегі мыңдаған жылдар бойы көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің басты шекарасы болып, осы шекараның шығыс беті Ұлы Дала деп аталды.