Орамды ой

ЕСЕР МУЗЫКА ЕСТІ АЛЫП БІТЕ МЕ?

Хасен

Хасен Қожа-Ахмет,
композитор, өнертанушы

Сөз  басы
Ана бір жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде Әбдімәлік Белгібайдың «Сиырға ер салғандай ерсілік» деген мақаласы жарияланды. Автор опера мен балет жанрлары қазақтың төл өнері болмағандықтан оған халық тым аз баратынын, сондықтан, Түркіменстандағыдай, бұл жанрларға Қазақстанда да тыйым салып, бұларды қазаққа түсінікті айтыс өнерімен алмастыру қажет дегенге саятын пікір айтады.

«НОТА ЖАЗУЫ ҚАЗАҚ КҮЙІНЕ НҰҚСАН КЕЛТІРІП, ДӘСТҮРЛІ КҮЙШІЛІКТІ БҰЗДЫ…»

Жузбай

Жанғали Жүзбай,
күйші

Жатқан жері жарық болсын, қазақ күйінің білгірі марқұм Ақселеу ағаны 2009 жылдың күзінде Астанадағы Қазақ Ұлттық музыка Академиясының оқытушылары мен студенттері жиналған аудиторияға орындаушылық өнер тарихы курсынан дәріс оқуға арнайы шақырған едік. Ақселеу ағамыз күй тарихын дәстүрлі жолмен талдап  (ол кезде кез-келген ұлттық шығарма батыс еуропалық көзқараспен жіктелетін, қазір де сарқыншағы бар) күйтанушы қауымды өзінің тың ойларымен, ғылыми-салыстырмалы қисындарымен таң-тамаша қалдырды.

ТАҒДЫРЛАР ТОЛҒАМЫНДА ТОСЫРҚАУ БОЛМАС ЕДІ…

КУЛБЕК

Құлбек ЕРГӨБЕК,
журналист

Әл-Фараби атындағы ұлттық уни­вер­­ситеттің ректоры, ғалым, ақын Ғалым­қайыр Мұтанов Бейсембай Кен­жебайұлы жайында «Өнегелі өмір» сериясы бойынша кітап жасақтап беру жөнінде өтініш айтты да үлгі үшін серияның 25 кітабын қолыма ұстатты… Кітап құрастырмас бұрын мен әлгі кітаптарды бауырыма ба­сып жатып оқып шықтым.    

Тарих оқулығындағы олқылықтар

Хасен Қожа-Ахмет, композитор, өнертанушы

Хасен Қожа-Ахмет,
композитор, өнертанушы

Неше Бөгенбай болған?
Тарих оқулықтарында 18 ғасырдағы жоңғармен соғыс кезінде қазақ әскеріне қолбасылыққа Қанжығалы Бөгенбай сайланғаны жазылған. Бөгенбай Ақша­ұлының да туған жылы 1690, кейде 1686, 1680 деп әртүрлі көрсетіліп жүр. Бірақ, 1710 жылғы құрылтайда Бөгенбай да 20 мен 30 жас аралығында ғана. Сол себептен болар, оны да «қарт» деуге келмейтінін байқаған Қазыбек бек кітабын көшірушілер 1726 жыл­ғы Ордабасыдағы құрылтай туралы: «Ал, Әбілқайыр басқолбасшы сайланды, бірақ, билер ұрыс туын Бө­ген­­байға көтертті. Бұл Әбілқайырға қат­ты тиді…Бөгенбай бұдан бұрын да 26 жа­сын­да да қолбасшы болып сайланды деседі біреулер. Ол жасы Қанжығалы Бөгенбай­дан көп үлкен, әкесіндей, арғын қарт Бөгенбай болатын» деп жазған (231 б.).

МӘТІНГЕ МӘН БЕРМЕУ

Жарылқасын БОРАНБАЙ,

Қазақстан Республикасы

Білім беру ісінің

Құрметті қызметкері

 

Ұлы Абайда: «Кітапты молда теріс оқыр, Дағарадай боп сәлдесі» дейтін өлең бар. Бәлкім, басқаларға кешірімді болар, ал, енді, жұрт аузына қараған тарихшы ағайындар, көптеген қаламгерлер мәтінге терең мән бермейтін ауруға ұшырады деуге болады. «Мәтінге мән бермеген» бірнеше мысалдар келтіргім келіп отыр.

Бірінші әңгіме: Тараз қаласы өзінің 2000 жылдық торқалы тойы өткен соң, бар материалды қорытып, «Тараз» деген атпен шығарған Жамбыл облысы энциклопедиясы туралы болмақ

«КОНСТИТУЦИЯҒА ЖАН БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ»

Сұлтан САРТАЕВ,
көрнекті қоғам қайраткері, академик, заң ғылымдарының докторы

Күні бүгінде дүниежүзінде 192 мемлекет болса осы мемлекеттердің өздеріне тән лайықты Конституциясы бар. Конституция – әр елдің мемлекеттік қоғамдық құрылымын көрсететін, яғни мемлекеттік құрылымды талдап көрсететін негізгі құжат. Құқықтық-саяси құжат. «Ата Заң» деген сөздің өзі атасын сыйлаған қазақтың Конституцияны да атасындай сыйлауын көрсетеді деп түсінемін өз басым. Сол себептен де азаматтар өмірін конституциялық аумақта ғана құрады. Біз еліміздің азаматтарына өз істерін, жұмыстарын Конституциялық аумақта істеу керектігін айтып отырмыз. Конституцияның әр бабын сақтамасақ, ол жай ғана құжат, қағаз болып қалады. Конституцияның орындалуы – ел азаматтарына тікелей байланысты болғандықтан да, азаматтарымыз Бас заңды білуі және оны өмірлік жолдарында пайдалануы тиіс. Ата Заңның жүріп өткен жолы деген уақытта, Президенттік басқару жүйесі арқылы, ел егемендігі үшін керек ірі реформаларға қол жеткізуімізді айтар едім. Қазақстан Президенттік басқару үлгісіне көшіп жатқанда бұл басқару түрін Өзбекстан мен Әзірбайжан бекітіп қойған еді. Ал, Қазақстанның бұл үлгіні таңдауын сол кездегі Орталық қолдай қоймағаны бесенеден белгілі. Сол кезде біраз депутаттардың «Одақтың құрамындағы 15 елде 15 Президент болу деген не сұмдық?» дегенді айтып, мінберде сөйлегендері рас. Бірақ, басқарудың бұл үлгісін қолдап дауыс бергендер жеңіп шықты. Міне, сондықтан да егемен еліміз қол жеткізген толағай табыстардың негізінен Президенттік басқару жүйесі арқылы мүмкін болғандығын ерекше атап өткім келеді. Егемен еліміздің өз Конституциясы арқылы, мемлекеттік органдар талданды, мемлекетіміздің келешектегі ісі, талабы көрініс тапты.

Ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілік бәрінен де жоғары

Динара Жұмашева,
Маңғыстау облысы білім беру

департаментінің бастығы

Аймақтардағы білім беру жүйесі – аса маңызды сала. Ел болашағы жастар десек, олардың мектеп партасынан бастап, жоғары және арнаулы білім беру орындарында-ақ таным-білігі мол, саналы, мәдениеті жоғары, тәрбиелі ұл-қыздар болып шығуы жолында жан сала еңбек етіп жүрген педагог-кадрлардың рөлі де ерекше. Ал, олардың қазіргі хал-ахуалы қандай? Тұтастай еліміз бойынша қолға алынған білім беру, осы салада жаңа технологияларды еңгізу шаралары аймақтарда қалайша жүзеге асып жатыр? Маңғыстау облысы білім беру департаментінің бастығы Динара Нағимуллақызы осындай сұрақтарға жауап береді.
Мен 2010-2011 оқу жылдарында Ақтау қалалық білім бөлімін басқарған едім. Сол оқу жылында қалалық білім бөлімі 8 басым бағыт бойынша нақтылы жұмыстар жүргізді. Алғашқысы – қаладағы білім беру мекемелерінің басшылары ретінде тағайындалатын кадрлық резервтерді жасақтау. Оларды жергілікті және республикалық дәрежедегі кадрлар резервтерін даярлайтын курстардан өткізу. Әрі қарай, білім сапасының жүйелі мониторингін қамтамасыз ету, мектепішілік бақылауды жоғары дәрежеде жолға қою да басты міндет болды. Оқушылардың ғылыми жобаларға қатысуын жоғары деңгейде ұйымдастыру, әрбір орта мектепте оқушылардың ғылыми қоғамдарын құру және бұл жұмысқа мұғалім-зерттеушілерді кеңі­нен тартуға ерекше мән берілді. Ақтау қаласы білім беру ұйымдарының республикалық жетекші оқу орта­лық­тары­мен байланыс орнатуын жүзеге асыру, оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды бақылауда ұстау, әр білім беру ұйымының өз алдына веб-сайтын құру, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында «Қамқоршылық кеңестерін» құру, балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етуді 70 пайызға дейін жеткізуге бағыт ұсталды. «Жасыл бақты Маңғыстау» акциясы шеңберінде аймағымызды гүлденген жасыл желекке орау мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысу бастамасы кең етек алды.