Бөлім мұрағаты

ҚАЗАҚТАНУ ӨРІСІ немесе халықтың ұлттық зердесін нығайту жолындағы Алаш

  • 28.08.2018
  • Пікір жоқ
Үмбетқан Сәрсембин, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Қазақтану идеясы қазақ ұлтының пайда болуынан бастап, оның тұлғалану жолын, мүддесінің қалыптасуын, ұлттың рухани қазынасының, болмысының ерекшелігін, табиғатын зерттеуден туындап отырған және осы тарих жолында қалыптасқан тәжірибелер мен білімдердің жиынтығы. Қазақтанудың негізі ұлт атауын зер­делеуде жатыр. «Қазақ» ұғымы ше­тел […]

«АҚЫЛДЫ ОЙЫНШЫҚТАР» ДҮКЕНІ

  • 23.07.2018
  • Пікір жоқ
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Сарша тамыздың саумал самалы бала жетектеп келе жатқан ерлі-зайыптылардың шаттықтан бал-бұл жанған жүздерін еркелете сипап, лықси ақты. Жас келіншек бетіне төгілген шаштарын әнтек сілкіп қалғанда көздері жаһұттай жайнап, бетінің шұңқырына дейін сұлулық ұялады. Бала тым ерке еді. Оның әрбір қылығына аналық жүрекпен еркелей қарап келе жатқан келіншектің […]

ОРЫНДАЛДЫ АТА-БАБА АРМАНЫ

  • 27.06.2018
  • Пікір жоқ
Кенжеболат Жолдыбай, саясаттанушы Өткенімізден аттап кетсек, сірә, өскенімізді танымағанымыз болар. Олай болса, кешегі күндеріміздің көзден кетсе де, көңілде өшпестей таңба қалдырған тұстарынан еміс-еміс әңгіме қозғап қою еш артықтық жасай қоймас. Бұл ретте, ең алдымен, ойға Елордамыз оралады. Оған негіз де жоқ емес. Таяу күндері біз мемлекеттігіміздің символы, асқақ абыройымыздың айғағы, елдің болашаққа салған алтын көпірі […]

Астана туралы әфсана (толғаныс)

  • 27.06.2018
  • Пікір жоқ
Жолтай Жұмат – Әлмашұлы, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ата тарихтың кең көкжиегіне көз тоқтата үңіле қарасақ, қуанышынан кермек күндері басымдау түсіп жатса да, қиыншылықтарды қара жердей қайыспай көтерген, көтеріп те келе жатқан қазақ деген қабырғалы ел екенімізді танып-білеміз. Осы қазақ деген атау қашан, қайдан шыққан деп әредік айтысып та, таласып та жататынымыз тағы бар. […]

«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» – ЖАҢА САЯСИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯ

  • 27.06.2018
  • Пікір жоқ
Тәттігүл Қартаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, этнограф Қазіргі заманғы қоғамда ежелгі мә­де­ниет­тер коммуникациясы мен реконструкциясы маңызды орын алады. Осы орайда мем­лекетіміздің «Қасиетті Қазақстан» жобасы тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қорғау, пайдалану ісіне ерекше серпін беріп, қоғамда зор серпіліс тудырды. «Қасиетті Қазақстан» жобасын қолға алу қазақ мәдениетіне жаңа ұлттық рух беріп, ұлттық бірегейлік регенерациясын жасаудың жаңа механизмін қалыптастырып […]

СОЗАҚТЫҢ СЫРЫ ДА, ЖЫРЫ ДА, ЖОЛЫ ДА ҰЗАҚ

  • 22.05.2018
  • 1
(жол жазба) Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де, жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің […]

ҰЛТ ҚАЙТСЕ ҰЛТ БОЛЫП ҚАЛАДЫ…

  • 19.04.2018
  • Пікір жоқ
Нұрила Есіркеп, Айдана Тасбекова, IT университетінің студенттері Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, […]

ҚАЗАҚ ҰЗАҚ ЖАСАУҒА БЕЙІМ ҰЛТ 

  • 19.04.2018
  • Пікір жоқ
Бердалы ОСПАН, мәдениеттанушы Қазақ ұлтының даналығы былай дейді: Бірінші байлық – денсаулық, Екінші байлық – ақ жаулық, Үшінші байлық – он саулық. Иә, бірінші байлық – денсаулық. Бұл халқымыздың аузынан ең көп естілетін сөз. Бірақ, көлеңкеде қалып бара жатқан бір мәселе – қазақ халқының ұзақ жасау­шы халық екені. Осыған зер салып, зерттеп, нәтижесінен бір тұжырым […]
Бет 5 ден 11« Басы...«34567 » 10...Соңы »