Өзекті мәселе

Қазақы музыка қайда?

Жаспыз. Бәрімізде ән тыңдаймыз-ау. Тыңдап отырған әннің сөзін түсіне алмай, музыкасының әуеніне тебірене алмай отырған жайымыз көп болады. Сонан соң, осы қалай деп ізденесің. Баспасөз беттерін ақтарасың. Ақтарасың да қазақтың бүгінгі әуенінің қазақтың төл өнерінен аулақтап, батыстың жылаңқы, берекесіз әуеніне кетіп бара жатқанын жазған зиялы жұрттың сөзін табасың. Жазушы К. Жүністегінің  «Ұлттық музыканың тағдыры нешік?» деген ой толғағында (Егемен Қазақстан №2 2014) «Ұлттық музыканың бүгінгі халі, оны қорғау керектігі жөнінде бүгінде аз айтылып жүрген жоқ. Осы жөнінде тер төгіп жүргендер жетерлік. Әлемнің қай елі, қай ұлты болмасын жаһандану деген аждаһадан құтылу үшін жанталасып жатқандай. Бейғам біз. Тіпті, жұта бер деп отырғандаймыз.

ТРАНЗИТОЛОГИЯ – ЖАҢА САЯСИ ІЛІМ

Абсаттар

Раушанбек Әбсаттаров,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 
саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедасының меңгерушісі, профессор

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғы­лыми еңбектерінде және Қазақстан хал­қына Жолдауларында елдердің тота­литаризм мен авторитаризмнің саяси жүйесінен демократия жүйесіне  өткендерін және өтетіндерін атап көрсеткен еді. Осы тұрғыдан транзитология мәселесін зерттеу өте өзекті және маңызды.  Бұл мәселе саяси ғылымда жете зерттелмегендігін айта кеткен жөн. Әрине, бір мақалада бұл мәселені жан-жақты толық қарастыру мүмкін емес. Сондықтан, осы мақалада транзитология проблемасының кейбір саясаттанулық аспектілері қарастырылады. 

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ЖАЗБАЛАРЫНАН

Дилдар Мамырбаева

Ділдәр Мамырбаева,
журналист

«Ата-анаң қартайса,
Тіреу болар бұл оқу.
Қартайғанда мал тайса,
Сүйеу болар бұл оқу».
Ы. Алтынсарин

Ән мәтіндеріндегі қателікті кім түзейді?

Карлыга

Қарлыға ТЕМІРҒАЛИ,
журналист

Біз бесікте жатып ана әлдиімен өскен халықпыз. Қазақ түзде ат үстінде, үйде ошақ басында ыңылдап ән салады. Ән – қазақтың алпыс екі тамырына сіңген өнер. «Әу де­мейтін қазақ жоқ» деген тіркес содан қалса керек. «Әу» дегеннің бәрі әнші емес, әрине. Алайда, әуелеп ән салған Әсеттің інілері мен, Күләштің сіңлілерінің бүгінгі хәлі қандай? Сахна мәдениеті, киім кию әдебі, сөз сөйлеу шешендігі өз алдына бөлек әңгіме. Бүгінгі тақырып – халық ұйып тыңдайтын хит әндердің мәтіндері турасында.

ТАРИХИ САНА – ҰЛТТЫҚ үрдістің ұйытқысы

Кудагелдин

Мақсат Құдагелдин,
аға оқытушы, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендианты, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті

Әрбір ұлт пен әлеуметтік қауымдас­тықтың өзіндік шығу тегі мен та­ри­хындағы айтулы оқиғалар, қай­рат­­­­­керлері мен өз тарихы және өзге ха­лық­тардың тарихымен, жалпы адам­заттық тарихи көрініспен байланысы туралы белгілі бір түсінігі болады. Мұндай көріністер, ең алдымен, әр халықтың өзіндік даму болмысын сипаттайтын тарихи жыр, дастандардан, ертегі, аңыз­дар, әпсаналар арқылы сипатталады. Өзінің өткенін білу мен жаңғырту, әлем­дік тарихи үрдістегі орнын саралау арқасында аталмыш қауым өзін тұтас ұлт ретінде түйсінеді. Сөйтіп, тарих қоғамдық сананың бір сипатына айналады. Қоғамдық сананың жиынтығын құрайтын әрбір бөлшектің (көзқарастар, идея, саяси және құқықтық сана, мораль, дін, тіл, өнер, әдебиет, ғылым…) өзіндік тарихы бар. Бұл құбылыстардың пайда болуын, даму шартын  тарихи тұрғыда саралау бүгіндері үлкен қызығушылық тудыруда. Тиісінше, өткен күн мен бүгінгінің өзара үздіксіз байланысы туындайды. Демек, ТАРИХИ САНА ұлттың өзін өзі сақтау құралы, рухани қалқаны. Егер, ол сақталмаса ұлт тек өзінің өткенінен ғана емес болашағынан да айырылады. Ұлттың рухани көзі мен жан дүниесіне ықпал етуге тырысушы жақтар (идеология, шет мемлекеттер, саяси күштер) оның тарихын бұрмалау, тіпті жоққа шығаруға тырысатындығы факт.  

ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ, ҚОЛДАН ЖАСАЛЫНЫП ОТЫРҒАН МӘЛІМЕТ МЕМЛЕКЕТТІ АЛДАУ, КӨЗБОЯУШЫЛЫҚнемесе Ауыл шаруашылығында мемлекеттік бақылау өз деңгейінде болуға тиіс

Мемлекетіміздің егемендік алғанына жиырма үш жылдың жүзі болып барады. Енді, етек–жеңімізді түріп, есімізді жинап, болып жатқан оң өзгерістерге өң беріп, жақсысын асырып, жаманын жасырып, саннан гөрі сапаға көңіл бөлетін, аз да болса, саз болатын өнім өндіруге, бел шешіп кірісетін уақыт жетті деп ойлаймын.
Мен бұл салаға елу жылдан астам уа­қыт қызмет жасап келемін.

Мырзан КЕНЖЕБАЙ,журналист

Әнебір жылы қолыма (ұмытпасам атауы «Музыкальная эстетика западноевропейского средневековья и Возрождения» болу керек) бір кітап түсті. Сонда қытайдың Сюнь-цзы деген оқымыстысы әр елдің ән-күй (музыка) өнеріне сипат бере келіп: «Ән-күйі салмақты, сазды халық ауызбірлігі мықты, адамгершілігі мол, парасатты болып келеді. Ал, ән-күйі даңғыр-дұңғыр, адамның есін алып, делебесін қоздырып, тыңдаушыларын желіктіріп тұрса, ондай музыкаға (ән-күйге – М.К.) елтіген ел бірте-бірте кісіліктен, адамгершіліктен жұрдай болады, сөйтіп олар жақсылық атаулыдан мүлде алыстап, жақсылықтан жат, әркім қарабасын күйттегеніне, ішкен-жеген күйкілігіне мәз ұлтқа айналады, бұл –өте қауіпті» – дейді. Ең соңында бұл ойшыл «Музыка – адамдарды, елді басқарып, уыстан шығармай ұстап отырудың ең мықты, сыннан өткен құралы» деген ұйғарым айтады.

Қазақ ғылымы мен білімі қалың қалай?

Сейілбек Мұсатаев

Сейілбек Мұсатаев,
саяси ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясаттану кафедрасының профессоры

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының биылғы Жолдауында «алдағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасауымыз керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз, мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады» деп көрсетілген.