Бөлім мұрағаты

Ауызашар

  • 19.07.2017
  • Пікір жоқ
Оралхан ДӘУІТ, журналист Қайбір жылы… Досым әрі бауырым Бейсенбай Тәжібаев облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде бас редактор кезі болса керек, ауылында ауызашар беруге ниеттеніпті. Малын сойып, дастарханын жайып, кешке ауыл адамдарын күтеді. Мезгіл – қоңыр күз болса керек, Бейсеннің ауылдағы ағасы қырда «К-700» тракторымен жер айдап жүр екен. Оған Бейсен: «Әке орнына әке боп жүрген үйдің […]

Бір тауыққа бір тауық, үн қосады қыт-қыттап… философиясы

  • 10.05.2017
  • Пікір жоқ
Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ, философ-публицист Шығыс жыл санауы бойынша биыл тауық жылы. Соның әсері ме білмедік, әйтеуір, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзяев Нүкісте «ауылда тұратын әр отбасы кемінде 100 тауық ұстауға міндетті. 100 тауықтан аз дегенде 50 жұмыртқа алып, оның 40 данасын сатып отырса – кедейлер болмас еді» депті. Иә, жылқының еті тұрғанда қой етіне мұрын шүйіретін қазекең […]

КӨЗБОЯУЫ ЖОҚ КӨРІНІСТЕР

  • 11.04.2017
  • Пікір жоқ
Қуандық ТҮМЕНБАЙ, жазушы Алматыда да, Шымкентте де, барлық жерде зат сататын жерлер «Адал» деп аталады. Осының бәрінде адал адамдар тұр ғой деп ойлайсың. Тіршілігімізге қам-қарекетіміз сай болсын. Бұл – бүгінгі күннің тырбаңы. Бензин құбыры да «Адал» деп аталады. Адам адал болса екен. *** Бір хатшы қыз бастығына «Баран» деп зекіпті. Бастығы – қазақ, хатшысы – […]

АЗҒЫН АДАМ – АЗҒАН НАДАН…

  • 10.01.2017
  • 2
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, жазушы Өзегімізді жарып шыққан балаларға қиянат жасау былай тұрсын, «өміріміздің ертеңі, болашағымыз» деп бетіне жел болып тиюге арланатын ел едік. Бүгінде кімді, нені кінәларымызды білмей, басымыз шарадай болып отырған жайт бар. Қоғам ба? Адам ба? Заман ба? Осы үшеуін таразы басына қойғанда Адам басымдық танытатын сияқты. Өйткені, қоғам да, заман да адамзатты жамандыққа […]

Бүгінгі күннің көрінісі

  • 07.11.2016
  • Пікір жоқ
Жәмила МАМЫРӘЛІ, журналист Бірінші көрініс: Көршісі үшін қам  жеген басшы… Облыстағы білдей бір мекеменің басшысын жолық­тырдым, автобуста. Еңбек демалысында жүр екен. Сыр­қаты дендеген ауылдасының жағдайын айтып белгілі дәрігерлерге ота жасауға көмектесуін өтініп келе жатқан беті білем. «Өздері барса квота, портал дегенді алға тартып әуре ететін көрінеді. Отаға төлейтін ақшасы да жоқ, ол байғұстың. Онша-мұнша дәрі-дәрмегіне […]

Ақиқат пен аңыз

  • 15.09.2016
  • Пікір жоқ
Ерболат Қуатбек, сыншы ШЫНДЫҚҚА ШЫНДЫҚ ЖАҚПАЙДЫ Тарих неге сүйенеді? Дерек, мұрағат, құжат, фото, видео, аудио, естеліктер, хаттар, жазбалар. Бірақ, мұның барлығында шындық жазылған ба? Әрине, жоқ. Бұрмаланған деректер мен естеліктер жиі кездеседі. Тарихтың шын аты – саясат. Оларға қажеті – оңтайлы тарих. Жақсы тарих. Өткенде informdetox.com сайты «КСРО-ның бұрмаланған тарихи 7 суреті» атты мақала жариялады. […]

Көзбояуы жоқ көріністер

  • 05.07.2016
  • Пікір жоқ
Қуандық Түменбай, жазушы Көне астана – Алматының ұлы Әуезов есімін алған көшесінде мынадай ха­барландыруға тап болдым. Әрине, бізде бәрі екі тілде ғой. Әдеттегідей, ұлтаралық тіл төбесіне жазылған. «Живи в общений. Хабарласа өмір сүр». Осыны оқығанда, өмір сүргің келмей кетеді.  Осыдан не түсінесіз?

ОЙ ДАҒДАРЫСЫНЫҢ ДАҚПЫРТЫ

  • 06.04.2016
  • Пікір жоқ
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА,журналист   Құдайсыздықтың қасіреті …Жүрегі Жаратқан Иесін танымаған, санасы құдайсыздықпен уланған арсыз­дықтың ақыры қасіретке ғана әкеледі. Міне, екі кештің арасында Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданына қа­рас­ты Каменка ауылында он екіде бір гүлі ашылмаған бейкүнә сәби – екінші сыныптың оқушысы Ерасыл балапанымыз – қазақтың баласы жантүршігерлік айуандықпен азапталып өлтірілді…
Бет 1 ден 212 »