Бөлім мұрағаты

ҚАЗАҚ ӨТІРІГІНІҢ ҚҰНЫ ҚАНША?

  • 04.09.2015
  • Пікір жоқ
Дина Имамбай әлеуметтанушы Ақпараттық технологиялар дәуірі, жаһандану заманы, үшінші технологиялық төңкеріс алдындағы қоғам, тұтыну қоғамы және т.с.с. алапат атаулары  бар жаңа мыңжылдық басында әлем елдері ешқашан болмаған күрделі өзгерістерді бастан кешуде. Экономикалық фактор саяси биліктің аса қуатты тетігіне айналды. Бүтін бір халықтардың тағдыры алпауыт елдердің мүддесіне сәйкес шешілетін бұл дәуірде әрбір ел, мемлекет, ұлт пен […]

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ НИГИЛИЗМІ

  • 20.07.2015
  • 2
Дина Имамбаева, әлеуметтанушы Нигилизм дүниеге көзқарас, әлеуметтік мінез-құлықтың бір түрі ретінде жалпыға ортақ мұраттарды, адамгершілік нормаларын, дәстүрді, мәдениет үлгілерін жоққа шығаруы себепті оның әлеуметтік, адамгершілік, мәдени терең астарлары бар. Бұл өмір сүріп отырған қоғамның, тарихи дәуірдің сипатына байланысты өзіндік ерекшелігі бар құбылыс, әрбір тарихи кезең мен кеңістік халықтық болмысқа, индивидтік қалыпқа ықпал етіп, өз ізін […]

ҚАЗАҚТА ПАССИОНАРЛАР ҚАЛДЫ МА? Болса олар қайда?

  • 20.07.2015
  • 2
Жарас Сейітнұр,  психология ғылымының  кандидаты «Работа выполняемая этническим коллективом, прямо пропорционально уров­ню пассионарного напряжения» Л.Н.Гумилев Кеңес тұсында едәуір шетқақпай көр­генімен, кейін мойындалып, бүгінде қа­лың жұртшылыққа есімі танымал боп отыр­ған ғалым, белгілі этнос зерттеушісі Л. Н. Гумилев өзінің «Этногенез и биосфера Земли» атты іргелі еңбегінде кез келген этностың өмір сүруінің басты шарты ондағы пассионарлардың үлесіне байланысты […]

Бұл «құлдық сана» емес «сақтық сана» болуы мүмкін…

  • 20.07.2015
  • Пікір жоқ
Әбдірашит Бәкірұлы, публицист, философ – Жылда Жеңіс  күні  қарсаңында сары-қара түсті  георгий  баулары  сәнге айналады. Сән дегеннен гөрі,  арнайы  науқан десе  де  болғандай. «Георгий лентасы»   шындап келгенде  империяшыл көр­шіміздің идеологиялық  қаруына айналып  бара  жатыр» дейді қоғам  бел­сенділері. Ал, Оралдағы автошеру бұдан да сорақы. Сіздің ойыңызша,  георгий лентасын  жандандыру –  Ресей идеологиясын  санаға сіңірудің  бір […]

Қазақстандық космополитизм мен негилизм меңдеп тұр немесе Олжас Сүлейменов не дейді?

  • 17.06.2015
  • Пікір жоқ
Амангелді Айталы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің  профессоры Өзін-өзі білген ер бақытты, Өзін-өзі билеген ел бақытты. (Халық даналығы) Соңғы кезде жаһандану үдерісіне байланысты ұлттық құндылықтар төңірегін­де үлкен пікірталастар жалғасып жатыр. Осы күрделі мәселе төңірегінде О. Сүлей­меновтың ұлттар тағдыры туралы ойлары назар аудартады. «Ел аралаған сыншы» дегендей, О. Сүлейменов  талай елдің қайғы-қасіретін бөліскен, саралаған, […]

ҚАЗАҚ ЭЛИТАСЫ МЕН ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН

  • 17.06.2015
  • Пікір жоқ
Дина Имамбаева,  әлеуметтанушы Мемлекет ұлттық мүдде топтастырған саяси және рухани элитаның, көрнекті көшбасшылардың ерік-жігерінің, іс-әрекетінің нәтижесі. Ұлттық мүддеден ұлттық идея пайда болады. Ал, ұлт зиялылары осы идеяны іске асыруға қызмет етеді, білімі мен білігін арнайды, қажет болса өмірін қияды. Мемлекеттің ғұмыры ұзақ болуы ұлттық элита мен интеллигенцияның саны мен сапасына, қажыр-қайратына, болашақты болжау қабілетіне тікелей […]

  • 18.05.2015
  • Пікір жоқ
Айсұлу  Молдабекова,  М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің  магистранты, ҚР Президенті «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері   Қоғамның қозғаушы күші болған ерік-жігерге толы жастардан көп нәрсені күтетініміз, үміт артып, аға буын ретінде міндеттер де  жүктейтініміз ақиқат. Сол жастарды бүгінде не толғандырады, қандай өзекті мәселелері бар, қоғамдағы қандай үдерістерге үн қатқысы келеді деген сұрақтар төңірегінде бүгінгінің жастары […]

Мақаш ТӘТІМОВ: «Төртінші бала қала тұрмақ, ауылда сиреп барады…»

  • 18.05.2015
  • Пікір жоқ
– Аға, соңғы  кезде  көрінбей  кеттіңіз, қандай  жаңалығыңыз  бар? – Менің  көрінбей  кеткен  себебім, ұзақ  уақыт  ауырып  жаттым. Дегенмен, төсек  тартып  жатып  қалған  жоқпын, сол  аралықта  өзімнің  мемуарымды  жазып  бітірдім. Ол  жақында жинақталып таңдамалы кітап бо­лып басылып шығады деген жоспар бар. Бұл  естелік «Хас тұрпарлар  ізімен»  деген атаумен шықты. Көпшілік «Жас  тұл­парды» біледі, ал, мен […]
Бет 8 ден 8« Басы...«45678