Бөлім мұрағаты

Ұлт руханиятының беломыртқасы ұлт тілі – терең тамырлы, сан сипатты

  • 22.05.2018
  • Пікір жоқ
Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор – Мемлекетіміздің басты байлығы – адам капиталының негізгі ұлттық тірегі саналатын саласы руханият. Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың осыдан бір ғасыр бұрын айтқан: «Қазақ күнелту жағының мәдениетінен мешеу қалса да, ақыл, қиял, сезім жағына, білім тілімен айтқанда, рух мәдениетіне кенде емес… Ол не десеңіз – әдебиет, ән-күй. […]

М.Әуезов атындағы  Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан ҚАЛИЖАН: Адам капиталы мықты болғанда ғана ғылым дамиды

  • 17.05.2018
  • Пікір жоқ
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты көне замандардан бүгінгі күнге дейінгі қазақ әдебиеті мен өнері тарихының кешенді мәселелерін зерттеп отырған ғылыми-зерттеу орталығы. Бүгінде институт мамандары еліміздің рухани өміріне белсене араласып, білім мен ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер салаларына қатысты мәселелерді кәсіби тұрғыдан сараптап, нақты ұсыныс беруге жан-жақты атсалысып келеді. Төменде ұсынылып отырған сұхбатта институт директоры, филология ғылымдарының […]

ПРОКУРОР МАЛ БАҒЫП ЖҮР…

  • 19.04.2018
  • Пікір жоқ
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, жазушы Дүние есігін жаңа ашып, өмір табалдырығын енді аттаған нәрестеге жарасымды, айшықты ат беру – ежелден келе жатқан халықтық мәні зор дәстүр. Адам есімі өзі өмір сүрген қоғаммен, қоршаған ортамен тығыз байланысты. Тарихта айтулы оқиғалардың, қоғамдық құбылыстардың адам есіміне де кірігіп кеткені жайлы дерек көп. Ұлтымызда жаңа туған нәрестеге ат қоярда ауылдың беделді […]

Алаш зиялыларының ұлттық мүдде тұрғысындағы көзқарастары

  • 19.03.2018
  • Пікір жоқ
Үмбетқан Сәрсембин, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты «Ұлттың ғасырлар бойы қалып­тастырып, сақтап, нығайтып, қорғап отырған дүниесін ұлттық мүдде» дейміз. Ұлттық мүдде ғана ұрпақты мемлекетімен, өткен тарихымен және келер уақытпен байланыстырып отырған. Осы себептен, қазақ халқы тарихта ата мекенді, ұлттың тілі мен ділін, дәстүр мен дінді, мәдениетті, […]

Амангелді ҚҰСАЙЫНОВ, Еуразия гуманитарлық институтының ректоры: «ҚАСИЕТ ЖҮРЕКТЕ БОЛҒАЙ!»

  • 26.01.2018
  • Пікір жоқ
– Әбеке, өз тәжірибеңізде адам қай жасында қартайғанын сезінеді екен? – Кешегі жастық шақ бүгін жоқ. Ер­теңнің қандай болатынын болжау қиын. Бүгінгі шаршай бастағаның – кәріліктің алғашқы қадамы. Әр адамды заман өсіреді, қартайтады, кәрілікке мойын ұсынуға көнгің келмесе де, амалсыз көндіреді. Уақыт қадірін білу – байлық, оны бағалай білу көбіміздің қолымыздан келмейтіндігі де рас. Уақыт […]

РУХАНИ МҰРА ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

  • 21.12.2017
  • Пікір жоқ
Үмбетхан Сәрсембин, философия ғылымдарының кандидаты Қазақ идеясы қазақтың ата мекені, қазақ елінің тағдыры, оның болашағынан терең ой қозғаған ой­шылдардың, қазақ мемлекетін құрудағы алаш тұлғаларының идеяларының рухымен дү­ниеге келіп, ұлт мүддесіне қызмет еткен қазақ зия­лы­ла­рының бойындағы рухани қасиеттерін, білі­мін қалыптастырып отырған дүние. Тарих бойы қа­лыптасып отырған қазақ тұлғаларының елдік идея­ларының ұлттық мұраға айналуы, зиялыларды тәрбиелеп, ұлт […]

Руға бөліну керек пе?

  • 21.12.2017
  • 1
Бердалы ОСПАН, мәдениеттанушы Жүзге, руға бөлінуді қоймасақ, ел болып, қазақ болып жетіспейміз. Басқаларға күлкі-мазақ болып, тоз-тозымыз шығып кетуіміз мүмкін. Ақын Кенен Әзірбайұлы. Руға бөлінудің бүгінгі жағдайы кәдімгідей көңіл алаңдатады. Бұл құбылыс тұтас бір ұлтты торына түсірген індет. Біраз уақыт бұрын «Бір рулардың өкілдері жиналыпты, өздерінің президенттерін сайлапты» деген сөз шықты. Енді, олар өз аталастарынан шыққан […]

“Сағындым Алматымды” әні және композитор

  • 21.12.2017
  • Пікір жоқ
Назым САМЕТ, «Ақиқат» қоғамдық-саяси журна­лының штаттан тыс тілшісі Алтынбек Қоразбаев (1 ақпан 1948 жыл, Жамбыл облы­сы, Меркі ау­даны, Қызылсай ауылы) – қазақстандық композитор, әнші. Қазақ­стан ха­лық әртісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының ие­гері. Қырғызстанның Халық әртісі. – Неміс ақыны В.Гёте: «Музыка өнері – ерекше дарын иелерінің қуат алатын қайнар көзі. Оны сезіну, дүниеге әкелу ұлы адамдардың қолынан келеді» – деген. Өнерге келуіңіз жайлы айтсаңыз. – Ұлы деген […]
Бет 4 ден 8« Басы...«23456 » ...Соңы »