Бөлім мұрағаты

БІР ҚАЙЫРЫ БАР ДҮНИЕ

  • 06.03.2017
  • 0
Мәлік ОТАРБАЕВ, Қазақстан Жазушылар  Ода­ғының мүшесі Сырлы әлемнің сырғалары Таң атқанда жұлдыздар да біртіндеп жасырынады емес пе.  Олар Күнге саналы түрде бағынып мойынсұнатынға ұқсайды. «Жарығы мен жылуын ғаламға мейірлене шашқан Күннің қасында біз сияқты бірде жанып бірде сөнетін жұл­дыздарға орын жоқ» дегендей кішіпейілділік танытатын көрінеді.  Содан жер бетіндегі тіршілік саябырсып, тынышталған уақытта шыға келіп, аппақ […]

АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ЖЕР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ немесе «Мен қорғамасам елімді (жерімді) кім қорғайды» деген ұғым қазақ зиялыларының басты принципі болған

  • 01.08.2016
  • Пікір жоқ
Үмбетхан Сәрсембин, философия ғылымдарының кандидаты Тұлғаны тәрбиелейтін, тәрбиелеп ел алдына шығаратын әлеуметтік орта. Қоғамы күшті ел зиялылардың рухымен өркендеген. Елдің жағдайын, халықтың көңіліндегі дүниелерді зерделеп ұғынуға қабілетсіз, қызығушылығы жоқ, ел тұрмысынан бейхабар, әсершіл, ісін қиялмен тербейтін адамдар қатары басым ортаның дамуы күрделі, қайшылықтарға толы болып келеді. Себебі, ел рухының серпілісіне ықпал ететін рухани дүние кездейсоқ […]

БІР АУЫЗ СӨЗ немесе салбөксе сараңдық, күшәлә күндестік, іріңді іштарлық, қиямпұрыс қызғаныш бізді қайда апарады?

  • 01.08.2016
  • Пікір жоқ
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, жазушы Қазақы ортада өсіп, жаны да, қаны да қазаққа айналып кеткен Герольд Бельгердің «Күнделік беттерінен» атты ой толғақтарын оқып отырып, мынадай жолдарға тап болдым. «…«Датта», «Пепел Класса» деген мақалам шықты. Оны менен бұрын оқыған тоғызыншы қабатта тұратын көршім Кеңес Түктібаев хабарлады. Сүйінші дайын, кел де ал дедім. Кеңес те, әйелі Сәуле де зейнеткер, […]

ГЕНДЕР ТЕҢЕСТІРЕ МЕ, ӘЛДЕ ЕГЕСТІРЕ МЕ? немесе ФЕМИНИЗМ – ГЕНДЕРОЛОГИЯ – НЕОГЕНДЕРОЛОГИЯ – ПОСТГЕНДЕРОЛОГИЯ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

  • 05.07.2016
  • Пікір жоқ
Берік Аташ, философия ғылымдарының  докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасы Адамзат эволюциясын тым және арғы түп тарих бойынша  ретроспективтік тұрғыдан қайта таразыласақ,  оның ішінде, әйел мен ердің теңдігі туралы ахуалдарды сараласақ, түптеп келгенде, бір ақиқатқа сеніміміз хақ: бір кездерде, бір уақыттарда әйел билігі немесе соған сәйкес ер билігі әйгіленгендігі. Бірақ, осы екі биліктің белгілі бір […]

УӘДЕГЕ ТҮСТЕ БЕРГЕН КЕШКЕ ТАЙҚЫП…

  • 05.07.2016
  • 1
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, журналист Бүгінгі қоғамда үлгі болатын адамның пендешілікке салынып, ойсыз қылық танытатыны, бетіңе күліп, сыртыңнан өсек тарататыны, жауапкершіліктен жалтаруы үшін құрғақ уәдені үйіп-төгетіні құпия болудан қалды. Қазір біздің жалғандыққа етіміз үйреніп кеткеніміз соншалық, өтірік айтқан адамға (егер оны адам деп танысақ) «Неге бұлай алдадыңыз? Қолыңыздан келмесе, көмек көрсетуге құлқыңыз жоқ болса, неге уәдені үйіп-төктіңіз?» деп […]

КҮНДЕЛІК БЕТТЕРІНЕН

  • 29.12.2015
  • Пікір жоқ
Герольд БЕЛЬГЕР, жазушы 01.03.14  Өзіміздің кәдімгі «күміс Дельвиг» – Бақытжанымыз  (Қанапиянов) телефон тастады. Екі кітабым да терімге беріліп, редактор белгіленіпті. Екі айдан соң қолға тиеді-міс. Бұл, әрине, үлкен жетістік, қуаныш, мәртебе. Осындай жағымды жаңалық үшін бір бокал – дүниежүзіне аян – «Сарыағаш» шарабын тартып жіберсе қатып-ақ кетер еді. Саулық көтермейді.  Ананьева Берлинде тұратын  Кошуттың хатын […]

КҮНДЕЛІК БЕТТЕРІНЕН

  • 30.11.2015
  • Пікір жоқ
Герольд БЕЛЬГЕР, жазушы 01.01.14  О, тәңірім! Дал-дұлы шыққан денсау­лықпен ескі арбадай қиралаңдап, ХХІ ғасырдың 14 жылына жеткенім шын ба, өтірік пе? Шын! Шын! Тәуба, тәуба! Түрліше уақ-түйекпен айналыстым: өт­кен жылғы қарыздарды (жазу, сызуды айта­мын) өтеу, өзге де шаруаларды реттеу, жүйелеу тәріздес.

ҚАЗАҚ ТӨЗІМДІ, ӘЙТСЕ ДЕ КӨНБІС ЕМЕС… немесе көнбістік-ынжықтық пен надандық үзеңгілес ұғым

  • 17.03.2015
  • Пікір жоқ
Сейілбек Мұсатаев, профессор, саяси ғылымдарының докторы Әлемдік саясаттағы орын алып жатқан оқиғаларға зер салып қарасақ, түрлі соғыстар, жанжалдар, дағдарыстар, террорлық актілер, атыс-шабыстар толастамай тұрғаны анық байқалады.  Ғылым мен техника дамып, мәдениет көркейіп, өркениеттік дамудың жоғарғы сатысына көтерілген сайын, адамзат атаулы шыдам, төзім, сабыр, тағат, көну, шүкір ету, өзара түсінісу, сыйласу, мойындау, толерантты болу сияқты адамгершілік […]
Бет 1 ден 41234 »