Бөлім мұрағаты

ТҮРКІЛІК ЖЫЛ МАУСЫМДАРЫ

  • 21.02.2014
  • Пікір жоқ
Серік  Ерғали, саясаттанушы Қазіргі дәстүрге салсақ, жаңа (жас) жыл қыста кіреді, ал, қазақ ұғымы бойынша қыста «кәрі құда келіп әлек салады». Абай мұны айтқанда, қазақтың ғана емес, кемінде ондаған ғасырлық тегі бар танымға сүйеніп отыр. Ата қазақ жылды рухани-пәлсәпәлік жағынан бір біріне қарсы екі маусымға – алты ай қыс пен алты ай жазға  бөлгенімен, тіршілік […]

ШАРАПАТТЫ СӨЗДЕР

  • 29.03.2013
  • Пікір жоқ
  1.Тілек       Қазақ фольклорында жеке адамдар тарапынан қандай бір әдет-рәсім, еңбек-кәсіп, іс-шараға тап болғанда оған сәттілік, табыс тілеу мақсатында айтылатын қысқа тақпақ,немесе қара сөзден құралған арнаулы сөздер бар. Риясыз ақ көңілден айтылатын ондай ақжарылғап сөздерді біз тілек деген жеке жанрға топтаған жөн деп санаймыз.   Рас, бұл сөздер рәсімдік құттықтауларға қатты ұқсайды. […]

СҰЛТАНМАХМҰТ (1893-1920)

  • 28.04.2012
  • Пікір жоқ
Он тоғызыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдардың басында дүниеге келіп, ұлы Абай іргетасын қалап кеткен классикалық қазақ әдебиетінің қабырғасын беркітіп, шаңырағын биіктетуге жабыла атсалысып, жарыса қалам сілтеген Мағжан мен Бейімбет, Сәкен мен Ілияс, Сәбит сияқты сайыпқыран қаламгерлердің арасында құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың орны ерекше. Қаламдас, қадамдас, құрдастарының ішінде қалың елі қазағының азат, абат […]

ӘБУБӘКІР КЕРДЕРІ (1861-1905)

  • 19.04.2012
  • Пікір жоқ
Кете Жүсіп сияқты шыққан руына қарап Кердері атанып кеткен Әбубәкір он тоғызыншы ғасырдағы кітаби ақындардың бірі. Оның түп тегі Кіші жүздегі Жетіру тайпасының Кердері руынан тарайды. Соның ішінде ол Таран деген тұқымның тумасы. Ел арасында «Таран таранып тойға бармаса, той той болмайды» де­ген мәтел бар екен. Соған қарағанда, бұл әулеттен ойын-тойдың әрін кіргізер әнші-күйші, сал-серілер […]

МӘШҺҮР ЖҮСІП (1858-1931)

  • 08.02.2012
  • Пікір жоқ
Кең тынысты ақын, кемел білімді тарихшы, кеңінен ойлайтын ғалым, ауыз әдебиетінің інжу-маржандарын жалықпай жинаған зерделі зерттеуші Мәшһүр Жүсіп Көпеев жер сұлуы – Баянауыл төңірегінде 1851 жылы дүниеге келген. Асылы Арғынның сүйіндігінен өрбитін Айдабол Күлік. Арғы атасы Тілеуімбеттің он бес ұлының көбі қалмақтармен соғыста қырылып, інісі Сексен бірі бесікте жатқан, бірі кебежеге тығылған екі немере жас […]

ӘСЕТ НАЙМАНБАЕВ

  • 28.11.2011
  • Пікір жоқ
Аспандағы аққумен әнін қосқан арынды да дабылды өнерпаз. Әсеттен тағдыр тәлкегін  көп көрген әнші де, ақын да кемде-кем шығар. Қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының жеріндегі Қызыларай тауы баурайында өмірге келген ол әкеден он төрт жасында жетім қалып, кезіндегі Көктал болысында тұратын нағашыларының қолында өседі. Тұрған жеріне жақын Мақаншы өңіріндегі Көктума ауылында Зейнулла деген имамның медресесінде […]