Бөлім мұрағаты

ДҮБӘРАДАН ДҰРЫСТЫҚ ШЫҚПАЙДЫ

  • 06.03.2017
  • 1
Ел ішінде «баламды оқытам деп кәпір қылып алдым» деген сөз бар. Бұл сөздің астарында қандай қасіретті шындық жатқанын әншейін кезде елей бермейміз. Әуел баста мұндай өкінішті лебіз әлдекімнің орысша оқыған баласының дәстүр жолымен жүрмей, қырын кеткендігінен туған болу керек. Әлбетте бұра тартқан, қиғаш лаққан бірен-саран болса, «ел ішінде бір тентек жүрмеймеге» салып, бұған аса көңіл […]

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ КҮЙІ

  • 02.02.2017
  • 0
 Мағыналы жұрттың көзімен қарағанда біздің жұрт дүние жүзіне жаңа туып, тіршілігі бар жанды нәрсе екендігінің белгісін енді көрсетіп отыр. Қазақтың бұрынғы өткен заманында жорықта тіршілік болды деуге болмайды, себебі ол өткен күндерді біз соқырлықпен өткіздік. Һәр жұрт өзінің жұрттығын біліп, өзгемен тізелесіп отырып жұрттық сыбағасын жырып ала алмаса, қасындағы іргелі көршісі қандай саясатты қолданып отыр, […]

Қазақ қашан жетіледі

  • 10.01.2017
  • 3
…Ал енді қазақтың рухы, мінезі, талабы, жігері қандай? Мәдениетті Европаға, тез жетілген Японияға қазақтың мінезі жанаса ма? Европа адамы табанды. Жабысқақ, ісшіл, зерек, ерінбейтін жан себіл келеді. Япония да сондай тірі, пысық, жігерлі жұрт. Біздің қазақ ше? Өзімізден озық жұрттарда жоқ «жақсы» мінездің бәрі бізде: керенау, кежір жалқау, салқам, табансыз, басын бастап, аяғын тастап жүре […]

Орыс қызы Оксана жəне қазақ қызы Айгүл Гуляницкая

  • 07.12.2016
  • Пікір жоқ
– Саламатсыз ба? Артыма жалт қарадым. Қолтығында бір бума газет-журнал құшақтаған жеткіншек орыс қызы тұрды. – Сəлеметсің бе? – деп сəлемін қабыл алдым. Диоптриясы дəу қалың көзəйнектің астынан тотияйындай көк көздер маған қадалды.

«ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ КЕҢЕС ГАЛСТУГІ» және ТҮРКІСТАНДАҒЫ КЕҢЕС ШОШҚАЛАРЫ

  • 07.11.2016
  • 1
«Галстук» еуропаша киімге жарасады. Бірақ, біз бұл арада ол туралы айтайық деп отырған жоқпыз. Біз «саяси галстук» туралы айтпақпыз. «Саяси галстуктің» не екенін білгіңіз келсе, мына төмендегілерді оқыңыз. Көне Ресейде «Столыпинский галстук» деген бейнелі сөз бар болатын. Бұл сөз патшалық Ресейдің ең беделді министрлерінің бірі Столыпиннің көптеген адамдарды дарға асып өлтіруіне байланысты шыққан. Ол кезде […]

САНА ҚАЙДА!

  • 28.09.2016
  • Пікір жоқ
Мадияр, «Қазақ», 1917 ж. № 236. Бір кездегі өткен түс секілді, көрген күнің көр секілді еді. «Баяғыны» сағынушы едің, «казіргіге» қамығушы едің. «Әттең, тәңірімен» күнің өтті. Тілің шықса, үнің шықпады. Үнің шықса, күнің шықпады. Дүниені қараңғы тұман басты. Сен бір еріксіз құл едің. Талантсыз туған сорлы едің. Көп зарықтың, көп сарғайдың…

Біздің қазақ баласына не қылғанда басқа жұрттарға теңелуі хақында біраз кеңес

  • 15.09.2016
  • Пікір жоқ
Біздің қазақ халқы Россияда болған инородец болған жұрттардың да ғылым жағынан төмен халқы болып та жер-судың арқасында күн көріп, ойнап-күлгенге мәз болып жүріп жатыр. Бұл күн­дерде бізден басқа халықтың бәрі де оянып, не нәрсе өзіне пайдалы жағын ұстап, залалы жағын қоя беріп жатыр. Біздің қазақ әлгі өзінің қызығында жүр. Орыстардың бағызы білгіш кісілері айтады: осы […]

Ұрпаққа хат (немесе абақты қабырғасынан  жеткен  аманат)

  • 01.08.2016
  • Пікір жоқ
Қазақ халқы. Қазақ халқының жай-күйi. Кiм жерiне жетiп тек­середi, қан жылап жүрген қай­ғылы халiн жүрекпен сезiп, кiм ескередi? Губернаторлар мен ояз бастықтарын былай қойғанда, қазақтың қара шекпендiсi ең кiшi урядниктiң алдында қалтыраумен күн өткiздi, түкке тұрғысыз тiлмаш шенеунiктерi, болыс әмiршiлерi қолдарымен от көсеп, одан сайын үрей шақырып, ұлтты адам төзгiсiз қорлауға көндiрiп келдi; дүрелеу, зорлық, […]
Бет 1 ден 812345 » ...Соңы »