Ізгілікті қоғамға барар жолда

«Нұрлы жол» – құлпына кілті табылған бағдарлама

татыгулов-цвет

Әбдісағит Тәтіғұлов,
Мемлекеттік сыйлықтың 
лауреаты

Біз Қазақстанымызды дамудың
жаңа межесіне шығаратын боламыз!
Нұрсұлтан Назарбаев 

Алдымен баспана…

Биыл Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған кезінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баев «Болашақ-Т» ЖШС тұрғын үй құрылысы комбинатымен, олардың жұмыскерлерімен танысып, мекеменің өңірдегі үй тұрғызу мәселесіндегі елеулі орнын атап өткен болатын. Сонымен бірге, «Алдымен баспаналы болу керек, содан кейін отбасын құру керек. Егер, өз үйің болмаса отбасын қай жерге құрасың?! Бізде дұрыс істемейді. Алдымен баспана мәселесін шешіп алу керек, сосын үйлену керек», – деген ағалық ақылын да айта кетті. Отбасын құрып, отау көтеру үрдісін қазақтар үйлену дейді, яғни, үйлі болу деген мағынада. «Үйің жаман болса, күйің жаман» деп түсінетін қазақ отбасы болудың алғышарты ретінде үйлі болуды бірінші кезекке қойған.

«МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН» МЕКТЕПТЕН БАСТАП ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ, «АҚБАСТАУ – РУХАНИ ТАЗАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ»

Мұхит Ауелбай

Мұхит ӘУЕЛБАЙ

«Адамға ең бірінші білім емес, 
тәрбие беру керек. 
Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың 
қас жауы, 
ол келешекте оның өміріне апат әкеледі». 
Әл-Фараби. 


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы, 29-маусымындағы № 873 қаулысымен бекітілген «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарының мақсат-міндеттеріне сай, МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТТЫҚ (ДІЛ) ИДЕЯ­СЫН» іске асыру, әрбір отбасы, мектептен бастап, қоғамның барлық саласында: 

Жасыл экономика – болашақтың таңдауы

Айтаханов Куаныш Айтаханович

Қуаныш  АЙТАХАНОВ,
Парламент Сенатының депутаты

Еліміздің қойнауы байлыққа толы. Бірақ, ол мәңгілік емес. Күндердің күнінде көмір де, темір де, мұнай да, газ да таусылады. Жыл өткен сайын оларды өндіру де, тасымалдау да қиындай түсуде және қымбаттауда. Ал, әлемдегі өндірістердің көбеюі мен халық санының өсуі энергияға деген сұранысты еселей арттыра түсуде. Энергия өндіруде атмосфераны зиянды уландырғыш заттармен ластайтын – мұнай, газ, көмір және басқа да қорларды пайдалану қоршаған ортаны, планетамыздағы экологиялық жағдайды ушықтырып жіберуде. Бүгінде атмосфераның ең ірі ластаушыларына тау-кен саласы, жылу және электр энергетикасы, мұнай-газ кешені кәсіпорындарының стационарлық көздері жатады. Сондай-ақ, еліміздегі атмосфералық ауаның жай-күйіне автомобиль көлігі де келеңсіз әсерін тигізуде. 

Қазақстан және Еуразиядағы төрт трансформация

К.Токаев суреты

Жақында қазақстандық парламенттік делегация «Азия және әлем – ортақ мүмкіндіктер, ортақ өркендеу» тақырыбымен өткен екінші Сингапур форумына қатысқан болатын. Форумның ашылуында Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі баяндама жасады. Еуразия болашағына назар аудартқан Қ.Тоқаевтың осы жан-жақты баяндамасын біз толықтай беріп отырмыз. 

Байлық та, бақыт та – бірлікте

Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір жаңа сессиясы ел ынтымағын одан әрі нығайтуға, ортақ мақсаттарды айқындап, жаңа белестерді бағындыруға бағытталған мұратымызды белгілеп келеді. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында өткен алқалы жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. Айта кетейік, Ассамблеяның кезекті ХХІV сессиясының тақырыбы «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы  Біртұтас Ұлт» деген тақырыппен өтті. 

Жаңа Парламент алдында жауапты міндеттер тұр

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі

25 наурыз күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ­­стан Парламенті VI ша­қыры­лымының бірінші сессия­­сы өз жұ­мысын бастады. Оны рег­ламент­ке сәйкес Орталық сайлау комис­сиясының төрағасы Қуан­дық Тұрғанқұлов ашып, депутаттар толық тіркелгеннен кейін сессияны ашу үшін сөзді Президент Н. Назарбаевқа берді.

Елбасы Жолдауы және білім көкжиегі

Пралиев

Серік Пірәлиев,  
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһан­дық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»  атты халыққа Жолдауы – қазіргі әлем­дік экономикалық, саяси, рухани дағдарыс жағдайдағы ел тағдырын тығырықтан алып шығар уақыт талабына сай бағытталған тарихи құжат болды. Ол экономикалық бағдарлама ретінде де аса құнды. Жалпы, халық Елбасының тарапынан әлемдегі дағдарысқа байланысты тығырықтан шығаратын жол мен күрмеуін шешетін үміт пен демеу күткен еді. Елбасы бейбітшілік пен ынтымақтастықтың тірегі ретінде  өз миссиясының мазмұнын, қызметін қазіргі жағдайға нақты бағыттап берді. Елбасының халыққа жаңа Жолдауында қазіргі жаһандық ахуал сыни тұрғыдан терең талданып, дағдарыстың ерекшеліктері мен экономикалық, саяси-әлеуметтік жолдары анықталды. Жолдаудың өзекті мәселесі адам, халықтың экономикалық ойының өзгеруі, өмірінің мәні оның руханиятымен тығыз байланысты. Адам өзінің бойындағы қасиетін асқақтата отырып рухани қуатын әлемге паш етуі арқылы өз өмірінің мәнін пайымдайды.

Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол

Нұрсұлтан 
НАЗАРБАЕВ:
Біз өзіміздің қазақстандық арманымыздың орындалуына және Қазақстанның өркендеуіне сенімді 
түрде қол жеткізетін 
боламыз!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: 

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 инс­ти­туттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.
Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.
Бізге  тарихымыздағы  бұрын-соңды бол­­маған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгеріс­терді бағамдау маңызды. Оның үс­тіне, олар БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНЫМЫЗ – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.
Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұм­тылыс көрініс таппайды.