Тәуелсіздік – 20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Парламенті, мем¬ле¬кет¬тіліктің ойдағыдай орнығып, нығаюы жолында ел тәуел¬сіз¬-дігінің тарихи маңызын сезіне отырып, конституциялық құндылықтарға, республикамыздың Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. На¬зар¬баевтың халық игілігін көздеген сараб¬дал саясатына адалдық таныта отырып, қазақ елі мемле-кеттілігін құру мен оның негіздерін жетілдіру ісінде қазіргі және болашақ ұрпақтар алдында жауапкершілікті бөлісе отырып, Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырудың конс-ти¬туциялық міндетін негізге ала отырып, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ЖИЫРМА ЖЫЛ¬ДЫҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН салтанатты түрде қабылдайды.

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Рес¬публикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдан¬ған¬нан бергі кезең ішінде Қазақстан демо¬кра¬тия¬лық саяси-құқық¬тық жүйесі бар, эко¬но¬ми¬касы тұрақты, халқы¬ның әл-ауқаты жоға¬ры, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты.

ЕНШІМІЗГЕ БҰЙЫРҒАН ЕРЕН БАҚЫТ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы

Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі

Қымбатты отандастар!

Бар игілігіміздің бастауы болған құтты Тәуелсіздігімізге 20 жыл толды!

Бұл – байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн! Бабалар аңсарын ақиқатқа айналдырған еліміз үшін ұлан-асыр той!

Ендеше, баршаңызды ұлыстың ұлы күнімен – Тәуелсіздік мереке¬сімен шын жүректен құттықтаймын!!!

Ардақты әлеумет!

Біз алтын таққа отырған асқақ дәуірлерді де, өзгенің бодауында болған кер заманды да бастан кешкен елміз.

Сондықтан халқымыз азаттық рухын терең сезініп, жан-жүрегімен түсіне біледі.

Бірлігі кетіп, берекесі қашқан халқымыз «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламада» қынадай қырылған.

Аласапыран заманда ағайынның алауыздығынан басына бұғалық түсіп, бұлт үйірілген бұлдыр күндер орнады.

Сондықтан данышпан Абай «Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?» деп күңіренді.

Бірақ, тағдырдан талай теперіш көрсе де, халқымыздың рухы жасымаған.

Азаттық – Ұлы Даланы мекен еткен аталарымыздың асыл арманы еді. Біз осы асқақ арманға қол жеткіздік.

Еркіндік аңсаған қазақ халқының өршіл мінезі, намысты жаныған жастар бұлқынысы Желтоқсанда жанартаудай жарқ етіп, жаңа тарихымызға елеулі із қалдырды.

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ: ИДЕЯДАН БОЛАШАҚТЫҢ ТАРИХЫНА

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,  

Қазақстан Президенті

 

Б1зді саяси күнтізбеде символды түрде көршілес тұрған екі атаулы оқиғадан небәрі бірнеше апта ғана бөліп тұр.

Біріншіден, ол – ТМД-ның Алматы Декларациясына қол қойылуының 20 жылдық мерейтойы. Ол КСРО қирандысында Еуразия және бүкіл әлем тарихындағы өте ерекше мемлекетаралық бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының пайда бол­ғанын жариялады.

Екіншіден, ол 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа жоба – Біртұтас экономикалық кеңістікті жүзеге асырудың басы.

Оларда жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі ұлттық мүдделердің түзілуінің көп жылғы тәжірибесі, еура­зия­лық интеграцияның оңтайлы моделін іздеу және миллиондаған қарапайым адамдардың жаңа үміт­тері біте жымдасқан. 

 

ЫДЫРАУ

АЛАСАПЫРАНЫН

ТОҚТАТУ

1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда менің табанды бастамам бойынша шақырылған посткеңестік мемлекеттер басшыларының саммитін­де жойылып бара жатқан супердержаваның аласапыранды ыдырауының қауіпті үдерісі тоқтатылды.

Сол оқиғаларға тікелей қатысушы ретінде мен оның сөзбен айтып жеткізгісіз шиырласқан шиеле­нісін әлі күнге дейін жадымда сақтап келемін.

Сол бір тарихи күндермен қабаттасқан проблемалар мен қарама-қайшылықтардың ауырлығынан уақыттың өзі де бүгіле түскендей болды.

Қазақстанның және бұрынғы Одақтың өзге республикаларының көптен күткен тәуелсіздікке ие болуының қуанышты сезімі біздің халықтарымыздың еншісіне тиген тарихи жауапкершіліктің аса күрделілігін сезінумен тығыз астасып жатты.

Ол кезеңде саяси дағдарыс экономиканы одан бетер тұқырта түсті. Бұрын болған біртұтас шаруа­шы­лық механизмі көз алдыңда күйреп жатты. Жекелеген кәсіпорындар ғана емес, бүтіндей салалар бір жамбастай құлады. Көптеген адамдар жұмыссыз және күнкөріске қажетті қаржысыз қалды. Элек­трсіз қалған қалалардағы пәтерлердің тере­зелері үңірейген қара қуыстарға айналды, қарапайым жылу да болған жоқ. Мұндай көрініс іс жүзінде бұрынғы Одақтың барлық өңірлеріне де тән болды.

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ: сапалық өзгерістер

Нәубәт Қалиев – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы 

Тәуелсіздік жылдары елімізде қалыптасқан саяси жүйенің түбегейлі айырмашылығы неде? Осы жылдар  қоғамның саяси жүйесінің  табиғаты мен құрылымына, қызметіне әкелген негізгі өзгерістердің мәні мен мазмұны, сапасы неден көрінеді?  Бұл Тәуелсіз Қазақстанның мереке қарсаңында әр саясаттанушы мен саясаткерді ойландырары хақ.  Біз де осыған жауап іздеуге талпыныс жасадық.  

Тәуелсіздік жылдары  Қазақстанның жаңа мемлекетін  және оның  саяси жүйесін қалыптастыру оңай болған жоқ.  Бұл үрдіс өте қайшылықты, тартысты, қателіктер мен қатерлер арқылы жүргенін ашық айту қажет.

 Қазақстан мемлекеті нысаны мен табиғатын анықтауда ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында еліміздің саяси басшылығы мен интеллектуалдық күштері алдында  аса күрделі міндеттер тұрды.

  Сол тарихи да тағдырлы уақытта  дербес мемлекетті құру ісіндегі төтенше   жауапкершілікті өзіне алған Н. Назарбаев былай деп толғанады: «Қазіргі сарапшылар белгілі бір саяси режим жайында баға бергенде, оның мойнындағы міндеттерді ескермей, баға беруге тырысады. Ол мемлекетті қалыптастыру, бір экономикалық жүйеден екінші бір экономикалық жүйеге көшу, демократиялану процесін дамыту, әлеуметтік және ұлтаралық орнықтылықты сақтау және нығайту, сыртқы саяси бағыттар желісін тарту… Ұлттық жаңару, мемле­кеттікті қалпына келтіру әрдайым оп-оңай жүзеге аса бермейді»  [1, 128 б.].  

Тәуелсіз Қазақстан  мемлекетінің қалыптасу  кезеңі бұрынғы КСРО аумағында саяси, әлеуметтік экономикалық мүдделер мен қатынастардың ерекше шиеленісуі үдерісімен қабаттаса жүрді. Әлеумет­тік топтардың мүдделері мен қажеттерін бұрынғы саяси режим қанағаттандыра алмады. Оның ішіндегі ең өткір, шетін тұрғандары – азаматтардың саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтарын кеңейту, сөз бостандығы, ұлттар мен этностардың тіл, мәдениет саласындағы сұраныстарын мүмкін­дігін­ше қанағаттандыру, азаматтардың қауіпсіз­дігін нығайтып, азаматтық татулық пен қоғамдық тәр­тіпті нығайту еді. Қазақстанның болашақ мемле­кеттік дамуы туралы берік, сындарлы  тұжырымдама әлі қалыптаспаған еді.

ТӘУЕЛСІЗДІК БІЗГЕ НЕ БЕРДІ?

Қазақ халқының сан ғасырлық арманы болған Тәуелсіздіктің тағылымы мен тарихы жайында айта берсе әңгіме таусылмайды. Тәуелсіздік тек экономика мен саясатта ғана емес жеке адамдардың да өміріне өзгеріс, жақсылық, табыс, жетістік әкелді.

Міне, сондықтан  журналдың Тәуелсіздікке арналған арнайы бетінде осы  жылдары еңбекте, ғылыми ізденісте және отбасы өмірінде жақсылық пен қуанышқа, жанұя бақытына кенелген жандардың тілек-лебіздерін жариялап отырмыз.

***

Қалдыбай Пірәлиев,

химия ғылымдарының

докторы, профессор

Тәуелсіздік бақыты немесе мемлекеттік сыйлық

Бұрыннан ғылым саласында еңбек етіп келе жатқан мен Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары докторлық диссертация қорғап, профессор атағын алып, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі атандым. Тәуелсіздік кезеңі – ғылым әлемінде менің жұлдызым жанған жылдар десем артық болмас. Өйткені менің ғылымда ашқан жаңалығым ерекше қолдау тауып, Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жаңа ғасырдың 2003 жылы менің есімнен мәңгі өшпейді. Осы жылы «Қазақстанның синтетикалық және өсімдік шикізаттарынан алынған жаңа бірегей отандық дәрілік заттарды әзірлеп жасау және енгізу» атты ғылыми жұмысым үшін маған Мемлекеттік сыйлық берілді. Қазақстан Республикасының ғылыми-техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлығы маған бұйырды. Тәуелсіздіктің арқасы ғой. Олай болса Тәңірден Тәуел­сіздіктің баянды болуын тілеймін. Тәуелсіздіктің маған берген жақсылығы мен бақыты жайында айта берсем – әңгіме таусылмас. Еңбегім өз алдына отбасы өмірінде де жақсылықтар жалғасты. Кенже балам үйленіп, немере сүйдім. Қазір үбірлі-шүбірлі немерелердің атасымын. Менің 70 жылдық мерейтойым Тәуелсіздік мерекесімен қатар келіп отыр. Бұдан артық қуаныш бар ма?

Тәуелсіздік жылы дүниеге келіппін

Салтанат  Өтепберген, Халықаралық бизнес

университетінің студенті

 

Менің ата-бабаларым өмір бойы Тәуелсіздікті аңсап, сол жолда күре­сіп, соғысып, босқын болып, ата­қоныс­тарынан айрылып, кейін тарихи Отаны Қазақстанға оралған. 1916 жылғы Қарқара көтерілісі болған өлке менің атамекенім. Қарқарадағы ұлт-азаттық көтеріліс жайында әкемнің әже, шеше­лері жиі әңгімелеп отырады екен.

Әкем белгілі математик оқытушы Шаймұрат Тәуелсіздік жолында құр­бан болған Ұзақ, Жәменке және Әубәкір батырлар жайында қазір де әңгі­мелеп отырады.

Мен үш ұлдан кейін 1991 жылы Тәуелсіздік жылы туыппын. Яғни, Тәуелсіздіктің құрдасымын. Осы жылдары балабақшаға, мектепке барғаным бәрі есімде. Ел егемендігін ал­ғанда жаңа оқу орындары көптеп ашылды ғой. Сол заман талабына сай ашылған Халықаралық бизнес универ­си­тетінде төртінші курста оқимын. Мені АҚШ-қа, Италияға оқуға шақырды. Барғаным жоқ. Өйткені өз елімде білім алғанға не жетсін. Ағылшын, қазақ тілінде еркін сөйлеймін. Тәуелсіздік өз ұлтыңды сүю. Сол жолда еңбек етіп, халқыңа пайдаңды тигі­зу. Тәуелсіздік туралы мен – Тәуел­сіздігіміз мәңгі болсын деп тілеймін.

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ:

Ермек Нұрмағамбет, 

Оқытушы

 

Азаттықты аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындал­ғанына да 20 жыл толғалы тұр. Осы сындарлы шақта елдің елдігін сақтап қалу, ұлттың еңсесін тіктеу, халықтың сенімін ақтау аса күрделі іс болатын. Сол аса күрделі кезеңде Н. Назарбаевтай көреген басшы салиқалы саясат ұстанып, елді, халықты сүріндірмей сара жолға шығарды. Елбасы осыдан 20 жыл бұрын: – Біз зайырлы құқықтық мемлекет құруымыз керек. Адам құқығы әркез қорғалуы тиіс. Заңдылықтар сақталса, адам өзінің заңды түрде қорғалатынын айқын сезінсе онда дұрыс жолмен келе жатқанымыз, – деп еді. Енді міне, сол сәттер де сағымға айналып, еліміздің егемендігіне 20, Ата Заңымызға 16 жыл толғалы тұр.