Мәселенің мәнісі

ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ ДЕҢГЕЙІ НЕГЕ ТӨМЕН?

Куандық Шамахайулы

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ,
ҚР мәдениет қайраткері, 
халықаралық журналист

Тәуелсіздік жылдарында реформадан көз ашпаса да, қарыштап дамып кете алмаған бір сала болса, соның дәл өзі жоғары білім беру мен ғылыми зерттеу жүйесі шығар. Қазіргі Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін қалай реформалауды қарастырмас бұрын алдымен  елдегі аталмыш саланың тарихына бір сәт зер салуымыз керек сияқты. 

ҚАЗАҚҚА ДҰШПАН ҚАЗАҚ ПА?

128901_1731810362_12

Айгүл  Кемелбаева,
журналист

Абай айтпаған жегі сөз

Мынау елді ұстарлық
Кісі емеспін, кел, құтқар!
Қолдан келмес қорлыққа
Неге болдым мұнша іңкәр?
«Болыс болдым, мінеки».

Ауыл қазақтары рушыл емес, Олжас аға!

Есенкул

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ,
Сүлеймен Демирел университеті 
«журналистика» кафедрасының меңгерушісі

ХХ ғасырдың басында Алаш арыста­рының көсемі Әлихан Бөкейханов «Әл­хам­дулла, 6 миллион қазақпыз!» деп жар салған еді, алайда сол ХХ-ғасырдың бірінші жартысында-ақ І дүниежүзілік соғыс, Қазан төңкерісі, қасақана жа­салған ашаршылық, Сталиндік репрессия, ІІ дүниежүзілік соғыс сияқты зұлматтар мен алапат нәубеттер кесірінен 2 миллионға жетер-жетпес қалған қазақ 50-жылдардың соңында ғана еңсесін тіктеп, есін жия бастады. 

ЖАЛҒАН ТАРИХ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ немесе Геродоттың Томириске (Тұмаарыс) неге бүйрегі бұрды?

Аян-Сейітхан НЫСАНАЛИН,
ақын

Уақыт желбесігінде тербеліп туған төл тарихымыз тұлпарлар тұяғымен ғана емес ел мен жер үшін басын бәйгеге тігіп еңіреп өткен ата-бабалардың қаны­мен де жазылды. Солай болса да, біз науқаншылықтан қашан құтыламыз? Бізде бәрі де науқан. Ең аржағы сайлау да. Күлеміз бе? Жоқ, жылаймыз ба? Қашанғыдағыдай елімізде тарихты таразылау іскерлік, кәсіптіліктен гөрі қып-қызыл науқан туғызып, кім болса соған жарыса жазу кәдімгідей сәнге айналып барады. Әркім шолтиған қысқа көрпені өз ыңғайына қарай тартып қызу додаға түсіп жатқандай. Ілгері, кейінгі қазақ тарихында ақтаңдақ – тылсым тұстар аз емес екеніне ешкімнің де дауы жоқ. Маман тарихшыларының тұқшыңдаған тышқан тіршілігіне қарап қарын ашады. Неде болса Клио тәңірияның (муза) оларға өкпесі қара қазандай шығар. Әйтпесе, қайдағы бір тарихшысымақ Гога Хидаятов көпке топырақ шашып сандырақтағаны несі? «Қазақстан тарихшыларының барлығы жалған айтады, тарихта болмаған оқиғаларды ойлап шығаруда. Мәселен, Астана қаласында Керей мен Жәнібек хандарға ескерткіш орнатылып, оларды қазақ ұлты мемлекетінің негізін қалаушы ретінде дәріптейді, шын мәнінде олай болған жоқ». Бұл көкіп, ар-намысқа тиіп, көпе-көрнеу абыройды айрандай төгіп, жалпақ жалғанды шулатып жатқанда мәу деуге жарамай, жөндеп тойтарыс бермегендерден не үміт, не қайыр? Бұдан артық ары қарай ол қалай-қалай сүмірейтеді: «Қазақ тарихшылары эпос­тар негізінде тарих жазып жүр, ежелгі араб-парсы тілдеріндегі қолжазбаларды пайдалана алмайды, тек археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, сол арқылы тұжырым жасайды». Көлденең көк атты бүйтіп нығарлағанда қайтіп үнсіз қалуға болады? Әй, ұдайы кешігіп жүретініміз-ай!

СЕПАРАТИЗМГЕ КӨРСЕТІЛГЕН ОРАЛ ҚАРСЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ БОЛДЫ?

Серик Ергали

Серік Ерғали, 
«Азат» қозғалысының 1991-1993 жылдардағы Батыс аймақ бойынша үйлестірушісі

Биыл қазақ халқының Тәуелсіздікке деген талпынысын анық байқатқан, азаттық жолындағы саяси күш ретінде бой көрсеткен «Азат» қозғалысының құрылғанына – 25 жыл. Осы ұйымның кезінде ықпалымен елдегі сепаратизмге жасалған тосқауылдың тарихи бағасы әлі берілмей отыр. Ол – Орал қарсылығы еді.
Тәуелсіздікке дейінгі үш бұлқыныс

ХХ ғасырдың соңында қазақ хал­қының ұлттық рухын әйгілеген үш оқиға болды:
– Алматыдағы 1986 жылғы желтоқ­сан көтерілісі;
– Жаңаөзендегі 1989 жылғы шілде оқиғасы;

«ИҚАН ШАЙҚАСЫ» ШЫНДЫҒЫН БҰРМАЛАУ КІМГЕ КЕРЕК?

Өмір Шыныбек

Өмір Шыныбекұлы, 
тарихшы

Республиканың егемендiгi оның бү­кiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аума­ғының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi
Қазақстан Республикасы 
Конституциясының 2-бабы

 Бүкіл әлем назары Украина дағдарысына ауып, Қырым Ресей құрамына өткен тұста, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Южный Казахстан» газеті Оңтүстік өлкедегі патша үкіметінің отаршылығын дәріптейтін ма­қалаларды бірінен кейін бірін, беріп жатыр.

БАТЫСТЫҚ САРЫН БАСЫП БАРА МА, ҚАЛАЙ? немесе ұлттық құндылықтар жүйесіндегі кейбір қайшылықтар

Мусатаев

Сейілбек Мұсатаев,әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының

профессоры, саяси ғылымдарының докторы.

Адамзатқа тән ерекше қасиеттің бірі – белгілі бір құндылықтар жүйесінің болуы. Әрбір адамның немесе әлеуметтік топтың өзіне тән құндылықтары бар. Сол сияқты, қоғам да құндылықтар жүйесі арқылы тіршілік етеді. Қоғамдық құндылықтар жасампаз әрі адамгершілік пен имандылыққа негізделсе, ондай құндылықтарды ұстанатын қоғам дамиды. Ал, құндылықтары азып-тозған қоғамның өзі де кері кетеді. Құндылықтар жүйесі мен Мемлекеттің қалыптасуы және дамуы, ұлттың мықтылығы әрі келешегінің кемел болуы да сонымен тығыз байланысты. Мемлекет құрушы ұлттың құндылықтар жүйесі күшті болса, ұлттық мемлекет те осал болмайды. Алайда, қазіргі таңда бүкіл әлемді қамтыған глобализация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен интернеттің дамуы, тұтынушылық психология мен эгоизмнің құлаш жаюы сияқты заманауи факторлардың әсерінен жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі тоқырауға ұшырап отыр.

Қандастарымыз қағыс қалған жоқ па?

Мусатаев С.Сейілбек Мұсатаев,
саяси ғылымдарының докторы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Саясаттану кафедрасының
профессоры

Көші-қон заңнамасындағы қайшылықтар мен шатасулар

2013 жылдың соңындағы қазақ ұлты үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі – Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді талқылап, бірауыздан мақұлдауы болды. Негізі, құжаттың басты мақсаты – еңбек иммигранттарын заңдастыру, еңбек көші-қоны үдерісін мемлекеттік реттеудің мәселелерін жетілдіру болып табылады.