Нарықтың жүгін нар тартар

Уақытша қиындықтан қалай шығуға болады? немесе кәсіпкерлерге кеңес

2222

Құрманғали АШАНҰЛЫ,
кәсіпкер

Әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстан мемлекетіне әсерін тигізіп жатыр. Қазақ елін әлемнен бөліп-жаруға болмайды. Кешегі санақ бойынша, елімізде халықтың саны – 16 миллион 400 мыңнан асыпты. Алтын-валюта қорымыз – 50 миллиард АҚШ долларын құрады. Үкімет қаржы­лық дағдарысты тежеуге тоқтатуға ІЖӨ-нің 14 пайызын құрайтын 18 миллиард АҚШ долларын бөлді. Ең бастысы, нарықтық жүйе экономикамызда толық қалыптасып, кәсіпкерлер жұмыс істеудің тәжірибесін жинақтауда. Бюджеттен бөлінетін шығындар әлеуметтік салаларға қысқармай, ал, керісінше, мемлекеттік органдар өздерінің шығындарын азайтуда. Бабаларымыз «Көппен көрген ұлы той» демекші, дағдарыстар тарихта болып тұрады. Оны біліп, оқып осы уа­қыт­та отандық кәсіпкерлер бастарынан қиыншылықты өткізіп жатыр. Өмір қиын­дықсыз болмайды, оны жеңе білу керек.

МИЛЛИОНЕР ДІНМҰХАМЕД ЫДЫРЫСОВ ӨЗІНІҢ БИЗНЕСІН қалай орнықтырды

милл

«Бақытыма қарай менің өз өмірімде дос­ты немесе бизнесті таңдау деген бол­ған жоқ. Біздің өз ұстанымымыз: «Егер, біреумен іс жасасаң, ондағы ең ма­ңыз­дысы істің өзі емес, оны кіммен жа­сайтындығыңда», – дейді «Ордабасы» то­бының  басшысы.

Қай салада жүрсем де, жақсы мінез бен еңбекқорлығымнан таңған емеспін

Бакытжж

Бақытжан  Жақсымбетов, 
«Экспо-дизаин» ЖШС-нің 
Бас директоры:  

Ғұлама  бабамыз әл-Фараби: «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен. Бүгінде өзінің телегей табысты биігіне жақсы мінезімен, еңбекқорлығымен, қабілет-қарымымен, зейінді білімімен, іскерлігімен жеткен  «Экспо-дизаин» ЖШС-нің Бас директоры, заң ғылымдарының кандидаты, Жамбыл облысы мәслихатының IV шақырылымының депутаты  Бақытжан  Пармешұлы  Жақсымбетовпен сұхбаттасудың сәті  түскен еді… 

ӨМІР БЕЛЕСТЕРІНДЕ ШЫҢДАЛҒАН АЗАМАТ немесе «Қазақмыс» корпорациясының Заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры, Ауған соғысының ардагері Арман Төлешұлы Қожахметов туралы бір үзік сыр

Нұрлыбай ОМАРОВ,

журналист

Арманның өзі де, әкесі Төлеш те , үлкен әкесі Қожахмет те Жезқазған аймағында туып-өсіп, мыс кенішін өркендетуге мол үлес қосып келе жатқан шахтерлер әулеті. Қожахмет өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында мыс кеніші алғаш ашылғанда шахтер болуға шын ықыласпен ниет білдіріп, алғашқы қазақ шахтерінің бірі болғанын бүгінгі ұрпағы әрқашан мақтан тұтады.

Ол жиырма жыл Жезді руднигінде қажырлы еңбегімен көзге түсіп, кеніштің алдыңғы қатарлы шахтері болған. Ұлы Отан соғысы басталғанда ел қорғауға Қожахмет әкеміз әлденеше мәрте өтіне сұранса да, «қорғанысқа тікелей маңызы бар объектінің бәріне берілген броньның есебінен соғысқа бара алмадым», – деп көзі тірісінде кейінгі ұрпағына талай айтыпты.

Ұлы Отан соғысының орта шенінде, 1943 жылдың соңғы айларында шахтада болған үлкен авария кезінде Қожахмет әкеміз ауыр жараланып, шахтада одан әрі еңбек етуге мүмкіндігі болмай қалған кезде Жезқазған қаласы түбіндегі Қ.Сәтбаев қаласындағы үлкен қалалық наубайханада наубайханашы болып еңбек етіп, құрметті зейнет¬керлік демалысқа сол жерден шығыпты. Сол сұрапыл соғысқа аттанған Қожахметтің үш інісі соғыстан оралмаған. Ал 1942 жылы дүниеге келген ұлы Төлеш орта мектепті бітірісімен әке жолын жалғастырып, Жезді руднигінде шахтер болып еңбек жолын бастайды. Сол кеніш орнында табан аудармай қырық жылдан астам еңбек етеді.

Кезінде Жезді өңірін көп зерттеген елімізге жақсы танымал, атақты тау-кен инженері, академик Қаныш Сәтбаев ағамызбен бірнеше рет кездесіп, пікірлесіпті. Бүгіндері ерен еңбегімен көпшілік құрметіне бөленген Төлеш Қожахметов Жезқазған қаласының Құрметті азаматы. Ол Қазақстан республикасының Құрметті шахтері, көптеген мемлекеттік марапаттардың иегері, биыл 70 жасқа толмақшы. Құдай қос¬қан қосағы – Тілеу Қойшықызы екеуі балалары мен немерелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Тілеу Қойшықызы қырық жылға жуық жинақ банкісінде меңгеруші болып еңбек етіпті. Екі бақытты жанның, ұлағатты ата және ақ жаулықты ардақты анамыздың жанұясында осы жылдар ішінде Арман және Нұрлан есімді екі ұл дүниеге келді. Екеуі де қазір заңгер, кезінде әкесі және аталары еңбек еткен Жезді шахтасында өз еңбек жолдарын бастағандарын әрқашан мақтан тұтады.

Бүгінгі әңгімемізге тиек болып отырған Арман Төлешұлы Қожахметов 1967 жылы Сәтбаев қаласында дүниеге келген. Ол № 19 Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепті алтын медальға тәмәмдайды. Олар оқыған 10-шы сыныпта алты ер бала он жыл осы мектептің бірінші сыныбынан бірге оқиды. Олардың «тай құлындай» бірге өскен достықтары жарасқаны сондай, соңғы қоңырау үстінде бір-бірін қимай «қай жерге барсақ та бірге барып, бір оқуға түсеміз», – деп ақылдасыпты. Ал оқуға баратын қаланы таңдау да қызық жағдайда шешіліпті. Алтауы мектеп¬ қабырғасына ілінген КСРО-ның үлкен саяси картасының алдына келіп, бір жігіттің көзін байлап, сұқ саусағымен қаланы нұсқауы керек болған көрінеді . Бұл таңдауды Арман жасап, сұқ саусағымен Новосибирск қаласын көрсетіпті. Алтауы да орыс тілді сыныпта оқуға өте зерек және жақсы спортшы болғандықтан қаланың қашықтығына да қарамастан белді бекем буып, осы таңдауға тоқтапты. Ресейдің Новосибирск қаласын бетке алып жолға шығады.

Қаланы таңдау жеңіл болғанымен, оқуды таңдау оңай болмайды. Қала толған талапкерлер. Қалайда осы қалада оқуға қабылдануға нық шешім қабылдаған олар оқуға шақырған жарнамаларды оқып жүріп , Новосибирскідегі біржылдық радиомонтерлық техникумның жарнамасына қызығады. Олар бірден сол оқу орнына баруға тілек білдіріп техникумнан бірақ шығады.

БІЛІКТІ БАЙЛАНЫСШЫ

Мұхитдин САЛҚЫНБАЕВ,
«Ақиқат» журналының
Бас редакторы

Маңғыстау облыстық телекоммуникациялар дирекциясының Бас директоры Ержан Әбенұлы Сәрсембаев жайында бір үзік әңгіме

Алаш баласы азаттық алған, ақырып теңдік сұраған күн еді бұл. Елдігіміздің еңсесін әйгілеген 20 жылда Қазақ елін әлем таныды, ақындарша айтқанда «Сәлеміңді алмайтын елдер, саулығыңды сұрайтын» халге жетті. Азат ел болған Қазақ баласы тәуелсіздіктің арқасында тарихын түгендеп, рухани болмысын бүтіндеді. Елбасының салихалы саясаты арқасында ұлттық рухы берік, саяси жүйесі тұрақты экономикалық әлеуеті мықты, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор алпауыт мемлекет құрылды.
Қазақстан Республикасының Президенті тәуелсіздік пен мем¬лекеттілікті одан әрі нығайтуға, Қазақстан халқының рухани-мәдени топтасуына, болашақ дамуды қамтамасыз етуге бағытталған «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» жарлыққа сәйкес, 2011 жыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жылы деп жарияланды. Ол «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өткізіледі әрі осы бастаманы жүзеге асыру үшін Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеуді өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия да құрылды.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында биылғы жылы атқарылуы тиіс негізгі бағыттар мен міндеттердің ішінде Тәуел¬сіздіктің 20 жылдығын ел болып жоғары деңгейде атап өту мәселесіне ерекше мән берілді. Тәуелсіздік – Алла тағаланың біздің қазақ ұлтына берген үлкен бақыты және халқымыздың мәңгілік құндылығы. Жиырма жыл ішінде елдің экономикасын көтеріп, ұлттық мәдениетімізді жаңғырту ісінде Қазақстанның барлық аймағында көптеген жұмыстар жасалды. Тәуелсіздіктің жиырма жылдығын осындай толайым табыстармен қарсы алу баршамыз үшін үлкен қуаныш деп ойлаймыз. Өйткені, Тәуелсіздік тойы жалпыхалықтық сипатқа ие болып, қазақ халқының бүгінгі жас ұрпағына айрықша рух берері сөзсіз. Сондықтан да Тәуелсіздік тойына әрбір қазақстандық ауыл шаруашылығында не өндірісте болсын, БАҚ-та болсын, байланыс саласында болсын ел игілігін арттыру жолындағы сапалы еңбе¬гімен өз үлесін қосуы тиіс. Яғни, Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының адал еңбегі мен елге деген шынайы құрметі тәуелсіздік тойына жасалған үлкен тарту болмақ. Осыған орай Қазақстандағы Байланыс саласының білікті басшыларының бірі «Қазақтелекомның» Маңғыстаудағы филиалының бас директоры Ержан Әбенұлы Сәрсембаев жайында бір үзік әңгіме тарқатуды жөн санадық.