Елбасы және ел мұраты

Ұлы даладағы мыңжылдық тарихтың жаңа дәуірі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі

Қымбатты отандастар!
Баршаңызды ең ұлы мерекеміз, әрі елдігіміздің асқар асуы – Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттық­таймын!
Біз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуел­сіздігімізді жер жүзіне жариялап, күллі әлемге паш еттік.
Алдымен көне түріктің бөрілі байра­ғының мұрагері – Көк Туымызды Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде желбіреттік.
Әнұранымызды әлем көгінде әуелет­тік, Елтаңбамызды мәңгілік мөрге айнал­дырдық.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы

Жуырда Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан ­Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы» қабылданды. Халық қалаулыларының пікірінше, Декларация еліміз үшін маңызды оқиға болып табылады. Онда Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру тарихына баға беріліп, осы бағыттағы миссияны Елбасының аса сәтті орындап шыққаны атап көрсетілген.

Сот реформасының түпкі мақсаты – адалдық, кәсібилік және әділдік

Біз Тəуелсіздік жылдары мемлекет құра отырып, Қазақстанда жүргізілген іргелі реформаларға сай қазіргі заманғы сот жүйесін қалыптастыруға айрықша көңіл бөлдік. Мұнсыз алға қарай шынайы жылжу болмайды. Атап өткенімдей, аз нəрсе жасалған жоқ. Алайда, біз атқарған орасан жұмысты жұртшылықтың оң бағалауы, тұтастай алғанда, сот қаншалық жылдам жəне ең бастысы, əділ болатындығына байланысты, деп бастады өзінің сөзін Елбасы. 

Қазақстан – жаһандық қауіпсіздік көшбасшысы

Жақында Астанада 
Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл 
толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық 
конференция 
болып өтті. 
Оның жұмысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі

Құрметті конференцияға қатысушылар!
Ханымдар мен мырзалар!

ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ МОДЕЛІ

Сейдулла Садықов,
профессор

1991 жылғы желтоқсан айының басында үш республика басшыларының – Ресей Федерациясының, Украина мен Белоруссияның Беловежье орманында кездесуі аса маңызды бірқатар құжаттарға, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру жөніндегі Мәлімдеме де бар, қол қоюымен аяқ­талды. Осылайша, Кеңес Одағы өзінің өмір сүруін ресми түрде тоқтатты. Бұл КСРО халықтарының өзін-өзі ұлттық айқындауы процесінің заңдылық тұр­ғыда толық аяқталуына алып келді. Ал, Қазақстан өзінің мем­лекеттік егемендік жөніндегі Деклара­циясын бұдан бір жылдай уақыт бұрын, яғни 1990 жылғы 25 желтоқсанда қабылдаған болатын. Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру жөніндегі мәлімдеме мен 1991 жылғы 21 желтоқсандағы оның Хаттамасы туралы қайталап айтар болсақ, кейіннен бұл құжаттар төңірегінде әр түрлі пікір­лер айтылды. Біреулер бұл Кеңес Одағында болған Конституцияға мүлде қайшы келетін кезекті мемлекеттік төңкерістердің бірі болды деді. Тағы біреу­лер бұл кез-келген империяда болатын, олардың пікірінше, бұл жерде КСРО негізге алынып отыр, оқиғалардың болмай қалмайтын барысы әрі заңдылық деп есептеді. Үшінші біреулер Б.Ельцин, Н. Кравчук пен С.Шушкевич жағдайды пайдалана отырып, ыдыраған алып елден ірі көлемде қарпып қалуға тырысты деген жорамал жасады. Ал, төртінші біреулер жаңа құрылып жатқан мемлекеттердің бірінші басшыларының қатысуынсыз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құ­рыл­ғаны жөніндегі жария ету өзге рес­публикаларда тұратын халықтарды сыйламаушылықтың көрінісі болды деген пікірге келді. Жоғарыдағы ой-пікірлер мен тұжырымдардың қай-қайсысы болмасын негізсіз емес еді… 

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайлануына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың үндеуі

Қымбатты отандастар!
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде тағы бір маңызды тарихи оқиға болды.
Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіп­сіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұ­рақты емес мүшелері құрамына енді.
Бұл Кеңес – Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты жауапкершілігі» жүк­телген, тұрақты жұмыс жасайтын орган.

Нұрсұлтан Назарбаев: Біздің ортақ мүддеміз – өсіп-өркендеген Қазақстан

Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төр­ағалы­ғымен партияның кезектен тыс ХVІІ съезі өтті.

Съезге барлығы екі мыңнан астам адам қатысты. Соның ішінде еліміздің барлық өңірлеріндегі партия филиалдарының конференцияларында сайланған делегаттардан басқа мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, дипломатиялық корпус пен БАҚ-тардың өкілдері болды. 

Біз – Ұлы Дала ұрпақтарымыз

Үстіміздегі жылдың 11 қыркүйек күні Астана қаласында Елбасы Қазақ хандығының 550 жыл­ды­ғына арналған салтанатты жиынға қатысты. Салтанатты жиынға Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз  Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері Исмет Йылмаз, Түрікменстан Үкіметінің вице-премьері Сапардұрды Тойлиев, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, спорт, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. Салтанатты жиынға қаты­сушылар алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.