Бөлім мұрағаты

«ЖЕЛТОҚСАН» ШЫНДЫҒЫН ӘЛЕМГЕ ЖЕТКІЗГЕН ПУБЛИЦИСТ

  • 07.12.2016
  • Пікір жоқ
Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ, медиатанушы Оқиғаның ортасында жүретін, қайнаған өмір көріністерінің куәгері болатын журналистер қауымы үшін кейде тарихи миссия атқарып, қайраткерлік дәрежеге көтерілетін кездері болады. Батыс Еуропада өмір сүріп, АҚШ ақпарат құралында еңбек етсе де ұлтының қамын әркез естен шығармаған, қазақтың мүддесі үшін қолынан келгеннің бәрін жасаған адал ниетті жалынды журналист-публицист ретінде Хасан Оралтай ағамыздың қайраткерлігі бәрімізге […]

БӘРІМІЗ БІЛЕ БЕРМЕЙТІН БЕРДИЯРОВ Тылсым Тоқаш туралы толғаныс

  • 20.10.2015
  • 1
Бала, бозбала  Бердияров Биыл  арда азамат, ақиық  ақын, жау­­жүрек жауынгер Тоқаш Бердия­ров­тың туғанына 90 жыл толып  отыр. Ол 1925 жылы 19 қыркүйекте қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы,  Сарыағаш ауданының Келес өңіріндегі Ұшқын елді мекенінде  кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты Торқысбек. Кішкентайынан қиын­шылықты көп көрген Тоқаш бес жасынан Ташкенттегі №6 балалар қабылдау үйінде […]

АЙЫРЫЛМАСТАЙ ҚОС АҚЫН – ДОС АҚЫН Тоқаш пен Мұқағали жайлы мұң шағу

  • 20.10.2015
  • Пікір жоқ
Қазақ әдебиетінің тарихында ақи­ық ақындар – Тоқаш Бердияров пен Мұқағали Мақатаевтың  аяулы есім­­­дері қашанда үлкен ілтипатпен еске алынады. Олардың ұлттық поэ­зиямызға  өзіндік тың өрнек салғаны даусыз. Екеуі де қазақ өлеңінің қадір-қасиетін, көркемдік дәрежесін асқан зор шеберлікпен, қайталанбас даралықпен шырқау биікке көтерген ұлы суреткерлер, халықтық ақынға айналған абзал тұлғалар. Тағдырлары да тым ұқсас. Тоқаш  Ташкенттегі балалар […]

ҰЛТТЫҚ ҰЛАҒАТ ҰЙЫТҚЫСЫ

  • 15.07.2014
  • Пікір жоқ
Белгілі журналист, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Кәкімжан Қазыбаевтың шығармашылық жолы «Лениншіл жас» газетінен басталады. Бұл журналистік шебер­лігін ұштаған өмір мектебі болса, публицист ретінде танылған тұсы – «Жетісу» газетіндегі қызметі. «Жетісу» газеті редакторлығының орынбасарлығына көтеріліп, небір билік тізгінін ұстады. Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, Қазақ телеграф агенттігінің Бас директоры, «Қазақстан коммунисі» […]

СӨЗЖАСАУШЫ – ІСЛӘМ ЖАРЫЛҒАПОВ

  • 15.07.2014
  • Пікір жоқ
Өтеш ҚЫРҒЫЗБАЕВ, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның құрметті журналисі Кешегi тарихта жетпiс жылдан астам дәуiрлеген кеңес өкiметiнiң алғашқы жылдары дүниеге келiп, соңғы сәттерiнде (1918-1991-жылдары) өмiрден өткен жазушы, ғалым, аудармашы Iсләм Жарылғаповтың бүкiл саналы ғұмыры күрделi кезеңге тап келедi. Қазақ халқының тағдыры, ұлт болып қалыптасуы жолында аянбай тер төгiп, жауапты қызметтер атқара жүрiп, жоғарыдан жүргiзiлген […]

МАЙЛЫҚОЖА, МҰХТАР ӘУЕЗҰЛЫ, САБЫР РАҚЫМОВ… НЕМЕСЕ ҒАЛЫМ ӘСІЛХАН ОСПАНҰЛЫ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ

  • 23.06.2014
  • 1
Бердалы ОСПАН,  мәдениеттанушы Халық дала болса ұлы тұлғалар сол даланың төсінде алыстан көрінетін таулар іспетті. Осылайша халық өзінің рухани маңызын таудай ұлы тұлғалары арқылы бүкіл әлемге паш етеді. Бұл мақала сондай тау тұлғалардың бірі заңғар жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезұлы туралы, бұл мақала оның соңғы шәкірті (авторефератының мұқабасында өмірден озған М.Әуезұлының аты-жөні ғылыми жетекшісі ретінде […]

Қарымды қаламгер еді

  • 28.05.2014
  • Пікір жоқ
Қазақтың  қабырғалы  қаламгері атанып, атақ-даңқы алысқа кеткен жа­зушы Бердібек Соқпақбаевтың өмір­ден озғанына  да жиырма екі жыл болыпты-ау. Ағынды судай арындап өтіп бара  жатқан өмірдің артта қалған ізіне қайырылып бір қарасаң, талай тамаша талант иелерінің кескін келбеті, сөйлеген сөзі көзге елестеп, қиялыңды қиянға же­телейді. Са­ғы­нышпен еске алатын сондай асыл ағалардың бірі – даңқты жазушы Бердібек еді […]

ЕСІМДЕРІ АҢЫЗ БОЛҒАН…

  • 09.04.2014
  • Пікір жоқ
Марқұм Ғафу Қайырбеков: «Бір тай­паның соншалықты ұрпақтары ел аузында аңыз болуы айтарлықтай ғажап нәрсе, тарихта сирек кездесетін  құбылыс» деп таңдайын қағып,  айтып отырушы еді.  Айтса айтқандай екен. Ғафаңның бабасы Мергеннен тараған ұрпақтар туралы ел  аузындағы аңыз әңгімелерді біз де жаңғыртуды жөн көрдік. Торғай өңірі  қазақ тарихында айтарлықтай іздері   қалған айтулы  батырлары, шешен -билері көп […]
Бет 1 ден 212 »