Бөлім мұрағаты

Ұлт болашағы – ұрпағында

  • 20.10.2015
  • Пікір жоқ
Қыдыралы ҚОЙТАЙ, «Ақиқат» журналы Бас редакторының орынбасары Күнделікті тапқаның басыңа тартсаң аяғыңа жетпейтін мына қым-қиғаш заманда санаңда сапырылысқан сан ойдың басын иіп, бір сәт зердеңе салатын болсаң, бұған дейінгі бейқам тіршілігіңнің алпыс екі тамыры солқылдап кететіндей болады екен. Сонау бір ықылым заманның өзінде мемлекет дамуының жүйесімен, саясатпен шаруасы жоқ бабаларымыздың өзі «Шариғатта ақырзаман болғанға дейін […]

Көбей, қазақ!

  • 04.09.2015
  • Пікір жоқ
Ата-бабаларымыздың  көз жасын көл қылып, қасіретті заманның зардабынан көздің жасы қанға ұласып, Құдайдан тілеп алған тәуелсіздігіміздің таңын аттырғалы, міне, он жылдан астам уақыт та өтті. «Ерінбей еңбек етсең, Етек жеңің кеңейер.  Етек-жеңің кеңейсе, Терезең жұртпен теңейер» дегендей, бүгінде оң-солымызды танып, тереземіз өзге жұртпен теңесер деп, ерінбей еңбек етіп те келеміз. Жөніне қарасақ, қазақ халқы көп […]

Мәскеу Мекке емес, Путин пайғамбар емес ендеше, Балташ Тұрсымбаев ол жаққа неге сөз тасиды?

  • 04.09.2015
  • Пікір жоқ
Аманхан ӘЛІМҰЛЫ, «Ақиқат» журналының Бас редакторы Иә, осынау тақырып біреулердің құлағына түрпідей тиіп, одан олар қоғамдық саяси астар іздеп әлек болуы бек мүм­кін-ау деген ой бізді ә дегенде мазалаған. Сөйтсек, онда тұрған еш­те­ңе жоқ екен. Өйткені, шындығында да, кейбір сонау бір келмеске кеткен кеңестік кезеңді аңсаған «саққұлақтар мен қы­ра­ғы­лар» 2000 жылы құрылған Еуразиялық Экономикалық Қа­­уым­­дас­­тықтың […]

БИЛІК ПЕН БИЗНЕС АЛМАСТЫРЫП МІНЕТІН АТ ЕМЕС

  • 20.08.2015
  • Пікір жоқ
Аманхан ӘЛІМҰЛЫ, «Ақиқат» журналының Бас редакторы Соңғы кездердегі теледидар мен мерзімді басылымдардағы өздерін жаңа олигархтар санайтындар мен биліктің қай саласындағы болмасын құрылымдар арасындағы мылтықсыз майданды көріп, оқып біліп отырып, коғамымыздағы МЕМЛЕКЕТ пен БИЗНЕС, БИЛІКТІҢ мақсат-мүдде, бағыт-бағдарларында қайтып қалыпқа келуі екі талай көзқарастар қайшылығы қалыптасып қалыпты-ау деген ойға еріксіз беріледі екенсің.

ПАТРИОТИЗМ ЖӘНЕ МЕЩАНДЫҚ

  • 18.05.2015
  • 2
Аманхан ӘЛІМҰЛЫ, «Ақиқат» Бұл мәселеге қайта оралуымыздың сыры, осыдан біраз уа­қыт бұрынғы жазылған «Қазаққа патриотизм керек пе?» деген ма­қа­ла­мыз­ға орай редакцияға түскен хаттар мен шалынған те­ле­фон­дар­дың аз болмағандығынан болып отыр. Біз қазір сол хат­тар­дың ішінен іріктеліп алынған үшеуіне тоқталсақ деп отырмыз. Өйткені, әңгімемізге арқау болатын хаттардың қай-қай­сы­сы­нан да патриотизмге деген көзқарастың жалпыұлттық кө­­рі­­ні­­сін кө­ру­ге болады.

ЖҮЗИЗМ

  • 13.01.2015
  • Пікір жоқ
Секен ДОРЖЕНОВ, саясаттанушы «Біреуге, тіптен, екі туып бір қалғаның болса да, шектен тыс жәрдем беруге әрекет ету қоғамның негізін аңдаусыз қопарып тастау». Теодор Драйзе. Рушылдықтың, тайпашылдықтың ғылымдағы қалыптасқан аты – трайбализм екені көпке мәлім. Бірақ, қазақ арасындағы айрықша кеңес өкіметінің кезінде өте үдеп кеткен жүзге, руға бө­лінушілік трайбализмге келмейді. Ол да бірталайымызға белгілі. Ал, енді, […]

ДҮНИЕҚОРЛЫҚ: ЖАҚСЫ MA, ЖАМАН БА?

  • 18.12.2014
  • 1
Секен ДОРЖЕНОВ, саясаттанушы «Нәпсінің құлына айналғандар  тәнін де, жанын да ластайды». Сократ. Дүниеге қызықпайтын оны жинамайтын, жек көретін пенде де жоқ емес пе? Алайда дүниеқорлықты ылғи жаман десек, әділетті бола қояр ма екен? Жұрттың бәрі тек қана тамағын тауып ішіп, киім киіп қана, ештеме жинамай өмір сүре берсе, онда да бірсәрі. Қойылып отырған сұраудың жауабы […]

ҰЛТ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ «РУЫҢМЕН У ІШПЕ, ҚАЗАҚ!» немесе ұлттық идея туралы ой

  • 11.11.2014
  • Пікір жоқ
Аманхан ӘЛІМҰЛЫ, «Ақиқат» Қазақстан Еуропа мен Азия, жалпы Батыс пен Шығыстың арасын жал­ғастыратын алтын көпiр болу үшiн, ең алдымен Еуразия кеңiстiгiнде қа­зақ ұлт ретiнде өзiнiң РУХАНИ және МАТЕРИАЛДЫҚ құндылықтарын көз­дiң қарашығындай сақтап қана қоймай, оны оңды-солды аты-жөнi жоқ шашпай, жан-жақты заман, уақыт талабына сай пайдалана бiлуi керек. Мiне, ұлттық идея мен идеологияның негiзi сонда жатыр. […]
Бет 3 ден 5«12345 »