Бөлім мұрағаты

Украинаға басқа елдер де гуманитарлық көмек көрсетуі тиіс – ҚР Президенті

  • 27.08.2014
  • Пікір жоқ
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украина президенттерінің екіжақты кездесуін Минскіде болған келіссөздердің басты нәтижесі деп атады,хабарлайды ҚазАқпарат. «Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Петр Порошенко арасындағы бүгінгі кездесу бүгінгі келіссөздердің басты негізгі қорытындылары болып табылады. Себебі, олар соғыс басталған 6 айдан бері бір-бірімен жеке кездеспеген, тек БАҚ арқылы ғана тілдескен еді», – деді […]

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды – Елбасының Өкімдері

  • 26.08.2014
  • Пікір жоқ
Мемлекет басшысының Өкімдерімен  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Саян Қылышұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Алик Жатқамбайұлы […]

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Сәрсенбай Әлиевтің көрмесі ашылады

  • 26.08.2014
  • Пікір жоқ
Конституция күні қарсаңында елордадағы «Тәуелсіздік сарайында» Әлиев Сәрсенбай Сәлменұлының «Туған жерім» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сәрсенбай Әлиев  1954 жылы 22 наурызда Атырау облысы Теңіз ауданында дүниеге келген. 1978 жылы Алматы көркемсурет училищесінде сызу және сурет пәнінің мұғалімі мамандығын алды.1986 жылы Т.Жүргенов атындағы «Театр және көркемсурет» академиясын сахна безендіру және технолог мамандығы […]

Қыдырәлі Болманов тұңғыш қазақстандық батарейкалар шығарды

  • 26.08.2014
  • Пікір жоқ
Белгілі өнер жұлдызы әрі кәсіпкер Қыдырәлі Болманов Balbala батареяларын шығаруды қолға ала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қуаттандырғыш батареялар аса сапалы болмақ. Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы ресми парақшасында хабарлаған. "Тағы бiр жақсы жаңалық, қазақтың тұңғыш батарейкалары. Ерекшелiгi – Қазақстандағы барлық шетел батарейкаларынан екi есе күштi, екi есе арзан болмақ, бұйыртса…" – деп жазады Қ.Болманов. Айта […]

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев тың Ұлытау төріндегі сұхбаты

  • 26.08.2014
  • Пікір жоқ
– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгін Жезқазған өңіріне келіп, тек аймақ үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін стратегиялық тұрғыдан аса маңызды «Жезқазған – Бейнеу» және «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол  магистральдарының тұсауын кестіңіз. Бұл – біздің ел үшін шын мәніндегі тарихи оқиға. Енді осы сапар ауқымында Қазақ елінің рухани орталықтарының бірі – қасиетті Ұлытау жеріне арнайы ат […]

Өскеменде «Мектепке жол» акциясы өтті

  • 25.08.2014
  • Пікір жоқ
Өскеменде Амфитеатр алаңында «Мектепке жол» акциясы аясында тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленетін 60 балаға көмек ретінде  оқушы сөмкесі  ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинова жиылғандарға: «Көмекке зәру әр балаға мектепке дайындауға қолдау көрсетеміз. Бастысы,  біздің балаларымыз жақсы оқып, ата-аналары мен мемлекеттің үмітін ақтаса игі», деп атап өтті. Бұдан кейін балалар мен олардың […]

Алматыда екі рет жер сілкінді

  • 25.08.2014
  • Пікір жоқ
24 тамыз күні түнде Алматыға жақын аумақта екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген. Алғашқысы Алматы уақыты бойынша 24 тамыз түнгі сағат 23:15-те (Гринвич бойынша 24 тамыз сағат 17:15) Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде […]

Ұлытау туристерге тартымды, ал халқымызға тәу ететін мекен болып қала береді – Н.Назарбаев

  • 25.08.2014
  • Пікір жоқ
Ұлытау туристерге тартымды, ал халқымызға тәу ететін мекен болып қала береді. Бұл туралы бүгін «Хабар» телеарнасына эксклюзивті сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАҚпарат. Сонау бір жылдары қазақтың елордасына лайықты жер іздеу кезінде Ұлытауға да арнайы ат басын бұрғандығын атап өткен Елбасы: «Нағыз қазақтың ортасы. Бірақ қазіргі заманмен қарайтын болсақ, өздеріңіз де […]
Бет 50 ден 64« Басы...203040«4849505152 » 60...Соңы »