Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауы бойынша сарапшылар арасында жедел сауалнама жүргізілді. Оған Астана, Алматы мен еліміздің 14 облысынан барлығы 68 сарапшы қатысты. Сарапшылар Инфрақұрлымдық даму жоспарындағы Президенттің 7 бастамасынан әртүрлі нәтиже күтеді Сұралғандардың 95,6% көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту экономикалық әлеуетті арттырады деп есептесе, 98,5% әлеуметтік әсер күтеді. Индустриялық инфрақұрылымды дамыту экономкалық тұрғыдан тиімді. Ал әлеуметтік жағымды […]