Келелі кеңеске орай…

Ауыл экономикасы қандай күйде?

Кемел

Мырзагелді Кемел, 
экономика ғылымдарының докторы

Кеңес үкіметі тұсында тұрақты даму үстінде деп саналған ауыл шаруашылығы саласында көзге ұрып тұрмаса да, бітеу жара сияқтанып іштен тынып келе жатқан екі проблема бар екені кейінірек, 1985 жылғы қайта құру дәуірінен айқын байқалды. Олар, біріншіден, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің эндогендік экономикалық стимулдарының жеткіліксіздігі еді. Бұл жағдайда кәсіп­орындарға өндіріс көлеміне орталықтандырылған жүйе арқылы тапсырма берілді, тауардың бағасы мен таралым каналы белгіленді, бұлай  бақылау кәсіпорынға стимул немесе тиімділік критерийі бола алмады.

Қаланың ауылға көмегі

Дина цв

Дина Имамбай,
әлеуметтанушы

Ауыл жайында сөз қозғалса, ауыл шаруашылығы қатар аталады. Аграрлық сала еңбеккерлері де ауыл тұрғындары. Бірақ, еліміздің ауыл шаруашылығындағы нақты өсім көлемінің артуына қарамастан, ауыл  мәселелерінің бірқатары шешімін әлі де табар емес. Бұл  ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасындағы ма­ңызды бағыттардың  бірі болғанмен, ауылды дамытуға серпін бере алмай отыр­ғанын көрсетеді. Оның себептері әрқилы. Соның ішінде, ауыл шаруашылығын қаржыландыру, ғылым мен өндірістің арасындағы байланыс, білікті мамандар даяр­лау мәселелері де бар.  Осы ретте, «Келелі кеңесте» қозғалған ауыл және  ауыл шаруашылығы мәселелері жайында Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің Ғылым және интеграция жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Құрметті мүшесі Марат Қалиасқаров мырзамен сұхбаттасқан едік.   

ҚАЗАҚ ҚАЙТКЕНДЕ ҚАЗАҚ БОЛЫП ҚАЛАДЫ?

Дина Имамбай,
әлеуметтанушы

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жаңа мыңжылдықта көптеген сын қатерлерге тап келіп отыр. Алдағы уақытта ұлттық мемлекет болып сақталып қалу-қалмау мәселесі қазақтың қазақ болып қалуына тікелей байланысты. Елдің, қоғамның, бүкіл бір ұлттың тағдыры айқындалатын тұста билікке де, әрбір жеке адамға да артылатын жауапкершілік жүгі ауыр. Қазақтықтан айрылмау – қазақтың ұлттық болмысы, дүниетанымы, тілі, ділі, мәдениеті мен дәстүр-салтынан, ұлттық рухтан айрылмау мәселесі. Бұл – өзімізді өзіміз жоғалтып алмау мәселесі. Бұл – ата-бабамыз аманаттап кеткен ұланғайыр жерден, бүкіл байлық пен қазынадан айрылмау мәселесі. Бұл мемлекет құраушы ұлт – қазақтың тағдырының мәселесі. Ендеше, қазақтың қазақ болып қалуы үшін бізге не істеу керек? Міне, осы саналы қазақ қауымын ойландырып, толғандыратын сұрақтар төңірегінде «Келелі кеңесте» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, философия ғылымдарының докторы Берік Аташ,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Жарас Сейітнұр, аталмыш университеттің оқытушысы, саясаттану ғылымдарының докторы Сейілбек Мұсатай, белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила және ақын, «Ақиқат» журналының Бас редакторы Аманхан Әлімұлы ой өрбіткен еді. 

ҰЛТ ІСІНДЕ ҰСАҚ-ТҮЙЕК ЖОҚ немесе ҚАЗАҚ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Дина цв

Дина Имамбай,
әлеуметтанушы

Бүгінгі күні дүниежүзі бойынша этникалық факторлар өзектілене түсуде. Бұл ең алдымен жаһандану үдерістеріне, әлем елдерінің интеграциялануына, геосаяси мүдделерден туындаған миграциялық үдерістердің күрделі сипат алуына және т.б. этникалық негіздегі мәселелерге тығыз байланысты. Ұлттық сананың өсуі нақты іс-әрекеттерге себеп болып, жаһанның географиялық картасына өзгерістер енгізілуі тоқтайтын емес. Мұның бәрі ұлттық үрдістердің әрбір мемлекет үшін маңыздылығын көрсетеді. Өйткені, кезінде ұлтшылдық қасиеттерін жоғалтуы, оған қоса элитаның космополиттігі кейбір ұлттардың тарих сахнасынан жойылып кетуіне әкеп соққаны мәлім. Сондықтан ұлттық үрдістерді жандандырудың басты мақсаты – біртұтас ұлттық мемлекеттің ұстындарын нығайту. Қазақстанның бүгінгі күнгі нақты жағдайы да ұлттық үрдістерді жаңғыртуды, ұлттық біртектілену үдерісін мақсатты түрде жүзеге асыруды талап етеді. Ұлттық мемлекетте барлық сала ұлттық мүддеге негізделіп жүргізілуі тиіс. Сонда ғана заманауи ұлттық мемлекеттің үлгісіне қол жеткізуге болады және бұл қазақтың қазақ болып сақталып қалуының бір шарты. Қазақстандағы ұлттандыру үдерісі, өзекті мәселелері мен одан шығу жолдары жайында танымал қоғам қайраткері, саясаттанушы, Айдос Сарым мырзамен сұхбаттасқан едік. 

Желтоқсан – 1986: саяси қарсылықтың мәні мен сабақтары

Айталы1

Амангелді  Айталы,
профессор

Ерекше саяси құбылыс

Кеңестік Қазақстанда 80-жылдары сырт көзге ұлттар арасында түсіністік қатынас қалыпты, достық пен сыйластық үйреншікті жағдайға айналған,  халықтың партияға сенімі берік, мазасыздануға негіз жоқ сияқты еді. Ұлттардың бірлігі, аралас некелер, олардың бір-бірімен сіңіскені соншалықты, тіпті, бөліну, метрополияға қарсылық туралы ойлаудың өзі мүмкін емес сияқты болды. Міне, осы ұлттар достығының лабораториясында күтпеген жарылыс болды. Бұл қарсылық сырттай Қазақстанды басқаруға орталықтың елдің экономикасын, мәдениетін, менталитетін білмейтін адамды жіберуіне байланыс­ты болды. Бірақ, бұл оның негізгі себебі емес, сылтау ғана еді. Сол заманғы саяси жағдай  үшін бұл күтпеген, тек Кеңес Одағындағы емес, әлемді дүр сілкіндірген, барлық демократиялық күштердің назарын аударған Уақиға болды.  «Желтоқсан уақиғасы», «Алматы уақиғасы» атанып бұл қарсылық тарихқа, ғылыми еңбектерге де енді. «Дегенмен бұл қандай Уақиға еді?» – деген сауал туады. Философияда табиғат пен қоғам ірілі-уақты физикалық, химиялық, биологиялық, геологиялық, экологиялық, әлеуметтік, саяси тағы басқа да уақиғалардан тұрады. Болмыстың өзі бір-бірімен ықпалдасып жатырған уақиғалар. Олар бір-бірімен іштей байланыста: болашақ бүгінгі күннен бастау алса, бүгін өткеннің жалғасы, қорытындысы. Бірақ, тарихи процесс түзу сызық емес. Бүгінгі күн кешегінің жалғасы ғана емес, сарапшысы, болашақты айқындаушы. 

Ақиқат тіл қатқанда, шындық барарға жер таппайды, өтірік – зым-зия! (қаз-қалпында)

Рахметов-цв

Құрманғазы Рахметов,
«Нағыз Желтоқсан» қоғамдық 
қорының президенті

Желтоқсанның жетінші жылдығы да жақындап қалған кез. Олжас Сүлейменов ағамыздың үлкен көмегінің арқасында Виноградов көшесінде бой көтерген «Демократия Үйінің»  екінші қабатынан «Желтоқсан» қоғамдық бірлестігіне де бір бөлме бұйырып, сол жерге көшкенімізге бірталай уақыт болған. Бас қосып отыратын өзіндік бір ша­ңырақтың болғаны жұмыстарымыздың реттелуіне септігін тигізіп, алыстан ат арытып келіп жатқан желтоқсандықтарға өзіндік бір күш жігер бергені рас. Желтоқсандықтардың ғана емес, Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың (диаспоралардың) мәдени орталықтары, әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен партиялардың ортақ үйі болған «Демократия Үйі», сол заманның қасиеті ерекше ғимараты болып көрінетін. Екінші қабаттағы жиналыс залында күнделікті әртүрлі басқосулар мен қызу айтыс-тартыстар, құзырлы орындардың «елшілері», БАҚ (камералары мен микрофондарын арқалаған) журналистері мен тілшілерден үзілмейтін. Қысқасы, нағыз азаматтық қоғам қалыптастырушылардың мекені еді.

Баспасөз – халық рухын көтерудің, ұлт намысын оятудың қуатты құралы

Кенжалин Ж

Жұмабек КЕНЖАЛИН,
журналист

XX ғасырдың басында халқымыздың біртуар перзенттерінің бірі Міржақып Дулатов еліне «Оян, қазақ!» деп үн қатса, бұл шақыру кейінгі толқын алаш тінді зиялы қауым өкілдерінің ұранына айналды.
«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты!
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты!»

«ҚАЗІРГІ ЖУРНАЛИСТИКА СЕНСАЦИЯ ҚУУДЫ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРДЫ…»

Есенкул

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ,
журналист

«Келелі кеңестің» кезекті тақырыбына орай қазақ журналистикасында өз орны бар белді де беделді журналист, «Мінбер» журналистерді қорғау орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі, С. Демирел университеті Журналистика кафедрасының меңгерушісі, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Есенгүл Кәп­қызымен сұхбаттасқан едік. Қазақ БАҚ-ының жетіс­тіктері мен кем-кетігін бір кісідей білетін білікті маман сауалдарымызға жауап бере отырып, бүгінгі қазақ журналистикасының тыныс-тіршілігін бағамдап, өзекті проблемалары жайлы  ойларымен бөлісті.