Бөлім мұрағаты

СӨЗДІК ТҮЗУ АМАЛЫ– ҒЫЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМЫ

  • 26.02.2019
  • Пікір жоқ
Шерәлі Біләл, профессор Филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Байынқол Қалиұлы Қалиев ғылым мен білім беру, оқыту салаларында үзбестен 55 жыл еңбек етіп, жазып бастырған еңбектерінің жалпы саны 475-ке жетіпті. Олардың 11-і монография, 6 -ы оқулық, 25-і сөздік, мақалалар жинағы – 5, кітапша – 18, ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалалардың саны – 365. Бұларға қоса оның […]

Қ.МЫРЗАЛИЕВТІҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ЛИРИКАЛЫҚ ҚАҺАРМАН ТҰЛҒАСЫ

  • 26.02.2019
  • Пікір жоқ
Гауһар Жұмабекова, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Бұл мақалада өзінің астарлы философиялық өлеңдерімен танымал, белгілі, қадірлі ақындарымыздың бірі – Қ.Мырзалиев табиғат лирикасын жырлауда нендей үлес қосты, өзіндік үні қандай ақын екенін дәлелдей отырып, стиль ерекшелігін, лирикадағы қаһарман бейнесін қарастырамыз. Қазіргі қазақ поэзиясындағы табиғат лирикасы дегенде, Қ.Мырзалиев өлеңдеріндегі лирикалық қаһарман өзгеше орынға ие. «Бүгінгі […]

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ТАРИХИ САНА ФЕНОМЕНІ

  • 28.01.2019
  • Пікір жоқ
Үмбетқан Сәрсембин, философия ғылымдарының кандидаты Тарихи сана ұлт мәдениетінің бастауында тұратын (ұлттың дүниетанымымен бірге пайда болатын) құндылық. Тарихи сана болмаса ұлттың тарихы, мәдениеті қалыптаспайды. Кез келген ұлттың тарихы мен мәдениетіндегі аға ұрпақтың болашақ туралы ой кешу үрдісі, жекелеген адамдардың (тұлға, зиялы адам) ұлттық мүддеге қызмет етудегі дәстүрі ұлттық сананың негізінде жүзеге асады. Ұлттық сана негізінде […]

БОСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

  • 28.01.2019
  • Пікір жоқ
Бахтияр Тохтахунов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия факультетінің магистранты Біләл Назым (Молла Бин Молла Юсуп) – ұйғыр әдебиетінің классигі, ірі ойшыл, қоғам қайраткері. Ол 1825 жылы Құлжа қаласында, етікшінің отбасында дүниеге келген. Бастауыш мектепті тәмамдаған соң ол Бәйітолла атындағы медресеге оқуға түседі. Білімге құштар жас жігіт бағдарламалық пәндерден бөлек, өз бетінше араб және парсы тілдерін, Шығыс […]

АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ОПЕРАСЫН ЖАСАУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕС

  • 25.12.2018
  • Пікір жоқ
ХХ ғасырдың отызыншы жылдары халқымыз колхоздастыру, байлардың малын тәркілеу, алғашқы толқын репрессия, ашаршылықтан әбден қансыраған кезінде республиканың бірінші басшысы ауысып барып елдегі хал-ахуал оңала бастады. Есеңгіреген қазақ ашаршылықтан ес жиып, жаңа өмірге бет бұруының бір көрінісі, елдегі өндіріс, медицина, ағарту, ауыл шаруашылығы салаларын дамытуды жолға қоя бастады. Кеңес үкіметі орталық қалаларды шалғайда орналасқан ұлттық республикаларға […]

БИІККЕ БАСТАР БАСТАМАЛАР

  • 22.11.2018
  • 6
Такир Балықбаев, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 1-тармағына сәйкес ел Президенті Қазақстан халқына елдегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнайтыны белгілі. 1997 жылдан бастап Елбасының халыққа арнаған Жолдауын бүкіл халық болып күту игі дәстүрге айналды. Жолдау ғаламдық […]

Бастауыш мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі этнопедагогиканың рөлі

  • 21.11.2018
  • Пікір жоқ
Халқымыз тәуелсіздікке қол-жеткізісімен, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруге жан-жақты кірісуі уақыт талабымен тұспа-тұс келгені даусыз. Адам үшін ең бірінші-білім емес, тәрбие десек, артық айтқандық болмас. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» – деп әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтін негізгі категорияның бірі– тәрбие. Жас ұрпақ тәрбиесі Қазақстанның егемендік алып […]

Бейімбет Майлин шығармашылығын оқыту әдістері: журналистика мамандығының академиялық мансабын арттыру мәселелері

  • 21.11.2018
  • Пікір жоқ
Сәкен – елдің сәні, Ілияс – қазақ жырының құлагері, Биаға қазақ әңгімесінің төбе биі болған үш тұлғаның тағдырларында ортақ сипат болғанымен, шығармашылықтары санқилы. Бүгінгі айтылар әңгіме журналист, жазушы, ақын, драматург Б. Майлиннің шығармашылығын Жоғары оқу орындарында, соның ішінде журналистика факультеті студенттерінің санасына сіңдіру, қарапайым тілмен ұғындыру, неге тек журналистика факультетінің студент-теріне десеңіз, біз Б. Майлиннің […]
Бет 5 ден 36« Басы...«34567 » 102030...Соңы »