Саяси сараптама

Саясаттағы айлакерлік және саяси ойын

Куандық Шамахайулы

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ,
ҚР мәдениет қайраткері,
халықаралық журналист

Саяси алаңда әралуан әрекет, неше түрлі ойындар жүріп жататыны мәлім. Оның ішінде қарапайым халықтың көзіне түсетіні де, аңғарылмай өтетіндері де қаншама. «Саясат – сайқал, лас» деп жиі айтамыз. Бірақ, оның ішкі мәніне терең үңіле бермейміз. Жалпы, ресми биліктің демократиялық па немесе тоталитарлық па, қай түрінде екендігіне қарамастан саясаткерлер арасында астыртын іс-әрекеттер, айла-шарғылар толассыз жүріп жататындығы жайында аңызға бергісіз әңгіме халық арасында желдей есіп жатады.  Батыс әлемінде саяси айла-амалдар жайындағы БАҚ ақпараттарын қорытып, ғылыми түрде жіктеген тұжырымдар да кездеседі. Олай болса, осы қызықты да маңызды ұғым аясында саясаткерлер айлакерлігінің кейбір қырларымен танысайық. 

Антиамериканизм: аңыз бен ақиқат

Мусатаев

Сейілбек Мұсатаев, 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының докторы

Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?
Қазіргі заманғы қоғамдық-саяси ой-пі­кірде исламофобия, антисемитизм, сино­фобия, антиамериканизм, американо­фобия, НАТО-фобия сияқты түрлі фобиялар, яғни, қор­қыныш ұялататын ұғым-түсініктер мен жеккөрушілік сезімдер туындап отыр­ға­ны жасырын емес. Сонымен қатар, ан­ти­гло­балистік, евроскептиктік, антиеу­разия­лық пиғылдар да, ұлтшылдықты фашизмге те­ңеу­ші антиукраиналық көзқарас та бе­лең алып тұр.

Геосаясат – күшті елдердің көкпар тартысы

Сейілбек Мұсатаев, 
саяси ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясаттану кафедрасының профессоры

Халықаралық қатынастардың өрбуі арнайы әзірленіп, жалпы мойындалатын халықаралық құқықтың нормаларына негізделсе, геосаясат деген күрделі құбылыс қағазға жазылып, мөрмен бекітілмейтін заңдылықтар арқылы жүзеге асады. Халықаралық құқықтың атасы саналатын Гуго Гроций мұны табиғи заңдылықтар деп атаған. Бейнелеп айтсақ, бұл физикадағы жалпылық әсері бар тартылыс пен тебіліс заңдары сияқты.  Геосаясаттағы тартылыс пен кері кетуге арқау болатын басты күш – ұлттық мүдде. АҚШ, Еуро Одақ, Жапония, Қытай, Үндістан, Араб елдері, Ресей сияқты алыптардың ұлттық мүдде үшін күресі қазіргі заманғы геосаясатта өзара тартысу мен тебісуді туындатып отыр. Мұндай алып елдердің біреуінің күшеюі немесе ниетінің өзгеруі ғаламдық геосаясаттағы күш пен арасалмақты өзгертіп, алпауыттардың арасындағы тартылыс пен тебілістің жаңаша сипат алуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде осы алыптардың төңірегіндегі әлсіз елдерге оң немесе теріс әсерін тигізіп жатады. Кейбір әлжуаз елдер осындай тартылыстың күшеюінен алып көршісіне жұтылып кетсе, енді бірі екі алыптың ортасындағы тартыстан екіге айырылып кетуі де көп кездеседі. Қазақы тілмен айтсақ, «Екі түйенің ортасында шыбын өледі» дегеннің кері келеді. 

Этникалық анклавтан ұлттық тұтастыққа дейін…

Еркебұлан Әлімханұлы,
Л.Н. Гумилев атындағыЕуразия ұлттық университетінің PhD докторанты, Халықаралық және аймақтық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері

Тәуелсіздіктің жиырма жылын артқа тастап, келер он жылдыққа аяқ басқан Қа­зақстанның алдында өткен саясатты ба­ғам­дай отырып, келешектің стратегиясын дамыту міндеті тұр. Осыған дейінгі саясат «өтпелі кезеңнің жобасы» саналатын, енді, бұл белестен асқан елдің мойнына, жаңа белесті бағындыруға мүмкіндік беретін, жаһандану мен әлемдік бәсекелестікте жойы­лып кетуден сақтайтын жаңа жоба жасаудың ауыртпалығы түседі. Болашақтың стратегиясы болатын, бұл жоба да алдағы кезеңде атқарылуы тиіс шаруалар саласына орай бөлімдерге айырылып жасалатыны белгілі. Болашақ стратегияның ұлт бөлімінің міндеті «Қазақстанды моноұлтты елге айналдыру» мақсатымен ұштасып, «қайтсек ұлттық мемлекет құра аламыз, оған басты кедергілер не, оларды шешу жолдары қандай?», «қалай ұлттық болмысымызды сақтап қаламыз?» деген сұрақтарға негізделіп жатуы тиіс. Осындай идеологияны бойына сіңірген ұлттық стратегия, қандай сынақ болмасын Қазақстанның аяқта нық қалуына көмектесері айқын.

АЗИЯ АЛЫПТАРЫНЫҢ АЙҚАСЫ

Еркебұлан Әлімханұлы,
Л.Н. Гумилев Еуразия ұлттық университетінің PhD докторанты
Халықаралық және аймақтық зерттеулер орталығының
аға ғылыми қызметкері

Аймақтық күштен әлемдік державаға айналып үлгерген Қытай мен Үндістанның қарым-қатынасы Азияның ғана емес, жаһанның тынысына әсер етер деңгейге жетті. Халқының саны бойынша бірінші және екінші орынды алатын бұл елдердің «жақын болашақта экономикалық қуаты жағынан да әлемнің көшбасшылығына тайталасатын дәрежеге келеді» деп айтылатын болжамдарды құлағымыз жиі шалады. Сарапшылар бұл болжамды айтқанда, әлем халқының 40 пайызына жуығы (БҰҰ-ның 2011 жылғы мәліметіне сүйенсек Қытайда 1.350 миллион, Үндістанда 1.240 миллион халық бар) осы екі елде тұратынын, арзан жұмысшы күшін, биліктің инвестицияға қолайлы экономикалық жағдайы қалыптастырып отырғанын т.с. сияқты дәйектерді алға тартады. Әрине, мүмкіндігі мол, оның үстіне көршілес жатқан екі мемлекеттің арасында жылдар бойына созылып келген мүдде қақтығысы мен саяси-экономикалық бәсекелестік бар. Тіпті, екі елдің ресми тұлғалары да ара-тұра мұны айтып қалады. Мысалы, 2009 жылы мамыр айында жасаған мәлімдемесінде, Үндістан әуе күштерінің командирі Фали Хомидің «өзара кикілжің мен тұрақсыздық жайлаған Пәкістанға қарағанда Қытай көбірек қауіпті» деген сөзі интернетте кең тарап, түрлі пікірталастарға арқау болған еді. Екі елдің арасындағы мүдде қайшылығының жоғары екендігін жоғарыдағы мәлімдемеден-ақ анық аңғарамыз. Ендеше, әлемдік супердержава боларлық мүмкіндігі бар, болашағы зор Азиялық екі алыптың арасындағы бәсекелестіктің саяси ойыннан әріге аспауына барлық ел мүдделі, алайда, қазіргі, қалыптасқан мүдде қақтығыстарының сырына үңілсек әскери кикілжіңге апарып соқтыруы ықтимал өте күрделі 7 мәселенің бар екенін көреміз.