Қоқанда шығатын «Ферғана» деген сарт газетасы жазады: Түркістан уалаятында сарт тілінде шығатын 4 газета, журнал бар. Түркістанға қарайтын неше миллион мұсылманнан осыларды оқушы 5 мыңға жетпейді. Оның да көбі шаһар

Айтаханов Куаныш Айтаханович

Қуаныш  АЙТАХАНОВ, Парламент Сенатының депутаты Еліміздің қойнауы байлыққа толы. Бірақ, ол мәңгілік емес. Күндердің күнінде көмір де, темір де, мұнай да, газ да таусылады. Жыл өткен сайын оларды өндіру де,

Бауыржан Исаев

Бауыржан ИСАЕВ,  Алматы қаласы Алмалы ауданының Қазынашылық  басқармасының басшысы Бүгінгі күнде  барлығымыздың, тіпті, кішкентай есін еміс-еміс білетін сәби­лердің де құлағына сіңісті болып кеткендей сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты әлі де болса

Дина-Имамбаева

Дина Имамбай, әлеуметтанушы Бүгінгі таңда қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік сілкіністер, саясат пен эко­но­микадағы түбірлі өзгерістер қоғам мүшелерінің мінез-құлқына тікелей әсер етуде және бұл ұлттық болмыстың, яғни, ұлттық мінездің шығу тегіне,

скачанные файлы (7)

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ, ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық журналист Жылдың төрт мезгілінде көшіп-қонып, өз ата кәсібімен кең далада еркін өмір сүрген қазақ баласының мінез-құлқы ежелден жайдары, байыпты болса керек. Оған арқау болатын

ГАЗЕТ «ШӨП ЖЕМЕС»

Қоқанда шығатын «Ферғана» деген сарт газетасы жазады:
Түркістан уалаятында сарт тілінде шығатын 4 газета, журнал бар. Түркістанға қарайтын неше миллион мұсылманнан осыларды оқушы 5 мыңға жетпейді. Оның да көбі шаһар халқы. Соның үшін қышлақ халқының да көзі ашық болсын деп, біз Андіжан үйезіне қа­райтын қажы, болыстарға қол астындағы халыққа тегін та­ратуға газетамызды жіберіп едік. Өткен февральдың 20-нда бір болыс мөрін басып, басқармаға мынадай хат жазады: «Біз өзіміз «облосной ведомосты» һәм Остраумов газетасын алып тұрамыз. Ал еліміз газета оқуға шаруадан қолы босамайды. Менің атыма жиі-жиі газета жібере көрмеңіз» деп.

Жасыл экономика – болашақтың таңдауы

Айтаханов Куаныш Айтаханович

Қуаныш  АЙТАХАНОВ,
Парламент Сенатының депутаты

Еліміздің қойнауы байлыққа толы. Бірақ, ол мәңгілік емес. Күндердің күнінде көмір де, темір де, мұнай да, газ да таусылады. Жыл өткен сайын оларды өндіру де, тасымалдау да қиындай түсуде және қымбаттауда. Ал, әлемдегі өндірістердің көбеюі мен халық санының өсуі энергияға деген сұранысты еселей арттыра түсуде. Энергия өндіруде атмосфераны зиянды уландырғыш заттармен ластайтын – мұнай, газ, көмір және басқа да қорларды пайдалану қоршаған ортаны, планетамыздағы экологиялық жағдайды ушықтырып жіберуде. Бүгінде атмосфераның ең ірі ластаушыларына тау-кен саласы, жылу және электр энергетикасы, мұнай-газ кешені кәсіпорындарының стационарлық көздері жатады. Сондай-ақ, еліміздегі атмосфералық ауаның жай-күйіне автомобиль көлігі де келеңсіз әсерін тигізуде. 

ЖЕР ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі Дос КӨШІММЕН сұхбат

3

– Қазақстандықтарды, оның ішінде қазақ қоғамын толғандырып отырған мәселелердің өзектісі – жер. Дос аға, осыған орай, халық пен жер мәселесіне байланысты арнайы құрылған комиссия мүшелерінің аталған мәселеге көзқарастарында қайшылық жоқ па? Болса, қаншалықты және қандай?

«Әркім өз міндетті жауапкершілігімізді ұстанып, көзделген мақсатқа жеткізейік»

Бауыржан Исаев

Бауыржан ИСАЕВ, 
Алматы қаласы Алмалы ауданының Қазынашылық  басқармасының басшысы

Бүгінгі күнде  барлығымыздың, тіпті, кішкентай есін еміс-еміс білетін сәби­лердің де құлағына сіңісті болып кеткендей сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты әлі де болса қатал да нақты болғанын  ат төбеліндей аздықтың емес, қалың ормандай көпшіліктің тілегі десек артық  айтпаған болармыз. Қалай болғанда да, осы аталған саясатты анығымен қолдап, күресу амалдарының  шынайы жолдарын  табуды көздесек, әрине, нұр үстіне нұр болатыны анық. Ең тиімдісі  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шараларын профилактика түрінде  жүргізу барлық салада көзделуде.

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗІ, ОЛ ҚАНДАЙ?

Дина-Имамбаева

Дина Имамбай,
әлеуметтанушы

Бүгінгі таңда қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік сілкіністер, саясат пен эко­но­микадағы түбірлі өзгерістер қоғам мүшелерінің мінез-құлқына тікелей әсер етуде және бұл ұлттық болмыстың, яғни, ұлттық мінездің шығу тегіне, түп-тамырына үңілуге себеп болып отыр. Жалпы, «ұлттық мінез» әр халықтың рухани, мәдени ерекшеліктерінің, оның құндылықтық бағдарлары мен ұстанымдарының бірлігі ретінде ұлттың тарихи, әлеуметтік, экономикалық өмір салтынан байқалады және ол адамдарды біртұтас халық етіп жұмылдырушы, біріктіруші шарттың бірі. Әсіресе, қазіргі қазақ елі үшін мемлекеттік дәрежеде маңызды мәселелер өзектіленген тұста, өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан, қанымызға сіңген ұлттық мінезін өз деңгейінде көрсету, ұлт болып сақталып қалудың амал-тәсіліне, өзегіне айналғандай. Олай болса, қазақтың ұлттық мінезі бұрын қандай еді? Ал, бүгін ше?  Өзгелерден біз қалай, немізбен ерекшеленеміз? Көбінесе, біз қазақ туралы айтқанда, қонақжайлылықпен шектеліп қалуымыз неліктен? Осы және өзге де жауабын күткен сауалдар көпшілікті мазалайтыны анық.  

ҚАЙДА БІЗДІҢ МІНЕЗІМІЗ, ҚАЙСАР ҚАЗАҚ?

скачанные файлы (7)

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ,
ҚР Мәдениет қайраткері,
халықаралық журналист

Жылдың төрт мезгілінде көшіп-қонып, өз ата кәсібімен кең далада еркін өмір сүрген қазақ баласының мінез-құлқы ежелден жайдары, байыпты болса керек. Оған арқау болатын көптеген мысалдарды халық арасында кең тараған сөз тіркестерінен, ән-жырларынан  анық аңғаруға болады.  Айталық, «Тау қозғалмаса, қозғалмайды» деген сөзбен ер азаматтың маңғаз, байсалды мінезін бейнелеп айтса, қазақ әйелі мінезіндегі биязылық пен әдептілікті суреттеген өлең-жырларды, тіпті, санап тауыса алмайсың. Бірақ, мұндай жайдары-жайлы мінез-құлық ұлттың жаппай «қой аузынан шөп алмас» момақандығын, бәріне көніп бас шұлғи беретін ынжықтығын білдірмесі анық. Егер, өте көнбіс, бәріне құлдық ұра беретін жасық жұрт болсақ, осыншама ұланғайыр жерге ие болып отырмас едік. Әр тұстан анталаған жауға төтеп бергендігіміздің арқасында ғана бүгінгі жердің бүтіндігі сақталғаны анық. Бүгінгі күннің өзінде «жер сатылмасын, жалға берілмесін» деп өре тұрған қазақ ресми билікті састырып жіберген жоқ па. 

«Ұлттық», «мемлекеттік», «егемендік» және басқалар

Айтан

Айтан НҮСІПХАНҰЛЫ,  көсемсөзші

Үш жүз жылға созылған отарлық билеп-төстеу процесі ұғымдарды мейлінше шатастырды. Бодан халықтарға қасиетті болып келген түсініктерді отаршылдар түкке тұрғысыз, тіпті, реакциалық деп есептеді. Олар жерімізде ғана емес, санамыз бен рухымызда да тәртіп орнатты. Бұл жөнінде көп айтылды да, көп жазылды да. Респуб­ликамыз тәуелсіздік алғаннан бері шатасқан ұғымдарды қалпына келтіру, өзінің түпкі мағынасына қайтып оралту процесі жүріп жатыр. Бұл процесс аса қиын да күрделі жолдардан өтеді. Көп уақытқа созылады.

ГЕНДЕР ТЕҢЕСТІРЕ МЕ, ӘЛДЕ ЕГЕСТІРЕ МЕ? немесе ФЕМИНИЗМ – ГЕНДЕРОЛОГИЯ – НЕОГЕНДЕРОЛОГИЯ – ПОСТГЕНДЕРОЛОГИЯ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Аташ_Берик

Берік Аташ,
философия ғылымдарының 
докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасы

Адамзат эволюциясын тым және арғы түп тарих бойынша  ретроспективтік тұрғыдан қайта таразыласақ,  оның ішінде, әйел мен ердің теңдігі туралы ахуалдарды сараласақ, түптеп келгенде, бір ақиқатқа сеніміміз хақ: бір кездерде, бір уақыттарда әйел билігі немесе соған сәйкес ер билігі әйгіленгендігі. Бірақ, осы екі биліктің белгілі бір циклды қайталанатын заңдылығы болмаған шығар, алайда, шартты уақытта кезектесіп келетін сыңайлы.  Бұл әрбір аймақта, әрбір халықта әр түрлі өлшемдер мен шарттар бойынша құрылады. Дегенмен, адамзат тарихын аталған мәселе бойынша жалпылама түрде сараласақ, 18 ғасырға дейін патриархаттық қоғам басым болып келгендігі шындық, кейде, тіпті, орта ғасырлардағы батыс елдерінде, шындығында, әйел мәртебесі тым төмендетіліп, оларға деген кемсітушіліктер орын алған болатын. Осындай мыңдаған жылдық табу қысымшылығы З.Фрейдтің көзқарасы бойынша бір кездерде дүмпу туғызып, қатаң белгіленген шекараларды бұзуға ұмтылады. Ал, В. Райхтың теориясына сәйкес[1], 1970-1980 жылдардағы АҚШ-тағы жыныстық төңкеріс адамзат тарихындағы жыныстық табудың болмай қоймайтын дүмпу туғызуы еді. Ендеше, бұндай психоаналитикалық тұрғыны басшылыққа алсақ, феминизм қозғалысы осындай қысымшылықтардан пайда болған деп бағамдай аламыз.